Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстан Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен мұнай транзитіне лайықты тарифтер туралы келісімге келген жағдайда ғана қайта бастайды

Дата: 24 января 2011 в 19:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астана. 24 қаңтар. ҚазТАГ – Айгүл Түлекбаева. Қазақстан Баку-Тбилиси-Жейхан (БТЖ) мұнай құбырымен мұнай транзитіне лайықты тарифтер туралы келісімге келген жағдайда ғана қайта бастайды, деп «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшысы Қайргелді Қабылдин мәлім етті.

«Акционерлер еместерге тариф өте жоғары, бірақ біз өтініш беріп отырмыз. ТШО (Теңізшевройл) келіссөздер жүргізіп жатыр, тарифтерге қатысты қандай да коммерциялық келісімге келген жағдайда біз, сөзсіз,  осы маршрутты пайдалануға дайынбыз», — деді Қ. Қабылдин дүйсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.

Ол сондай-ақ, мұнай құбырының акционерлері транзит тарифін көтергені себепті «теңіз мұнайы Бакуден тасымалдау БТЖ емес, Батуми арқылы (Грузиядағы порт – ҚазТАГ) тиімді» екенін атап өтті.

Еске салсақ, қазақстандық мұнайды БТЖ-мен тасымалдау 2010-шы жылдың басында тоқтатылған. 2009-шы жылы БТЖ-мен «Теңіз» кенішінен 1,9 млн тонна мұнай тасымалданған. Ал 2008-ші жылы (қазан-желтоқсанда) БТЖ арқылы 285,1 мың тонна қазақстандық мұнай тасымалданған.

БТЖ мұнай құбырының жалпы ұзындығы – 1768 км, оның 443 шақырымы Әзербайжан арқылы, 249 км – Грузия арқылы, 1076 км – Түркия арқылы өтеді. Құбыр құрылысы 2003-ші жылы басталып, ол оны мұнаймен толтыру 2005-ші жылы 18-ші мамырда басталды. БТЖ акционерлері: BP (30,1%); AzBTC (25%); Chevron (8,90%); Statoil (8,71%); ТРАО (6,53%); Eni (5%); Total (5%); Itochu (3,40%); Inpex (2,50%); ConocoPhillips (2,50%) және Hess (2,36%).

© МИА «КазТАГ» 2010.

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы