Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Азиаданың ақшасы-ай!...

Дата: 24 января 2011 в 01:50

Азиаданың ақшасы-ай!...

Азиада 2011 қысқы ойындарын өткізу үшін Қазақияның қазынасынан алғашында 768 200 000 АҚШ доллары бөлінді. Бірақ, бұл қаржыны сарапшылар азсынып «енді жиырма миллион болса» депті. Сонда біздің мырза Үкімет «бәрі дұрыс болсыншы өзі...» деп, жиырмаңыз не, 301 500 000 АҚШ долларын бірақ құшақтатқан. Сосын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры да қарап отыра алмай ұйымдастырушылардың қолына 20 408 163 АҚШ долларын ұстатып жіберген. Май тілесең міне құйрық! Айтпақшы, азиадаға арнап салынған екі қаладағы (Астана мен Алматы) жаңа құрылыс нысандары мен күрделі жөндеуден өткен құрылыс нысандарынан бөлек, Алматы қаласында екі трамплиннің құрылысына үкімет 34 миллион доллар, Ал, Шымбұлақ курортына қосымша нысандар салу үшін қырық миллион доллардан аса қаржыны тағы берген. Бұған үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік мекемелерден бөлінетін қаржыны қосыңыз. Қысқасы, азиаданың кеңірдегіне бір жарым миллиард АҚШ ақшасын салып «үһ» деппіз.

Енді оның қайда, қалай жұмсалып жатқанының бәрін жіліктеп жіпке тізейік деп отырған жоқпыз. Бірақ, азиада тарихында жоқ алау тұтатып, елден елге, қаладан қалаға от алып ұшқанымызға қарағанда, жаңағы ақшаны кең пішіп, мол кесіп отырғанымыз түсінікті. Оған азиаданың әнұранына мінгескені үшін-ақ 100 000 долларды біреулердің алдына шашып кеп жібергенімізді қосыңыз. Олимпиадалық кеңесінен 2 747 244 АҚШ долларына жарнамалық құқық сатып алып, он минуттық жарнамалық фильмді жасауға  1 156 462 АҚШ долларын жұмсап отырғанымыз тағы бар. Алтын-күміс медальдар да артығымен жасалып, жарқырап тұр. Айтпақшы, бұл медальдарды (ақша шетелге кетпесін деп...) өзіміз жасағанбыз. Медаль жайына келгенде  ұйымдастырушылар да ағынан жарылып, көксандықтан аз айтқан жоқ. Ал қалғаны ше? Қалғанын халық біле бермейді-ау...

Билетті Ресей жүйесімен орыстар жасап беріп жатыр. Оны сіз де, біз де білмес едік, орыстар билеттің уақытына байқамай Мәскеудің уақытын қойып жіберіпті. Сосын барып шу ете қалдық. Азиадаға арналған сайтты Кәрістер жасап беріп отыр екен. Оны да білмес едік, сайттың қазақшасындағы қателіктен аяқ алып жүргісіз болғандықтан хабарласып жұмыс орындарының есігінен сығалап едік, бір топ кәріс сығырайып есікке қарады.  Арғы түкпірден бір қазақ атып шығып: «Олар қазақ емес қой, ондай-ондай қателік болып тұрады, жөнделіп кетер... ал бара қойыңдар...» деді.

Көшеде сенделіп келе жатқанда Азиаданың эмблемасы көзімізге түсе кеткені. «Әй, тым болмағанда осыны қазақтар өздері-ақ жасаған шығар» деп анықтай қойсақ: «Азиаданың алқызыл түсті эмблемасын дайындауға Тигран Туниянцтің шеберханасы жұмылдырылды. Логотиптің қосымша авторы ретінде латвиялық Олафс Абзалонс бекітіліп отыр...» деп тұр. Енді не дейік!..

Қысқартып айтайықшы, ойынды ұйымдастырып «әлемге даңқы кеткен» қазақ баласы қыл аяғы Астанадағы азиада өтетін стодиондардың маңындағы қарын күреуге қауқары жетпей отыр. Өйткені, оған бөлінген қаржыны да түріктердің фирмалары тендерден ұтып алған. Енді ұтушы мен ұтқызушы «қар жауса екен» деп тілеп отыр. Есеп жапқанға жақсы ғой. Айналайын азиада-ау, біз сенің қай қажетіңе жарасақ екен?!..

«namys.kz» сайты

 

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы