Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстан еттің экспортын улғайту керек

Дата: 24 января 2011 в 14:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақстан еттің экспортын улғайту керек

Отандық және шетелдік селекцияның төлдейтін ірі қара мал басын сатып алуға арналған шағын және орташа фермер шаруашылықтарын  несиелеуді  қарастырған  «ҚазАгро» компаниясының  бағдарламасы  сәтті  жүзеге асқан  жағдайда, 2015 жылдың соңына қарай     қазақстандық  еттің  экспорты  жылына  60 мың тоннаға   дейін   жетуі керек.  

Алматы  облысының Балқаш  ауданында бірінші  вице-премьер Өмірзақ  Шөкеевтің  қатысуымен   өткен кеңесте  ұлттық  холдингтің  басшысы   Асылжан  Мамытбеков    осылай  деді.

«Бұл жоба  бізге аталмыш  саланы   орнынан қозғауға  және  өндіріс  көлемін  арттыру тетігін  іске қосуға мүмкіндік береді», — дейді  ол.

Шағын және орташа фермер шаруашылықтарын дамыту ауылдағы өткір мәселелердің қатарын шешуге ықпал етпек, атап айтқанда, елдегі ветеринариялық мәселелерді шешу мүмкін болмайтын нашар тұқымды, аз өнімді малды азайту,  ауылшаруашылық малын есепке алудың және сәйкестендірудің бірыңғай жүйесін құру, сондай-ақ селекциялық-тұқымдық жұмысты жүргізу, ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуын ұлғайту және т.б.  сияқты мәселелерді  шешуге көмектеседі.

Бағдарламаның мақсаты шағын және орташа фермер шаруашылығын жергілікті малдың сапалық көрсеткіштерін арттыруға және жақсарту процесіне тарту, сонымен қатар өндірістік тізбек құру болып табылады: өсіру — жетілдіру — бордақылау — дайын өнімді сату.

Бұл жоба  бізге аталмыш  саланы   орнынан қозғауға  және  өндіріс  көлемін  арттыруға мүмкіндік береді

Бағдарламаны мынадай принцип бойынша қаржыландыру жоспарланады: Ауыл шаруашылығын  қаржылық қолдау  қоры  50 басқа дейінгі төлдейтін ірі қара мал басын сатып алуды несиелейді, ал «Аграрлық несиелеу корпорациясы» —    50 бастан артық төлдейтін ірі қара мал   басын сатып алуды несиелейді.

Несиелеу кезіндегі пайыздық ставка жылдық  6 пайызды құрайды. 

Қаржыландыру  мерзімі  -7   жылға  дейін,  негізгі  борышты    қайтару  бойынша да,   ставка  бойынша  да  жеңілдікті кезеңдер қарастырылған.

Бұл жобаны «ҚазАгро» Мемлекет басшысының  агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін іске асыру бойынша тапсырмасын орындау мақсатындағы қолданыстағы инвестициялық бағдарлама шеңберінде іске асырып отыр.

По сообщению сайта Nur.kz