Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Тәуелсіздіктің 20 жылдығында туған сәбилерге ерекше куәлік берілсін!

Дата: 24 января 2011 в 02:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Тәуелсіздіктің 20 жылдығында туған сәбилерге ерекше куәлік берілсін!

 

ҚР Үкіметінің назарына

Биыл Алаш баласының рухын көтеріп, еңсесін тіктейтін, әр қазақты мақтаныш пен шаттыққа бөлейтін жыл. Тәуелсіздікке 20 жыл. Ал Қазақ хандығының құрылғанына — 555 жыл. Бұл екі айтулы уақыттың қай қайсысы да бар қазақтың басын қосатын, бір қазақтың бірлігін нығайтатын мерейтой.

Ендеше, биылғы Тәуелсіздік мерекесін қатардағы көп мерекенің бірі ретінде тойласақ, науқаншылдыққа салсақ елдігімізге сын! Биылғы мерекеде елдің есінде қалатын ерекшеліктер мол болу тиіс. Тәуелсіздіктің жиырма жылдығындағы азаттыққа ерен құрмет  — халықтың рухын көтеріп, жас буынның бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыратын болуы шарт.

Осыған орай «Маса.кз» интернет-газеті Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламент дапутаттарына ұсыныс жасап, Үндеу тастауды жөн көріп отыр. Әрине, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай талай шаралар іске асырылатынына дауымыз жоқ. Дегенмен, мына мәселелер ескерілсе нұр үстіне нұр болар еді:

1.    Тәуелсіздіктің 20 жылдығына және Қазақ хандығының 555 жылдығына орай биыл дүниеге келген сәбилерге кәдімгі куәліктерден өзгеше жасалған, мерекелік нақышталған тууы туралы куәлік табыс етілсе;

2.    Куәлікпен бірге арнайы төсбелгілер табыс етілсе;

3.    Биыл дүниеге келген бүлдіршіндерге әр сәбиге берілетін бір реттік мемлекеттік жәрдемақыдан өзге 50 мың теңгеге дейінгі арнайы сый тағайындалса;

4.    Сәбиді дүниеге әкелген аналардың барлығы мерекелік мақтау қағазбен марапатталса.

Бұл шара еліміздің болашағы саналатын бүлдіршіндіріміздің бойында патриоттық сезімді бала күнінен қалыптастырып, ата-аналардың да ертеңге деген сенімін артырады деп білеміз.

Бұл ұсынысымыздың депутаттар мен Үкіметтен қолдау табарына сенеміз!

Тәуелсіздігіміз — тәу еткен тұғырымыз! Тәуелсіздігіміз — бет бұратын құбыламыз! Тәуелсіздігіміз — тәубамыз! Тәуелсіздігіміз — азат ұл мен қызымыз!

Ендеше, Тәуелсіздіктің 20 жылдығында дүниеге келген ұл-қыздарымыз азат елдің ұландары екенін өмір бойы мақтан тұтуы тиіс!

Бұл шара бүкіл Алаш баласының, Қазақстанды мекен еткен өзге ұлт өкілдерінің елімізге деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттырады деп санаймыз!

www.masa.kz интернет газеті

 

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы