Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Сәкен Өзбекұлы. Рушылдық һәм қазақ зиялылары

Дата: 24 января 2011 в 01:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Сәкен Өзбекұлы. Рушылдық һәм қазақ зиялылары

Мұхан Исахан. Қазақтың нағыз зиялысы еді

Қазақ тарихында қарабасының қамынан халқының қамын жоғары қойған жанқияр азаматтар саусақпен санарлық. Сол ардаемген азаматтардың бірі сөз жоқ Сәкен Өзбекұлы болатын. Егер тірі болса белгілі ғалым, қоғам қайраткері з.ғ.д. профессор, Қазақстан Заң Ғылымдары Академиясының Президенті Сәкен Өзбекұлы қаңтардың 22-де 60 жасқа толар еді.

Сәкен Өзбекұлы 1951 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданының Самсы ауылында дүниеге келген. Ол 1969 жылы Үңгіртас ауылында орта мектепті аяқтағаннан кейін Кеңес Армиясының әскер қатарына шақырылды. Әскери борышын өтеп болғаннан кейін 1972-1974 жылдары Сәкен Өзбекұлы Қазақ ССР-нің ІІМ-гінің органдарында қызмет атқарды.

1974-1979 жылдар аралығында С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің заң факультетінде оқып білім алды. 1976 жылы ол оқудағы тамаша жетістіктері үшін ЦК ВЛКСМ-ның КСРО-ның Жоғары және Орта білім беру министрлігінің «Өте жақсы оқығаны үшін» атты белгісімен марапатталды.

Академик С.З.Зимановтың жетекшілігімен орындалған «ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның саяси ой-пікірдегі күрес» атты тақырыпта жазылған дипломдық жұмысы өте жоғары бағаланып, кейін бұл жетістігі диссертация жазуға түрткі болды. Осы кезден бастап оқытушысы әрі ұстазы, академик С.З.Зимановтың жетекшілігімен шығармашылыққа бет бұрып, ғылыми деңгейі тереңдей түсті. Оқуды аяқтағаннан кейін сот органдарында жұмыс істеуден бас тартып, оқытушылық қызметке кіреді. 1980 жылы арнайы шақыртумен ҚазССР Ғылым Академиясының «Философия және құқық институтына» жұмысқа алынды.

1982-1985 жылдары Сәкен Өзбекұлы осы аталған институтта аспирантурада оқып жүріп С.З.Зимановтың ғылыми жетекшілігімен ізденуші ретінде «ХІХ ғ. ІІ жартысы және ХХ ғ. Басындағы Қазақстандағы саяси және құқықтық ой-пікір тарихындағы Петербург институтының орны» атты тақырыпта заң ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алу үшін өзінің диссертациясын жазып, қорғап шықты.

Cәкен Өзбекұлы 1985-1988 жылдары «Философия және құқық институтында» кіші ғылыми қызметкер болып қызмет істеді. 1988-1994 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінде оқытушы болып қызмет істеп жүріп «Мемлекет және құқық теориясынан» қазақ тілінде алғаш дәріс оқыған оқытушы болып табылады.

Сәкен Өзбекұлы көптеген қиындықтарға қарамастан Қазақстанның жоғарғы білім тарихында тұңғыш рет «Мұсылман құқығы» пәнін енгізіп, осы пәннен университеттің заң факультетінде қазақ және орыс тілдерінде дәріс берді.

Сәкен Өзбекұлы 1994-1995 жылдар аралағында  Д.А.Қонаев атындағы Гуманитарлық Университетте проректор болып қызмет атқарды.

Ол 1995-1999 жылдары өзінің ғылыми қызметін ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтында аға ғылыми қызметкер бола жүріп, сонымен бірге жеке меншік заң колледжінің директоры қызметін қоса атқарды.

Сәкен Өзбекұлы 1999 жылдың тамыз айынан бастап осы уақытқа дейін Орталық Азия Университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор қызметін атқарды.

Академик С.З.Зимановтың ғылыми жетекшілігімен Сәкен Өзбекұлы 1999 жылы ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтындағы ғылыми кеңесте өзінің докторлық диссетациясын қорғап шықты. Оның докторлық диссертациясының арнайы оппоненттері з.ғ.д., профессор С.Н.Сәбікенов, т.ғ.д. профессор К.Нұрпейісов, з.ғ.д., профессор Н.Өсерұлы сияқты белгілі ғалымдар диссертацияны «жоғары деңгейде жазылған» деп бағалады.

Сәкен Өзбекұлы 20 жылдың ішінде Қазақстанның саяси және құқықтық ойындағы аты  ұмыт қалған көрнекті ағартушы, қайраткерлердің атын қайтадан жаңғыртып, жарыққа шығарды. Ол осы арқылы Қазақстанның саяси құқықтық ой-пікір ілімінде өзіндік жаңалықтар ашты. Оның кітаптары, монографиялары және публистикалық зерттеулері және басқа да оқу құралдары қазіргі уақытта Қазақстанның оқу орындарында кең көлемде қолданылуда.

Алматы қаласындағы 1986 жылы 17-18 желтоқсандағы орын алған жағдайларға байланысты 1989 жылы шілде айында бекітілген Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің комиссиясының жұмыс тобының мүшесі болды. Ол осы кезде заңсыз сотталған Қазақстан Республикасының азаматтарын ақтау жөніндегі жұмыстарға белсене атсалысты. Ал 1993 жылы Желтоқсан оқиғасын бағалау жөніндегі Конституциялық соттың анықтауы туралы сараптама коммиссиясының мүшесі болып, онда осы оқиғаға қатысушылардың құқықтарын қорғап, үлкен істер атқарды.

Сәкен Өзбекұлы 1991 жылы М.Шахановтың құрған «Алматы-Хельсинка-Париж» деп аталатын демократиялық комитетінің тең төрағасы болып сайланып, ол осы жерде де өзінің Адам құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыстарын жалғастырды.

Сәкен Өзбекұлы 1995 жылы «Абай және адам құқығы» деп аталатын монографиясы үшін Абай атындағы сыйлықпен марапатталды. Сонымен бірге, осы жылы оның көптеген ғылыми-публицтикалық еңбектері жоғары бағаланып, Сәкен Өзбекұлы ҚР журналистер одағының мүшесі болып сайланды.

Ол 1991 жылы қаңтар айында әлі өз тәуелсіздігін алмаған Қазақстанның балама Конституциясын жобасын жасады. Сәкен Өзбекұлы осы жобада тұңғыш рет «Қазақ Республикасы», «Ұлттық Мәжіліс» сияқты терминдерді кіргізді және Парламенттің құқықтық мәртебесін ерекше жоғары деңгейге көтерді. Осы жобадағы көптеген ойлар кейін ҚР Конституциясына енгізілді.

Сәкен Өзбекұлы ғылыми қызметпен белсене айналыса жүріп, көптеген дөңгелек үстелдердің, ғылыми семинарлардың және ғылыми конференциялардың қатысушысы болды. 1997 жылы Түркістанда өткен Халықаралық Симпозиумда баяндама жасады.

Сәкен Өзбекұлы құқықтану жөніндегі Қазақстанның Ұлттық Энциклопедиясының ғылыми кеңесшісі, 1995 жылы шыққан «Абай» энциклопедиясының авторы болып табылады.

2000 жылы Сәкен Өзбекұлы Орталық Азия Университетінің жанындағы кандидаттық диссертацияны қорғау жөніндегі арнайы Диссертациялық Кеңестің төрағасы болып бекітілді.

Ол 2004 жылы ҚР Заң Ғылымдарының Академиясын ашып, сол жерде бірауыздан оның Президенті болып сайланды. «Қазақстан Республикасына 10 жыл» атты мерейтойлық медальмен және ҚР Білім және Ғылым министрлігінің білім беру саласының құрметті қызметкері» атты атағымен және Құрмет грамотасымен марапатталған.

Ол өзінің 300-ге жуық мақалаларын және 19 монографиялары мен зерттеулерін жарықққа шығарды.

Сәкен Өзбекұлы өзінің көрегендігі һәм батыл ойларымен халықтың мәңгі жадында сақталады. Ол қайсар мінезімен көзі тірісінде өзінің талай замандастары мен артынан ерген шәкірттеріне үлгі, ғибрат бола білді. Бірде белгілі ғалым Мақаш Тәтімов: «Мен көрген қазақтың жеті жындысы (еркесі) бар, олар Б.Момышұлы, Н.Тілендиев, Ш.Қалдаяқов, М.Мақатаев, А.Тоқпанов, О.Сүлейменов және С.Өзбекұлы» деген еді. Мақаш Тәтімовтың С.Өзбекұлын қазақтың ұлыларымен қатар қоюы, оның халқының қалаулы азаматы болғандығын көрсетсе керек.

Бүгін бар ғұмырын халқының жоғын жоқтап, елінің тәуелсіздігін нығайтуға арнаған асыл азаматты қимастықпен еске алып отырмыз. Қазақ қашанда Сәкендей арда ұлдарға зәру. Ол Алаш ардақтыларының соңынан ерген шын мәніндегі халықтың жанашыр азаматы еді. Осы себептен де Сәкен Өзбекұлының халқының жадында мәңгілік сақталатынына бек сенімдіміз.

«Абай-ақпарат»

 

Сәкен Өзбекұлы. Рушылдық һәм Қазақ зиялылары

Адамзат тарихында әрбір ұлттың ру, тайпа негізінде қалыптасу үрдісі табиғи заңдылық. Бұл үрдістен ешбір этнос қашып құтыла алмаған. Яғни, рушылдық — алғашқы қауымдық құрылыстың нышаны, адамзат өркениеттілігінің белгілі бір сатысының әлеуметтік қажеттілігі.

Бірақ, ең сорақысы — ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақ халқының санасында сіресіп тұрған рушылдық пен жүзге бөліну еліміздің болашағына, оның өркениеттілікке көтерілуіне тосқауыл және нұқсан келтіретін рухани дерт болып тұр. Бұл құбылыстың Қазақ қоғамына аса қауіптілігі ескеріліп, Конституциямызда рулық араздықтарды қоздыруға бағытталған әрекеттерге тыйым салынған.

Қазақтың басын біріктірген Әз Тәуке: «Қазақтың ұраны — бірлік»! деп көз жұмды. Төле би: «Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін» қағидасын өмірінің бар мақсатына айналдырды. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді». «Бөлінгенді бөрі жейді» сияқты ұлағатты мазмұндағы мақал-мәтелдер дәл бүгінгі Қазақ өміріне қаратып айтылғандай. Сонда рушылдықтың, жүзге бөлінудің әлеуметтік негізі неде, себебін қайдан іздейміз?!

Бірінші себебі, бүкіл отаршылдар пайдаланған «Бөліп ал да, билей бер» қағидасының тікелей жемісі, сол саясаттың әлі күнге дейін ұлт санасына дерт болып жабысуы, деколонизация кезеңінде басқа сипат алып, капитализмге бейімделуі.

Қазақ даласын Ресейге бағындыруда, құлдыққа айналдыруда үлкен рөл атқарған орыс бюрократтарының ірі өкілі М.Сперанский ақ патшаның қабылдауында болғанда қазақтар туралы былай деген: «Бұл — көшпелі өмір сүретін өте жауынгер халық. Арақ ішпейді, темекі тартпайды, табиғи қиыншылықтарға төзімді. Далада соғысудың өнерін жақсы меңгерген». Сонда орыс патшасы Александр 1: «Оларды бағындырудың жолын ойластырдың ба?» — дейді. М.Сперанский былай деп жауап беріпті: «...қазақ даласында сексеуіл деген ағаш өседі. Өте қатты, балтамен шауып сындыра алмайсың. Оны тек бір-біріне ұрып сындырады. Қазақтар руға қатты бөлінеді. Оларды бір-біріне айдап салып әлсірету қажет».

Патша заманында осы саясат жүргізілді, партияға бөлу саясаты ру мен руды жауластырды, ұлт патриотизмін емес, керісінше ру, жүз астамшылдығын күшейтті. Сондықтан, хакім Абай: «Таласып босқа, жау болып досқа, қор болып құрып барасың, Өкінер шағың жетті ғой», — деп ұлт болашағына қатты күйзеліспен алаңдаушылық білдірді.

ХХ ғасырдың басында ірі реформатор, аса көрнекті қоғам қайраткері, қазақтың тұңғыш Конституцияcының авторы Барлыбек Сыртанов рушылдық пен жүзге бөлінудің нағыз ақиқатын осыдан жүз жыл бұрын былай деп суреттеген еді: «Бір руды бір жаудай көреді. Бірін-бірі бөтен санап, әлі келсе жеп қояды тірідей. Бәрі бір халық, өз халхын өзі бөтен санаған жалғыз-ақ біздің қазақ жұртында болар. Бір рулы елдің ішінде бөтен рудан біреу болса, оған күн жоқ, теңдік жоқ. Осылай бірін-бірі жау санаған соң, қазақта береке қалмай барады. Бір атаның баласы бір атаның баласын талап, әлі келсе қылмағаны қалмайды. Себебі, неге десең, анау бөтен атаның жұрағаты, міне, біздің бұзылып баратынымыз».

Бұл сөздің көрегенділігі мен көкейтестілігіне баға жепейді. Даналықтың нағыз үлгісі. Ойға түйіп қарасақ, әрбір қазақ зиялысы өзіне: «жүз жыл өтсе де әлі ешнәрсе өзгерген жоқ» деп қорытынды жасауы ақиқат. Өкінішке қарай, қазақ халқының қазіргі кезеңдегі даму үрдісі тектік, рулық, жүздік араздыққа бөлінуі — ұлттық сананың дағдарысқа ұшырауының айқын куәсі. «Аузы қисық болса да бай баласы сөйлесін» деген мақалдың асқақтатылуы.

«ШТ», «ҚТ», «ДТ», «АН-2» және «ТУ»

Жақын арада Жамбыл ауданында тарихи отанына көшіп келген отандастарымызды «басқа рудан» деп, көмілген адам сүйегін көрден қайта қазып алып, басқа жерге жерлеуі рулық, жүздік қатынастың қандай дәрежеде екендігін анық байқатты. Ел ретінде бүкіл әлемге масқара болдық. Былтыр аса көрнекті қайраткеріміз Мұхамеджан Тынышбаевтың ескерткіші рулық, жүздік қақтығыстар мен дау-дамайдың салдарынан Алматы мен Талдықорған қаласында қойылмай, алыс жердегі аудан орталығына орын тепті. Рулық тетіктердің шиеленістері дегенін істетті. Рулық, жүздік, топтық тетіктердің әскерімізде де кең етек жайып отырғаны бәрімізді алаңдатып отыр. Отан қауыпсіздігі рушылдық пен жүзге бөлінуге тәуелді болса, онда саудамыздың біткенін айтпаса да болады, жеткен жеріміз осы болды.

Ұлт зиялыларының кейбір топтары трайболизмді, жершілдік пен жүзге бөлінуді өмірлерінің қажеттіліктеріне айналдырған сыңайлы. Баспасөз беттерінде жарық көрген материалдардан бұл көрініс оқтын-оқтын көрініп те қалып жүр. Жуықта ақын Өтежан Нұрғалиев ағамыздың сұхбатынан рушылдық пен жүзге бөлінудің қасында мүйіздері қарағайдай, ел ағаларының жүретінін оқығанымызда көзіміз тас төбемізге шықты. Қазақты «Көшпенділер» арқылы әлемге танытқан Ілияс Есенберлинді мемлекеттік сыйлықтан қағу үшін сыртынан арыз жазғандар туралы ол: «Иә оны жазған біз, кіші жүздің жігіттері Тахауи Ахтанов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Әбіш Кекілбаев және мен төртеуміз жазған болатынбыз» деп отыз жылдан кейін барып, шындықты жария етті. (Жас Қазақ).

Ата-бабалары Ақтөбе облысынан шыққан бір таныс ғылым докторы онға жуық ғалым кандидаттарына жетекшілік етіп, қорғатты. Қарасақ, бәрі Ақтөбе облысынан! Арнайы жүздік негізде іріктеу жүргізіп қабылдаған. Бұл не деген масқара?! Ел арасында жүріп «Батыс өңірінен неге косманавт жоқ?» деген сөзді жиі еститін болдық. «Шт», «Қт», «АН-2», «Дт» болып бөлінуге енді «Ту» деген теңеу қосылыпты. Кезінде «Бақыт» '(Батыс Ынтымақтастығы) деген ұйымға тіпті елге танымал қайраткерлер басшылық еткені де белгілі. Жақында қазақтың батыр қызы Мәншүк пен Әлияның жүрегін берген Гүлжан Ерғалиева «Свабода слова» газетінде И.Тасмағамбетовтың Алматыға әкім болғанда Атыраудан елу жерлесін алып келіп қызметке отырғызғанын дәлелді мағынада жазып, рушылдықтың нағыз ішкі қозғалысын көрсетті.

Тәуелсіздікке қолымыз жеткенде рушылдық пен жүзге бөлінудің ушығуы дарында тұлғаларымыздың саяси аренаға шығуына кедергі болатынын жасыра алмаймыз. Керісінше беделсіз, білім деңгейі төмен, шала сауатты пақыр дүбәралардың тек руына байланысты лауазымға ие болуын Құдайдың құтты күні көріп жүрміз. Мақсұт Нәрікбаев ағамыз көзін жұмып қойып кезінде: «Руым найман емес, жалайыр» деп, жар салды. Мақсат, мүдде не? Билікке жету.

Шын зиялы деген кім?

Қазақ зиялылары туралы сөз қозғағанымызда «олар кімдер?» деген сауал өзінен өзі ойға оралады. Жауап, анықтама, түсінік әртүрлі. Жақын арада белгілі ғалымымыз Дандай Ысқақұлы «Егемен Қазақстан» газетіне жазған мақаласында «зиялы ұлттың бар жақсы қасиеттерін бойына сіңірген, өмірін, қызметін ұлттық мүддеге қызмет етуге арнаған, халықтың қамын жеп, жоғын жоқтаған, парасатты ойларымен елге танымал тұлғалар. Бұларды жеке бас қамынан ұлттық мүдде басым тұрады; халқын ұлттық дамудың тура жолына бастайды, сол үшін күреседі» деді. Бәрі дұрыс. Осы ұғымға «саймын» дейтін қазақтар жыртылып айырылады.

Шын зиялыны біріншіден халық мойындайды, мысалы, Заманбек Нұрқаділов, Алтынбек Сәрсенбаев, Тоқтар Әубәкіров, Дінмұхамбет Қонаев т.б. азаматтар. Екіншіден нағыз зиялылар ел басына күн туғанда батыл пікір айта алады. Кеңес дәуірі кезінде үстімізден құс, астымыздан ит жүгіртіп қойған заманда, коммунистік тоталитарлық биліктен жасқанбай Бауыржан Момышұлы, Ермахан Бекмаханов, Нұртас Оңдасынов, Салық Зиманов, Жұбан Молдағалиев, Өзбекәлі Жәнібеков, Мұхтар Шаханов биіктен көріне білді, ұлт намысы үшін жандарын пида етуге дайын болды. Зиялы — деп Гүлжан Ерғалиеваны да айта аламыз. Сөзімен де, қаламымен де, батыл әрекеттерімен де ақиқаттың салтанат құруына қызмет етуде. Үшіншіден, зиялы азаматтардың имандылық қасиеттері өздерінен бұрын туады, санада берік орын тебеді. Имансыз адамнан бәрін күтуге болады. Бұл Абай идеясы «Иманның тазалығын шын ұқтырмай сыртын қанша жусаң да, іші оңбаған» дейді. Ол сөздерінде «халық» істерінде былық, пәтуәсіздерде иман, яғни, зиялылық қайдан болсын?!

Біз зиялы деп бұл дүниеде халқының жоғын жоқтаған тұлғаларды айтып жүрміз. Имандылық сана бойынша, шын зиялы халқының екі дүниеде де бақытты болуын мұрат етуі тиіс. Халқының бұл дүниеде бақытты болуына ықпал еткенмен, ақыретте халқын тамұқтан қалқалауға зиялысымақтардан ешқандай қайран болмаса, оның бұл дүниедегі өткінші зиялығынан не пайда?

Аталмыш үш қағида ғана зиялылықты қалыптастырады. Қазір билік тақтарында техникалық сауатты білімдері бар азаматтар жеткілікті. Бірақ, олардың рухтары, имандылықтары не намыстан, не қимыл әрекеттерден көрініс бермейді. Бұндай қызметкерлер жетіп артылады, ал шын қайраткерлер жоқтың қасы.

Ұлт болашағын Гер-ағаңнан үйренейік!

Ел көзіне түсіп жүрген қазақтардың кейбір әрекеттерін көріп, сөздерін естігенімізде төбе шашымыз тік тұрады, жан айқай сезіміміз ойды орайды. Ондай пікірлер Парламент тарапынан айтылғанда басқалардан не күтуге болады?! Бақыт Сыздықова деген бір депутат ханым былтыр үлкен шу шығарды: «Еркектер көп әйел алса, біз әйелдер көп күйеуге шығамыз» — деп дауыс көтеріп, дүйім жұртты масқара қылды. Парасат-пайымы от басы, ошақ қасынан артылмайтын мұндай «зиялыдан» қазаққа қажетті қандай заң күтуге болады?! Тасбай Симанбаев деген депутат: «Очень тежело переходить с депудтатский зарплаты на пенсию в 25 тысяч тенге! Это трагедия! На 25 тысяч не выжить! У каждого ведь есть своя ниша: медведь в берлоге живеть, волк в камышах... У каждого свой уровень жизни. И папасть некоторым депудатом на такую пенсию это ни в какие рамки не идет!! Міне біздің қазақ зиялысының сөзі!! Бүкіл Қазақстан мына сөзді естігенде соңғы үміттерінен айырылды. «Халық қалаулысы» халықтың қамын емес, өзінің қара басын ойлайтынын өз сөзімен дәлелдеді. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов Петропавл қаласының атын өзгертуге байланысты өзінің жасаған мәлімдемесінде: «Бүгінде, болашақта да қала атауын өзгерту туралы мәселе қаралмайды. Облыс орталығы өзінің тарихи атын сақтайды» — деген сөзін оқығанымызда тағыда бір ауыр соққы алғандай болдық. Ұлты қазақ бола тұра мұндай мәлімдеме жасауды отырған қызметін, тағын сақтап қалу — деп түсіндік. Серік Біләлов мырзаға Вольтердің: «У кого ум не соответствует возрасту, тот испытывает все нечастия своих лет» — деп айтқан сөзін ескерткіміз келеді. Сөз айтылған оқ, оны қайтарып ала алмайсың. Оның уақыты өте келе халық алдында, тарих алдында осы сөздері үшін қатаң жауап беретініне кәміл сенімдімін. Ұлт, қазақ жері өз қазағымызбен қаралайды.

«Зиялылар» қатарында жүрген Дүкенбай Досжан ағамыздың «Жан тәтті» деп аталатын кітап жазып, елімізді мұсылман әлеміне масқара қылды. Пайғамбарымыздың (с.а.у) адал жары Айша анамызды былапыт сөздерімен балағаттады. Мақаламызға Дүкенбайдың кітабының мәтінін берудің өзі ұят, оны оқығанда дәтің шыдамайды, Құдайдан қорқасың.

Есімі елге таныс «зиялылар» сапындағы Өмірбек Бәйгелді мырзаның мына сөздерін бағалап көрейік: «Қазған жерлерінен белгісіз біреудің моласы табылыпты. Өздерінің айтуына қарағанда ол бір қожаның мүрдесі көрінеді. Мүрденің жанынан хат табылыпты-мыс. Ол хатта «Мың жарым жылдан кейін қазақтарға басшы болып «нұр» есімді біреудің келетіні, содан кейін олардың жағдайы күрт  жақсарып кететіні» жазылыпты». Жағымпаздық па, надандық па? Түсініп көр (Жас Алаш).

Қазақ зиялылары жершілдік пн рушылдықты ұлт мүддесінен жоғары қояды, ту ретінде көтеріп жүр. Мұның соңы қайда апарып соғатынын болжау қиын емес. Тіпті кейде билікке зиялыларымыздың руға, жүзге бөлінуі пайдалы ма? деген ой мазалайды. Мақсат зиялылардың бастарын біріктірмеу арқылы отаршылдардың ұраны болған «бөліп ал да билей бер» саясаты арқылы билікті іс жүзінде асыру, оның мерзімін ұзарту.

Біз осы күнге дейін қызмет атқарып жүрген адамдар мен творчествалық саладағылардың бәрін зиялылар санатына жатқызып келе жатырмыз. Біздің ойымызша қызметкерлер бар да қайраткерлер бар. Қызметкерлер чиновниктер тобы, олардың бірен-сараны қайраткерлер санатына көтеріле алады. Бірақ, қайраткерлердің бәрі зиялы бола алмайды. Ғылым, мәдениет, әдебиет, саясат саласындағы қайраткерлер санатына дүбәра, пақыр, қолдан соғылған «қайраткерлер» жыртылып айырылады және олардың басым көпшілігінің санасын дүниеқоңыздық матап алған, бар мұраты — баю. Ұлт мүддесіне бастары ауырмайды. Бізде қазір 2400 ғылым докторы, 10 мыңнан астам ғылым кандидаты, 700 ден астам жазушымыз бар. Осылардың бәрін зиялылар деп айта аламыз ба? Әрине жоқ. Қоғам, мемлекет, ұлт болашағын ойлауды бізге Гер ағамыз (Герольд Белгер) үйретіп жүр. Нағыз пассионер, зиялылықтың нағыз үлгісі: шындықты зарлап айтып жүр. Алаштың ардақты зиялысы Жүсіпбек Аймауытов: «Шындықты айтқан адам халыққа жаққан емес. Әсіресе, біздің қазақ халқына. Себебі, біздің ел әлі жетілмеген». Шындықты Заманбек Нұрқаділов, Алдан Айымбетов, Алтынбек Сәрсенбаев айтты.

Дертті қалай емдейміз?

Қазақ зиялыларының көпшілігінің санасы рушылдық пен жершілдік дертімен уланған. Қазақия даму бұл үрдістен жақын арада құтыла алмас. Келе-келе бұл жағдайлар мемлекеттің тұтастығын, ішкі шиеленістердің күшейуіне әкеп соқтырмаса, әлсіреп, жойылмайды. Не істеуіміз керек? Бұл сауалға жауап беру қиын. Бірақ, бір нәрсе ақиқат. Субпассионерлердің, яғни, эгойстердің, жарты адамдардың, білімсіздердің ру, жүз, тайпа мүддесін ұлт мүддесінен, патриотизмнен жоғары қоятын алаяқтардың көбюінен, мемлекеттік басқару ісіне дара, ақылгөй тұлғалардың тартылмай, бақталастық нәтижесінде дарынсыз, ұсақ адамдардың келуінен қазақ өз жерінде басқаларға жем болуда. Машкевич, Нам, Ким, Ли, Шодиевтер бар байлыққа, жерге ие болды. Осы орайда дана бабаларымыз Күлтегін ескерткішінде мынандай мәңгі көкейтесті өсиет қалдырған: «Іні ағаларымыз дауласқандығынан, Бекті халық жауласқандығынан, Түркі халқы елдігін жойды. Табғаш халқына бек ұлдары құл болды. Пәк қыздары күң болды».

Рушылдық — ел бірлігін, ұлт қауыпсіздігін әлсірететін және ұлтымызды басқаларға табан ететін жегі құрт, жаһандасу кезеңінде қайта жанданған вирустің түрі. Оған Конституциямыздың 5-бабы: «Рулық араздықты қоздыруға бағытталған...бірлестіктер құруға тыйым салынады» деп атап көрсетеді. Яғни, рушылдықпен, жүзге бөлінумен күресу — Конституциялық талап. Сондықтан заң тетіктерін жетілдіріп, рушылдық пен жүзге бөлінуді өмірлерінің формасына айналдырған «зиялыларды» жауапқа тарту бүгінгі күн талабы. Асқынған ісік бүкіл денеге тарап бара жатыр. Бұл мәселе бойынша зиялылдарды пікіріталасқа шақырамын. Өйткені, ұлтымыздың келешегі үшін бәріміз жауаптымыз.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы