Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Мемлекет жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қолдайды

Дата: 24 января 2011 в 14:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Мемлекет жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қолдайды

Тұрғын үй елдегі ең күрделі мәселелердің бірі. «Мемлекеттік бағдарлама» өткен жылы аяқталды.

Енді елдегі жалға берілетін үйлер салынады. Бірақ бұл бағытқа бөлінетін қаржы мардымсыз.

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет отырысында Құрылыс және тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, 10 миллиард теңге деген мүлдем аз ақша.

Ол небәрі 1 ғана үйдің құны десек артық айтқандық емес. «Бұл мәселені біз жылда көтеріп жүрміз. Биыл да көтергіміз келеді.

Екіншіден, біз жуық арада «Тұрғын үй жинақ банкімен» жаңа жоба бастағалы отырмыз. Осы банк арқылы 20 миллиард 800 мың теңге бөлу қарастырылып отыр.

Соны біз ілкі жоба еткелі отырмыз. Сол арқылы тұрғын үй мәселесін шешуге күш салып көрмекпіз. Бұл жобада жас отбасы, бюджет қызметкері деген сияқты талаптар қойылмайды.

Ол кез келген дәрежедегі азаматқа қолжетімді. Бұл ретте қойылатын бас талап үй алғысы келетін адам «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» клиенті болуы керек»,-деді С.Нокин.

По сообщению сайта Nur.kz