Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Интернет-конференция: Амангелді Айталы (жалғасы)

Дата: 25 января 2011 в 15:10

Интернет-конференция: Амангелді Айталы (жалғасы)

- Амангелді аға, ассалаумағалайкум!
Сіз ғылым саласында ұзақ жылдары қызмет еттіңіз. Бір кездері АҚШ-тың да белсенді ғалымдары бірігіп, президент пен парламентке өздерінің елді дамытудың ғылыми тұжырымдамасын өткізген және соның нәтижесінле елді екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ең алдыңғы дамыған елдердің қатарына алып шықты деген деректер бар. Қазіргі кезеңде біздің елге жетпей жатқаны сол сияқты. Неге қазақтың белсенді ғалымдары бірігіп осындай даму тұжырмдамасын дайындап іске асырмасқа, оған не бөгет болуы мүмкін? Бұл елдің дамуының тек экономикалық жағын емес, білмді дамыту, рухани жандану жағын қамтыса, ел басқарудың мызғымас принциптерін байсалды түрде іске асырса. Осы жөнінде не айтар едіңіз?

— Баспасөз бетіндегі жарияланған  материалдан артық мәліметтерім жоқ.

- Халықтың есінде қалғаны, бұрынғы парламентте ұлт жанашыры ретінде ұлттық мүдде тұрғысынан пікір айтатын депутаттар үшеу-ақ болатын: М.Шаханов, Т.Әубәкіров және Сіз. Қазіргі парламентте ұлт жанашырларынан енді ешкім де жоқ. Неге ұлттың жоғын жоқтайтын адам депутат бола алмайды? Келе жатқан парламент сайлауында депутаттар арасында ұлт жанашырлары көбірек болуы үшін қалың қазақ, яғни басым көпшілік сайлаушылар не істеуі керек, яғни қандай әрекет жасауы қажет деп ойлайсыз.

— Жауап бергенмін.

Айталы мырза қазақтың санынан, пайызының өскенінен қорықпау керек. Қорқатын нәрсеміз онсызда толып жатыр. Коррупция қазақтың санының көбейгенінен туындап отырған жоқ. біріншіден қазақтар өз құқығын қорғай алмайды. Заңға шорқақ. Ешкім оның ішінде өкімет, қазақ заңға жетік болсын деп отырған жоқ. Қайта білмегені жақсы деген ойда. Орыстар немесе прибалттықтыр неге пара бермейді. Себебі олардан пара алуға қорқады. Ал қазақтан қорықпайды. Сондықтан қазақтың санынан қорықпаңыз. Егер ол сан біздің тілімізді басым ететін болса бізде пара бермейтін боламыз. Екіншіден, дін жастардың басын уландырып бара жатқанынан қорқу керек. Себебі дінді дұрыс дәріптеп, насихаттап отырған жоқ. Ауылдың оқымаған балалары дінге табынған осы екен деп өз болмыстарын, таным білімдерін жоғалтып барады. Сабақ оқып, білім алудың орнына намаз оқып уақытын кетіреді. Ертең оны кім асырайды дін асырай ма, білім асырай ма? Қыздарымыз хиджап киген осы екен деп қара жамылып тұмшаланады.(Бастарыңа көрінсін — Қара жамылу) Өзін шектейді. Салт дәстүрді мойындамайды. Болашақ балаларымыз мен қазақтарымызды құртады. Теріс тәрбие беріп, ата-баба дәстүрінен алшақтатын болды. Дін Алланы құрметтеп, оған осы жарық дүниеге әкелгеніне разы болу, иманды болу. Дін Сені, сенің отбасыңды асырамайды. Иманды бол, заман талабынан қалма.
Тағы қорқатын нәрсеңізді тізе берер едім. Бірақ жетер. Осы туралы не айтасыз.
Пәлсапа ғылымының маманысыз ғой.

— Жауап бергенмін.

Армысыз, Амангелді мырза! Шеттегі қандас бауырларымызды қан жылатып қоймай Отанына оралтудың жолы шынымен қиын ба? Билік неге қазақтардың топтасуына кедергі жасайды? Әлде бізге бір тұтас ұлттық мемлекет құру қажет емес пе?

1. Oralman atauyna katysty oi pikiriniz? Oralman atauy unamaityn bolsa ali kunge dein nege ozgertilmei keledi? 2.Kashan Kazak Kazaksha soileidi? 3.Kashan latyn aripine koshemiz?

— Үш сұрақ қойылған,  екеуіне алдында жауап беруге тырысқам. Оралман аты туралы. Оралман — тарихи Отанынан мәжбүрлеп күштеп кезінде жер аударылған, енді елге оралған қазақтар.

Қазақстанда бірнеше ұрпақтары өмір сүріп, кейін басқа мемлекетке қоныс аударып, енді Қазақстанға қайта оралғысы келетін қазақ еместер, «бізде неге оралмандарға теңемейсіз?», — деп мәселе қойып келеді. Олар оралманға берілетін жеңілдіктерден дәметеді. Бізді «возвращенцы» деңіз дейді. Қазақстанға  оралушыларды айыру үшін және  қазақтарды әдейі қолдау үшін оралман деп атаған.  Оралман ұғымының саяси — ұлттық астары бар.

— Тәуелсіздік, Отарлық деген ұғымдарды қалай түсінеміз?

- Ғылымда ішкі отарлық деген ұғым бар. Ол бүгін қазақтың өз мемлекеттіндегі тіл отарлығы, ақпарат отарлығы, әлеуметтік отарлығы (қазақ ауылдарының тағдыры).

Сыртқы отарлық қаупі бар: кеден Одағы, басқалар.

Отарсыздану саясатының кажеттігі осыдан туады. Ол талапты қазақ ұлты қою керек.

-Ассалаумалейкум аға! Қазіргі қазақ қоғамына қарап тұрсақ алға жылжуы 1 қадам, 2 қадам артқа секілді. Олай дейтін себебім айта -айта жауыр болған парақорлық, тіліміз, дініміз, экономикамыз қай жағынан алып қарасақта оңды іс жоқ сияқты. Парақорлық деген күндегі өмірімізге сіңіп алды. Балаларымызды бесіктен белі шықпай жатып жағымпаздыққа баулимыз. Сектанттар еркін үй — үйлерді аралап халқымызды өз қатарына тартып, айрандай ұйыған отбасылардың шаңырағын ортасына түсіруде, оларға қой дейтін ешкім жоқ. Білім саламызда жылына пәленбай мың ғалым шықса да 1-нің ойлап тапқан жаңалығы жоқ. Намыссыз жастарымыз көбейді. Мемлекет ақша шығындап шетелде оқытады олар қайтып елге келгісі келмейді немесе біз келсек кемінде 150 мың айлық бересіңдер болмаса тағы басқа шарттар қояды. Олар өз елінің мүддесі үшін жұртпен қатар айлық алып туған еліне қызмет жасау керек емес пе? Мен болашақта оқитын жастарға ренжігенім өткенде жаңалықтарда жиналып алып бәрі қазақ бірақ біреуі қазақша сөйлемегендігін көріп есіл мемлекет ақшасын далаға шашып жатыр екенбіз деген ойға қалдым. Өз-өзімізді алдарқатып үйтіп жатырмыз, бүйтіп жатырмыз дегеніміз болмаса айтарлықтай ештеңеміз жоқ. Аға қалай ойлайсыз біз қандай халықпыз, қайда кетіп бара жатырмыз, бұл түрімізбен қандай мемлекет боламыз?

Бұрынғы жауаптарымда айтқанмын.

— Парламент молчал. Он не то, чтобы молчал. Просто не вызвал президента на заседание. Не потребовал объяснений. Не потребовал извиниться перед народом. Даже профессор-депутат Айталы промолчал. Хотя он лучше и глубже других понимал, что на самом деле значат эти слова президента.
Пусть ладно Агатаева и Нехорошев могли не знать. Но Айталы ведь знал, что в начале ХХ века Алихан Бокейханов, Алимхан Ермеков и другие великие сыны Алашорды специально ездили Москву и делимитировали современные границы страны! Закрепили за нами. Благодаря огромным знаниям. Интеллекту. С картами и историческими источниками на руках. Но кто об этом помнит?
Осы Алтекеңің мақаласына қандай жауап айтасыз?

— Алтекеңнің сыны орынды. Бірақ бір ақиқатты айтпаса болмайды.

