Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Марат Бисенғалиев: Жас таланттарға әлемдік сахнаға шығатын жол ашу керек

Дата: 24 января 2011 в 16:01 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Марат Бисенғалиев: Жас таланттарға әлемдік сахнаға шығатын жол ашу керек

2011 жыл отандасымыз, үлкен талант иесі, скрипкашы Марат Бисенғалиев үшін Бейжіңнің «Forbidden City Concert Hall» залында Бейжің симфониялық оркестрімен бірлесіп концерт қоюдан басталды.

 Бұл музыканттың Қытай астанасына жасаған алғашқы сапары және қытайлық көрермендер алдындағы алғашқы концерті. «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында Марат Бисенғалиев осы концерт және өзінің шығармашылық жоспары туралы, сондай-ақ

Қазақстандағы, Қытайдағы және Үндістандағы классикалық музыканың дамуы жайлы айтып берді.  

Скрипкашының өзі айтып өткендей, ол Қытай астанасы Бейжің қаласына алғаш рет ат басын бұрып отыр. Музыкант: «1993 жылы мен Гонконг қаласында болдым, ал былтыр Шанхай қаласына барып қайттым. Енді Қытай елі мен оның астанасы Бейжің қаласына жиі келіп тұратын боламын, себебі Азия-Тынық мұхиты өңірі Симфониялық оркестрі Альянсының (AAPRO) президенті Го Шань ханым (Альянстың штаб-пәтері Бейжің қаласында орналасқан) мені Альянс Директорлар кеңесінің мүшесі етіп таңдады. Осыған байланысты, Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде, жеке орындаушысы әрі дирижері ретінде Қытаймен байланыстырып отырған көптеген жоспарларым бар», — деген жаңалығын жеткізді. 

Маэстроның пікірінше, Қытай мен Үндістан — классикалық музыка дамуының болашағы. «Бұл жерлерде Сіз классикалық әуеннің аңсарын көре аласыз. Атап айтқанда, музыкант жыл он екі айдың төрт айын Мумбай қаласында өткізеді, ол жерде Үндістанның Ұлттық орындаушылық өнер орталығының  шақыруы және қолдауы бойынша Үндістанның бірінші кәсіби Симфониялық оркестрінің құрылуына ат салысқан. 2006 жылы осындай оркестрдің  құрылуы үндістандық музыканттар үшін жаңа болашаққа қадам басу болып табылады. Үндістан мен Қытай өз ерекшеліктерін сақтай отыра, батыстық классикалық музыканың орталығына айналу үшін үлкен мүмкіндіктерге ие», — деп атап өтті М.Бисенғалиев.

Мәселен, үлкен қаржылық мүмкіндіктері бар Қытайда әзірге сападан гөрі сан жағы алда келеді.

Бүгінгі таңда Қытайда 200-ден астам симфониялық оркестр бар.

«Менің ойымша, Қытай батыстық классикалық музыканы іздеп отырған нарық болып табылады, қазір Қытайда сан жағы жұмыс істеп тұр, алайда диалектика заңы бойынша сан сапаға ауысады. Олар біртіндеп осы үрдіске көшеді, сол кезде жаңа туынды пайда болады», — деген ойын жеткізді М.Бисенғалиев.

Қазақстанда мен ондай оркестр құрған едім, алайда белгілі жағдайларға байланысты ол ыдырап кетті

Еліміздегі классикалық музыканың дамуына тоқталған Марат Бисенғалиев Қазақстанда өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері бар екенін айтты. «Бізге уақыт керек және әлемдік деңгейдегі нағыз симфониялық оркестрді құру үшін жетістіктерге апаратын қадам қажет, ол Үндістанда бар. Олар бірінші орынға сапаны шығарады. Ұлттық оркестр алдыңғы қатарлы әлемдік оркестрлермен терезе теңестіре алатын болуы керек. Қазақстанда мен ондай оркестр құрған едім, алайда белгілі жағдайларға байланысты ол ыдырап кетті», — дейді скрипкашы.

Оның пікірінше, «орыс мектебінің» болғаны, дәстүр мен базасының қалыптасқаны Қазақстан үшін тиімді болып тұр. «Бірақ мәселе таланаттарға нағыз жол ашуға мүмкіндік бермейтіндігімізге келіп тіреледі. Иә, жақсы академиялық білім беру бар, алайда әрі қарай жас таланттардың жолы жабық, мемлекеттің қолдауы бар, бірақ коммерциялық қолдау да қажет, таланттарымызды әлемдік сахналарға шығаруымыз керек. Менің ойымша, дарын иелерімізді коммерциялық жол арқылы таныта білуіміз қажет. Комерциялық жоба жасай алатын Азиядағы байланыс иелері олар — AAPRO президенті Го Шань  ханым мен WU PROMOTION Co., Ltd бас менеджері Цзятун У. Мен Азия-Тынық мұхиты елдері Симфониялық оркестрі Альянсы Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі қазіргі жағдайымды пайдалана отырып, Қазақстанға Симпозиум әкелгім келеді, концерт қойып, таланттарды көрсеткім келеді, бұл Қазақстандағы жақсы бастама болып табылар еді», — деген пікірін жеткізді М.Бисенғалиев.

Таланаттарға нағыз жол ашуға мүмкіндік бермейтіндігімізге келіп тіреледі

Классикалық музыканы эстрадада орындаудың қазіргі дәстүріне тоқталған М.Бисенғалиев бұл аудиторияның белгілі бір бөлігіне ғана арналған басқа жанр, поп-музыка жанры екенін атап өтті.

Ал өзінің алдағы жоспарларымен ой бөліскен скрипкашы ақпан айының басында Чарльз ханзада мен Камиллаға арнап  Букингем сарайында Лондонның симфониялық оркестрімен бірге концерт қоятынын мәлім етті. «Бұл ағылшындар үшін жоғары дәрежедегі концерт, егер де мен ағылшын болғанда, өз мақсатыма қол жеткіздім деп айтуға болар еді. Болашақ Корольдің алдында өнер көрсету дегеніміз — мен сарайдың музыканты дегенмен тең», — деді М.Бисенғалиев.

«Лондон мен Мумбай арасында тағы бір концертім бар, 4 ақпан күні Қазақстанда өтетін 7-Қысқы Азия ойындарының аясында Алматыда өнер көрсетемін. Мен көшпенді адаммын, яғни ылғи да сапарларда жүремін, көрермен алдында өнер көрсету үшін сапар жасау — менің шынайы болмысым, мен соған ұмтыламын. Бір орында тұрып қала алмаймын. Мысалы осы жылы отбасыммен бірге Францияға көшемін, бірақ шығармашылық шеберлігім Лондонда жалғасады», — деп хабарлады ол.

Әңгіме соңында: «Қысқы Азиада үлкен серпіліс беріп, қысқы спорт түрлері бойынша Қазақстанның шексіз мүмкіндіктеріне жол ашуы керек. Қазақстан өзін спорттық держава ретінде көрсете алады дегенге үміттенемін», — деген М.Бисенғалиев алдағы Азиада ойындарының қарсаңында отандастарына сәттілік тіледі.

По сообщению сайта Nur.kz