Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Еркебұлан Әлімханұлы. Түрік діни ағымдары туралы не білеміз?

Дата: 24 января 2011 в 01:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Еркебұлан Әлімханұлы. Түрік діни ағымдары туралы не білеміз?

Қазақстанда араб діни ағымы уахабшылар туралы көп айтылып та жазылып та жүр. Бірақ олардың ислам әлеміндегі басты бәсекелесі түрік тарикаттары мен жамағаттары туралы мәліметтер өте аз. Сондықтан Түркиядан келген діни ағымдарға тоқтала кетуді жөн көрдік.

1923 жылы Мұстафа Кемал Ататүрік Түркия Республикасын жариялады. Ататүрік, Осман империясының дамымай қалу себебін шығысытық дәстүрмен және дінмен байланыстырды. Сондықтан жаңа құрылған мемлекеттің зайырлы болуын және дамыған Батыс мемлекеттерінен үлгі алып олармен тығыз байланыс құруын қалады. Дін мемлекеттен бөлініп, діндарлардың мемлекет істеріне араласуын шектеді. Ататүріктен кейін мемлекет басшылығына келген Исмет Инөнү, бұл реформаны одан ары қарай тереңдетті. Осы кезеңде дінге қатысты төменднгідей үлкен шешімдер қабылданды:

— Құранды оқытуға тиым салынды;

— Мемлекет астанасы Анкараға орамал таққан қыз-келіншектердің кіруі шектелді;

— Азан-түрікше айтылатын болды тб.

Жоғарыдағы үкімге бағынғысы келмеген дін қайраткерлері қудаланды. Мұндай саясаттан кейін бірнеше ғасыр бойы ең үлкен тарикаттар болып келген діни ағымдардың көбі жойылды немесе жойылуға шақ қалды.

Мемлекеттің бұл саясатына қарамай жасырын жүріп немесе астыртын халыққа дінді түсіндірумен, оқытумен айналысқан тұлғалар болды. Осы тұлғалардың соңынан ерушілер Түркияда жаңа жамағаттардың негізін қалады.

Бүгінгі күні Түркияда ең кең таралған жамағат Сайд Нұр Сейттің жолын ұстаушылар. Жамағаттың негізін қалаған Сайд Нұр Сейт (1878-1960) «Рисале-и Нұр» (Нұрдан хаттар) кітаптар жинағының авторы. Осы жинақты негізге ала отырып жұмыс жасайтын бұл жамағат былайғы қауымға «Нұршылар» атымен танымал. Бұл жамағатты ұстаушылар қазіргі таңда әлемнің көптеген елдеріне жайылып үлгерді. Дегенмен жамағат өз ішінде бірнеше тармақтарға айырылған. Бұл тармақтардың саны оншақты болып табылады. Бұл тармақтардың ішінде ең танымалы және кең ауқымда жұмыс жасап жатқаны Мұхаммед Фетхуллах Гүлен жетекшілігіндегі топ. Мұсылман әлемінің артта қалу себебі білім мен ғылымда кенжелеп қалуында деп түсінетін Гүлен тобы білім саласында жүргізген жұмыстарымен танымал. Өздерінің қызметі жүрген барлық елде білім ордаларын ашуда, жамағаттың жұмысын солар арқылы жүргізуде. Қазақстандағы қазақ-түрік лицейлері де осы жамағаттың білім ошақтары болып табылады. Әлемнің жүзден астам елдерінде мектептер ашқан бұл жамағат жылда Түркияда дәстүрлі «түрік тілі олимпиадаларын» өткізеді.

Пантүркизмді және панисламизмді уағыздайды деп Нұр жамағаты Ресей Федерациясында тиым салынған. Сондай-ақ Өзбекстан билігі де бұл жамағатқа қырын қарайды.

Қызметі мен таралу ауқымы жағынан Нұршылармен бәсекелесе алатын жамағат Сүлейман Хилми Тунахан (1888-1959) жолын ұстанушы «Сүлейманшылар» болып табылады. Жамағат ғасырлар тоғысында екіге айырылған болатын. Оның себебі ағайынды Ариф Ахмет пен Мехмет Теңізұлдарының жамағат лидерлігіне таласуында болса керек. Осылайша екі қолы қалыптасқаныменен бір тармағы әлсіз, жұмысын тек Түркия деңгейінде жүргізіп келеді. Ал екінші тармағы болса қызметін қарышты дамытуда. Медресе жүйесі негізінде жұмыс жасайтын бұл жамағаттың да қызметі әлемнің жүзге жуық елдеріне жайылған.

Жоғарыдағы екі жамағаттан басқа Түркияда Накши жолын ұстауды жалғастырушылар бар, сонымен бірге негізін Махмұт Ұстаосманұлы қалаған «Махмұтшылар», соңғы жылдары көпшілікке Харун Яхия деген атпен танылған Аднан Октардың соңынан ерушілермен тағы басқа жамағаттар бар. Бірақ бұл жамағаттар жоғарыдағы жамағаттар сияқты кең тарамаған.

Жоғарыдағы жамағаттардың барлығының дерлік бүгін Түркияда билікте отырған АК партиямен (Әділет және Даму партиясы) арақатынасы жақсы. Тіпті түрік солшылдарының арасында бұл партияны билікке алып келген Нұршылар жамағаты деген пікірлер де бар. Бірақ Сүлейманшылар жамағатының кең тараған тармағы мен партияның арасында қайшылық шыққан болатын, керісінше екінші тармағы партиямен тығыз байланысты және жетекшісі АК партияның парламенттегі фракциясының мүшесі.

Жоғарыда атап өткен тиымдардың көбі 1950-ші жылдары алып тасталғанымен олардың орнын кейбір жұмсағырақ тиымдар алмастырған. Сондықтан Түркия жамағаттары өздерін еркін сезіне алмайды. 1990 жылдары Тұрғыт Өзалдың либералдық реформаларынан кейін жамағаттарға қысым азайған болатын, бірақ артынан жасалған әскери төңкерістен кейін қысым қайта күшейді. Тек билікке исламшыл делінетін АК партия келгеннен кейін ғана жамағаттар өздерін қайтадан еркін сезіне бастады, бірақ заңда жасалынған тиымдар әлі алынбағандықтан (ол үшін ата заң өзгеруі керек) олар жұмыстарын әлі де ашық жүргізе алмай келеді.

Түрік жамағаттары Сауд Арабиялық уахабшылар сияқты бай емес. Олардың қаржылық мүмкіндігі шектеулі. Негізгі қаржыландырушылары қарапайым жұмысшыдан үлкен кәсіпкерлерге дейінгі аралықтағы адамдар болып табылады. Олардың барлығы табыстарының белгілі бөлігін зекет, қайырымдылық, құрбан ретінде өздері байланған жамағаттарға аударып отырады. Сонымен бірге жамағаттар жағдайы төмен жастарға жатын орын, стипендия тағы басқамен қаржылай көмек беріп оларға дінді үйретеді әрі оқуын бітіруге көмектеседі. Оқу бітіріп табыс таба бастаған жас одан кейін өмір бойы жамағатына көмектесіп отырады. Бұл жүйе түрік жамағаттарында жақсы жолға қойылған.

Қазақстанда жоғарыда аты аталған жамағаттардың көбінің тіпті олардың тармақтарының да орталықтары бар. Олар Қазақстанның барлық аймағында дерлік жайылған деуге болады. Түрік жамағаттарына байланған адамдардың саны уахабшылардан мен яссауишылардан кем болмауы мүмкін. Бірақ Түркиядағы тиымдардан сабақ алған олар тыныш жұмыс жүргізеді және өздерін қоғам өкілдерінен бөле-жарып ұстамайды. Егер интеллигенция өкілдерінің арасында таралуын салыстырсақ онда олардың саны тіпті уахабшылармен яссауишілерден де көп болуы мүмкін. Себебі түрік жамағаттарының білім саласында көбірек жұмыс істейтінін жоғарыда атап өттік. Қазірдің өзінде бақылап қараған адамға түрік жамағаттарына жұмыс жасайтын медиа мен баспаханаларды, ірі БАҚ құралдарының журналистерін ажырату қиын емес.

Ал енді бұл араб, түрік, парсы, пәкістандық жамағаттардың арасындағы басты айырмашылық не деген сұраққа келсек. Түрік жамағаттарының уахабшылардан басты діни айырмашылығы бұларда да әруақты құрметтеу бар. Бұл, ислам дінін орта ғасырда қабылдаған түркі халықтарының жаңа дінді өздерінің дәстүріне сәйкестендіруімен байланысты болса керек. Яғни халықтардың арасындағы салт-дәстүр ерекшелігі әр халықтың исламды  өздеріне тән етіп алуына себеп болған сияқты.  Бұлардың арасындағы негізгі діни айырмашылықтарды теологтарымыз ажыратып берер, біз саяси астарын ақтарып көрдік. Басты саяси айырмашылық, ол, болашақ халифтта кім гегемон болады деген талас сияқты. Ислам әлемінде уахабшылар Сауд әулетінің үстем болғанын қалайды, түрік жамағаттары Осман империясы тұсындағы гегемондықты, парсы ағымдары бұрынғы Парсы империясының өктемдігін, Пәкістаннан келгендер өздерінің идеологиясына негізделген халифат құрылуын көздейді.

«Абай-ақпарат»

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы

Читайте также