Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Банктер Ұлттық қордың Т147,5 млрд көлеміндегі қаржысын мерзімінен бұрын қайтарды – ЭДСМ

Дата: 25 января 2011 в 11:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астана. 25 қаңтар. ҚазТАГ — Айгүл Түлекбаева. Екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) Ұлттық қордың Т147,5 млрд көлеміндегі қаржысын мерзімінен бұрын қайтарды, деп мәлім етті экономикалық даму және сауда вице-министрі (ЭДСМ) Марат Құсайынов.

«Банктердің Ұлттық қордың 147,5 млрд теңгеқаржысын мерзімінен бұрын қайтарғанын айтқым келеді», — деді М.Құсайынов сейсенбі күні үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің (ҚҚА) 2009-2010 жылдардағы кезеңге дағдарысқа қарсы бағдарламасын орындау бойынша баяндама жасау барысында.

Ол бағдарламаның «қаржы секторын тұрақтандыру» деген бірінші бағыты бойынша қосымша капиталдандыру жүргізіліп, төрт банкке Т486 млрд қосымша қаржы берілгенін, бұл оларға тиісті резерв көлемін қалыптастырып, экономиканы несиелеуге мүмкіндік бергенін еске салды. Нақты айтқанда, БТА банкке — Т212 млрд, Қазкоммерцбанкке — Т120 млрд, Халық банкіне — Т120 млрд, Альянс банкке Т24 млрд берілді.

Сонымен қатар, Ұлттық банк ең төменгі резерв талаптарын төмендетті. Бұл банктердің Т490 млрдқаржысын босатуға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, М.Құсайынов бағдарлама аясында жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілдендірілген өтем сомасы Т700 мыңнан Т5 млн-ға дейін ұлғайтылғанын еске салды.

«Банктердің сыртқы қарыздары $11млрд-қа азайды, БТА банк, Альянс банкжәне Темірбанктің сыртқы міндеттемелерін қайта құрылымдау сәтті аяқталды...қолға алынған шаралардың нәтижесінде қаржы секторының тұрақтылығы мен экономиканың дамуын қайта жандандыру үшін қажет несиелеу көлемі сақталды», — деді ол.

 

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы