Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Азиадаға ыстық шай алып кіруге тыйым салынды

Дата: 24 января 2011 в 13:20

Азиадаға ыстық шай алып кіруге тыйым салынды

7-Қысқы Азия ойындарының салтанатты ашылуына «Астана-Арена» стадионына көрермендерге өздерімен бірге алкогольді ішімдіктерді,ыстық шай құйылған термос сияқты артық заттарды алып кіруге тыйым салынады.

Бұл туралы ҚазАқпарат Агенттігінің тілшілеріне берген сұхбатында Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының міндетін атқарушы Рысгүл Қауғабаева мәлім етті.

Р.Қауғабаеваның айтуынша, күзет қызметі стадионға кіреберіс есіктерде тексеріс жүргізетін болады. Сондықтан, артық заттар тәркіленеді. Ал көрермендер шараның басталуына дейін екі-үш сағат бұрын шақырылып отырғандықтан оларға стадионның ішінде ыстық шай мен фаст-фуд ұсынылмақ. Ол үшін әкімдік жекеменшік төрт ірі кәсіпкерліктің көмегіне жүгініп отыр.

Р.Қауғабаеваның сөзіне қарағанда, бірінші қажеттіліктегі — шәй, сэндвич және тоқаштар келісілген және бірдей бағамен сатылатын болады. «Бұл бағытта қазір жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ал шоколад, шырын және тағы басқалардың бағасы кәсіпкерлердің өз еншісінде. Бірақ сыралар мен ішімдіктер сатылмайды», — деп анықтады ол.

Тұрақты сауда орындарынан бөлек, өз өнімдерін стадионның ішінде аралап жүріп ұсынатын жылжымалы сатушылар болады. «Кинопарк» желісі қызметтің бұл түріне 120-ға жуық адамды жұмылдырмақ. Кәсіпкерлер ұсынатын тауарлар Санитарлық эпидемологиялық департаментімен толығымен келісіледі.

Стадионда құйылатын шәй Азиаданың символикалары бар стақандарға, ал тіске басарлар осындай қағаз қораптарға салынып беріледі.

Басқарма өкілі нақтылағандай, Азия ойындарының ашылу рәсіміне арнайы шақырылып отырған шет ел президенттері мен өзге де VIP қонақтарға қызмет көрсету мәселесімен ҚР Президенті Іс басқармасы мен «Риксос» қонақүйі айналысуда.

 Фаст-фудтан бөлек стадионда кәдесыйлар да сатылмақ. «Бұл жұмыспен Ойындарды ұйымдастыру комитетінің Атқарушы дирекциясы айналысты. Тендерді ұтып алған «Әдемі-ай» компаниясы Азиадаға қатысты әртүрлі кәдесыйларды әзірледі. Базарлықтардың кең түрін ұсыну үшін қаладағы өзге де кәсіпкерлерді сауда жасауға тартып отырмыз», — деді ол.

Сондай-ақ Р.Қауғабаева, Қысқы Азия ойындарын тамашалау үшін елордаға ат басын тірейтін қонақтар орналастырылатын 50 қонақүй мен оларға қызмет көрсету үшін алдын ала іріктеп алынған мейрамханаларда ас мәзірі үш тілге, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аударылып, мәзір тізімі қазақтың ұлттық тағамдарымен кеңейтілгенін атап өтті.

Еске салайық, Азиада қонақтары үшін елордадағы 150 қонақүйдің 50-і әзірленіп жатыр. Оның 8-іне — спортшылар, 9-на — бұқаралық ақпарат құралдары, 37-не жанкүйерлер мен туристер жайғасады.  VIP меймандар үшін «төрт» және «бес» жұлдызды мейманханалардан тағы 156 орын дайындалуда.

По сообщению сайта Nur.kz