Алаш қайраткерлерімен келіскен шекарамен бара-бара орталық есептеспеді. Әскери зоналар көбейді. Сондықтан Тәуелсіздік тұсында Рессеймен шекара оп — оңай шешілмеді, жеті жыл Қазақстан-Ресей аралас шекаралас комиссия жұмыс жасады. Нұрсұлтан Әбішұлы шекара туралы әуелі Ельцинмен, кейін Путинмен талай кездесті. Нәтижесінде Парламентке Қазақстан-Ресей шекарасы туралы бес жүз бестен астам беттен тұратын тарихи құжат келді, онда бес мың жүз жетпіс шақырым жердің бірінші шақырымынан соңғы шақырымға дейін теңіз (Каспий), өзен, су, тау, тас, құм, орман, дала екі жақты қалай бөлінгені баяндалған. Бұндай шекараны анықтаған келісім бұрын болған жоқ. Шекара мемлекетаралық, халықаралық тұрғыдан мойындалды. Қазақстан республикасы Парламент Мәжілісі мен Ресейдің мемлекеттік Думасы келісімді бір күнде ратификациялады. Н. Назарбаев пен В. Путин солай келіскен. Біз бірауыздан ратификация жасадық, Думаның 36 депутаты қарсы болды. Путин үндемей қалмады: Сол күні «Казахстан теперь получил независимость», — депті. Сондықтан, «Алаш» арыстары бастаған ізгілікті іс 2005 жыл аяқталды, енді шекарамыз баянды болсын.

— Ассалаумағалейкум аға! Сіздің интернет конференцияға келісім бергеніңіздің өзі таза адам екеніңізді аңғартады деген ойдамын.Өзіңіз білісіз Астанада пәтер алу қиямет-қайым. Пәтерден күдер үзген соң, қаланың маңындағы ауылдардың бірінен жер алып үй салайын деген оймен интернеттен жердің бағасын білсем, пысықтар 50 гектар, 100 гектарлап жер сатып жатыр екен. Бағалары 350 000 доллар, 500 000 доллар деп жазып қойыпты. Ғасырлар бойы жерін қорғап келген ата-бабаларымыз, осы атаңа нәлеттердің атына жазып кетпеген шығар. 1,5 миллиард Қытайда үйі жоқ деген адам жоқ. Ал бізде не үй бермейді, не жер бермейді. Қаладағы қазақ жас отбасыларының, менің ойымша, жартысынан көбінде баспана жоқ.Үйі жоқтың, күйі жоқ дейді. Осы мәселе неге шешілмейді? Әлде халық байып кетеді деп билік қорқады ма?

Қытай, Түркімен, Өзбек биліктеріне қарағанда біздің билік әлеуметтік проблемаларды көтеруге тыйым салмайды, керісінше тұрғын үй, ауыз су, жол қатынасы т.б. мәселелерін мемлекеттік БАҚ арқылы оқтын-оқтын көтеріп отырады. Оның есесіне ұлттық мұрат-мүддені мемлекеттік деңгейде көтеруге жол беріле қоймайды. Солай бола тұра, қоғамдық БАҚ-та ұлт қайраткерлерін, ұлтшыл зиялыларды әлдекімдердің сынап-мінеуіне, тіпті ғайбаттап табалауына еркіндік беріледі.
Бұл пікірді құптасаңыз, билік сізге «артық сөйлеп қойды» деген айып тағады, теріске шығармақ болсаңыз, ұлтшылдар сізді «Сатқын!» деп шу ете қалады.
Енді не істеу керек? Ұлттық проблемаларды шешудің жолы бар ма?

— Әлеуметтік мәселер  астарында ұлттың  мәселесі жатыр. «Ақ жолдың» «Жаңа ұлттық саясат Тұжырымдамасында» ұлт проблемалардың шешу жолдары айтылған.

Ұлт қайраткері, әлемге әйгілі ақиық ақын, ұлт мүддесінің жоқтаушысы Мұқтар Шақановқа ұйымдасқан түрде Хасен Қожахметов бастаған іріткішілдер листовка таратуда. 25 беттік кітап-газетті шығару, әр үйге тарату орасан ақша... Бұның артында кімдер тұрғанын, Қожахметтің кімдерге қолжаулық болғанын анықтап, заң алдында да, ар алдында да жазалау керек. Мақанбет.

— Ұлттық мұрат жолында кешірілмейтін кінә жоқ. Мұхтар Шаханов пен Қасен   Қожа Ахмет тіл табысып жатса қазақ ұтар еді, келіспесе ұтылатыны анық.

— Әбеке! Былтыр біткен мемлекеттік бағдарлама бойынша бүкіл мемлекеттік органдар мемлекеттік тілге толық көшу керек еді. Он жыл мерзім бітті. Енді қайтадан он жылға созғылап үшінші рет мемлекеттік бағдарламаны қабылдау ұят емес пе? Президент қол қойған жарлықты орындамаған, үкімет қабылдаған қаулыны іске асырмаған мемлекеттік лауазымды адамдар неге жазаланбайды? Осылай қазақ тіліне келгенде ешбір құжат күшіне енбей аяқ асты бола бергені құқықтық тұрғыдан алғанда мемлекетке қарсы жасалған әрекет емес пе? Жиырма жыл өткен соң ұялмай, қызармай үшінші рет мемлекеттік бағдарламаны қабылдаймыз дегені және де қайтадан онжылдық мерзімге бұл кезек күттірмейтін мәселені созғыштауы — Сіздің пікіріңізше дұрыс па? Қазірден анық — бұл үшінші бағдарлама да алдағы екі бағдарламаның күнін кешері... Олай болса, қазақ тілі өлді дегені ғой бұл!
Айтайын дегенім қарапайым нәрсе. Президент жарлығы да үкімет қаулысы да орындалу керек. Мейлі, үшінші, төртінші бағдарламалар қабылдана берсін. Бірақ алдағылардың мақсаттарын олар қайталамау керек. Яғни қазір кем дегенде бір-екі жылда бүкіл мемлекеттік органдан өз міндеттерін атқару керек, нақты айтсақ — екінші бағдарламаны тапжылтпай орындау, бітіру керек. Кейінгі бағдармалар — сапа көтеру мәселелеріне, шешендікті дамыту және терминологияны ілгерілету сияқты істерге арналу керек.
Аға, қалай ойлайсыз?

— 2011-2020  жылдарға арналған тілдерді қолдану бағдарламасы әлі қабылданған жоқ.

Мемлекеттік тілдің мәртебесі тек бағдарламаға  ғана байланысты емес, сұраныс пен намыс та қамшылайды. Қазақ тіл негізінде кеңес заманында бөлінген. Сол тіл алалығы жалғасып келеді, үш тілге де бөлінуі мүмкін. Тіл, ұлт саясатында, біріншіден, қазақтың намысын қамшыламай, екіншіден, билікке бейбіт жолмен қысым жасамай да болмайды.

— 21 ғасыр басындағы қалалық жас жігіттің бас идеясы басты мәселесі қандай деп ойлайсыз?  Одан қандай өзгеріс жаңалық  күтесіз? Оның санасында не басым... Оны не мазалайды? Жалпы 20-ншы ғасыр мен 21-нші ғасырлар басындағы азаматтар арасында қандай да бір паралельдер бар ма? Және қашан жаңа мықты биік әдеби туынды туады жане оның авторы кім болмак (аты-жөні емес, жалпы ол қандай адам, мамандығы кім, бақытты ма, бақытсыз ба, ауылдан ба, қаладан ба, жұмыссыз ба, бай ма, кедей ме, аш па, тоқ па) және сол туындының тақырыбы болжамды түрде қандай болмақ?
Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Қарақамыс ауылы тұрғыны Талапкер Уалиев

- Талапкер  Інім! Сұрақтарыңа алдында жауаптарымды толықтай болмаса да жауап бердім. Ал енді әдеби туындылар туралы нақты айту қиын.

— Ал Қазақстанда тағы бір адам таңғаларлық «фобия» бар. Біздің билік Қазақтардан қорқады. Қазақтардың көбеюінен қорқады, қазақ тілінің дамуынан қорқады, ұлттық сананың жаңғыруынан қорқады. Біздің билік «казахофобия» ауруымен ауырады. Өзінің жергілікті төл халқының дамуынан қорқатын мемлекет ешбір әлемде жоқ. Және ешбір тарихта болмаған.
— Қазахофобия деген ауру қазақтың өз ішінде, Қазақстанда бар:

1. оралмандарды  шеттету;

2. нигилистердің қазақ тілін  шеттетуі, қарапайым қазақты менсінбеді;

3.қазақты ұлт ретінде силап өспеген диаспора өкілдері;

4.оның жалғасы «исламофобия». Бұл Ресейдің санамызға сіңіріп жатырған идеологиясы.

Оның себептерін талдауға мүмкіндік аз, ол үлкен ғылыми мәселе.

Ал ірі мемлекеттерге «руссофобия» «китаяфобия» сияқты фобиялар көп.

Осымен сұрақтарға жауап аяқталды. Сұрақ қойғандардың ойынан шықтым деп айта алмаймын, ол мүмкінде емес. Мақтағандарға емес, сынағандарға рахмет айтамын, көптеген пікірлер мені ойландырар. Сонымен бірге менің де сұрақ қойғандарға айтатын назым бар.

Қазақтардың кей бірі баламды біреу қазақша сөйлетсе екен, мұсылмандыққа икемдесе екен, жемқорлықпен күрессе екен, ұрпақты тәрбиелеп берсе екен деп, салмақты өзінен басқаға аударғысы келеді.

«Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал!», — деген Абайдың өздеріңіз білетін сөзі ойға оралады осындайда.

Соңы

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы