Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Назарбаев Мәскеудің «Домодедово» әуежайындағы теракт кезінде қаза болғандардың туған-туыстарына көңіл айтты

Дата: 25 января 2011 в 12:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астана. 25 қаңтар. ҚазТАГ — Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев адам қазасына алып келген терактіге байланысты Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведевке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚР президентінің баспасөз қызметі.

«Бейбіт азаматтардың қазасы мен жарақат алуына алып келген «Домодедово» әуежайындағы лаңкестік әрекет туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының атынан және жеке өзім Сізге, қаза болғандардың туған-туыстарына көңіл айтамын», — делінген жеделхатта. Оның мәтіні сейсенбі күні Ақ орданың ресми сайтында жарияланды.

Бұрын хабарланғандай, дүйсенбі күні Мәскеудің «Домодедово» әуежайында жанкеш-лаңкес жарылыс жасаған. Келу аймағындағы жарылыста 35 адам қаза болды, оның алтауы — шетелдіктер. Ресейлік БАҚ-тың соңғы мәліметтеріне сәйкес, жарақат алған 97 адам ауруханаға жеткізілген.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы