Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

2010-шы жылы Солтүстік Қазақстанда 27 баланы шетелдіктер асырап алды

Дата: 24 января 2011 в 19:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Петропавл. 24 қаңтар. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында (СҚО) 2010-шы жылы 27 баланы шетелдіктер асырап алды, деп облыстық сот төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов мәлім етті.

«Облыстық сот қарайтын халықаралық бала асырап алу ісі азайып келеді. Егер 2006-шы жылы осындай 42 іс қаралған болса, 2009-шы жылы – 25 іс, 2010-шы жылы 21 іс (27 бала – ҚазТАГ) қаралды», — деді ол дүйсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.

Н. Әбдіқановтың мәліметтерінше, бала асырап алушылар 19 отбасылық жұп және екі жалғыз басты әйел болған.

«7 отбасылық жұп АҚШ-тан, 9 – Испаниядан, 2 – Франциядан, 1 – Белгиядан және екі балғыз басты әйелдер Испания мен АҚШ-тан. Бұл ретте бала асырап алушы 28-інің жасы 40-50 жас, сегізінікі – 30-40 жас», — деді облыстық сот басшысы.

Н. Әбдіқановтың айтуынша, барлық бала асырап алушылардың білімдері жоғары, жақсы жұмыстары бар, тұрақты кірісі, жақсы баспаналары бар.

«Барлығы 9 ер бала мен 18 қызбала асырап алынды, — деді Н. Әбдіқанов. – Оның ішінде үш іс бойынша 2 апалы-сіңілі, ал бір іс бойынша – екі ағайынды бауырлар асырап алынды. Тағы бір іс бойынша үш бала – 2 аға-інілер мен олардың қарындастары асырап алынды», — деді ол.

Бұл ретте бір жасқа дейінгі 9 бала, 1-3 жас аралығында  — бесеу, 4 – 10 жас аралығында 11 бала, 10 жастан үлкендерден – үшеу асырап алынды.

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы