Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Приозерскіде осы айдың аяғына дейін барлық үйлерге жылу беріледі

Дата: 25 января 2011 в 10:01 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Приозерскіде осы айдың аяғына дейін барлық үйлерге жылу беріледі

Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық агенттігінің есебі тыңдалды. Жиын барысында Агенттіктің өткен жылы атқарған жұмыстары мен биылғы міндеттері сөз болды.

Сала басшысы Серік Нокин депутаттар алдында жалға берілетін тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау 2015 жылға дейін сақталатынын жариялады.

Сондай-ақ биыл Астана мен Алматы маңындағы серіктес қалаларды дамытуға 6 жарым миллиард теңгеден астам қаржы бөлінетіні мәлім болды.

Үкімет сағатында Приозерскі мен Семей қалаларындағы қазіргі жағдай да назардан тыс қалмады.

Серік Нокиннің келтірген мәліметінше, осы айдың аяғына дейін бұл мәселе өз шешімін таппақ.

Серік Нокин, Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық агенттігінің төрағасы:
— Приозерскіде осы айдың аяғына дейін барлық үйлерге жылу беріледі. Ол оңай зат емес. Тоқтап қалған үйлерге қайтадан су беру. Қазіргі таңда онда комиссия да жұмыс істеп жатыр. 200 адам соның басында осы жұмыстарды жүргізіп жатыр.

По сообщению сайта Nur.kz