Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

2010 жылы Астанада 200 астам әйелдерге қарсы қылмыстық іс қозғалды

Дата: 25 января 2011 в 16:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

2010 жылы Астанада 200 астам әйелдерге қарсы қылмыстық іс қозғалды

2010 жылы Астана қаласының соттары 213 әйелге қатысты 189 қылмыстық істі қарады. Бұл туралы қалалық прокуратурадан мәлім етті.

Соның ішінде 163 әйелдің қатысы бар 141 іс бойынша айыптау үкімдері шықты, ал 50 әйелге қатысты 48 іс ҚР Қылмыстық Кодексінің  (ҚК) 67 бабына сәйкес тоқтатылды.

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, жасалған қылмыстардың дені мүлікті ұрлау, алаяқтық және есірткінің заңсыз айналымына қатысты болған.

Онымен бірге, сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қатысты қозғалған 13 қылмыстық іс бойынша 15 әйел жазаға тартылды.

Аса ауыр санатқа жататын қылмыстар бойынша 8 азаматшаға қатысты — 8 іс, ауыр қылмыстар бойынша 85-іне қатысты — 73, орташа ауыр қылмыс бойынша 101 тұлғаға қатысты — 92 іс қозғалды.

Соттардың әйелдерге қолданған жазалау үкімдері мынадай: 68 тұлға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, соның ішінде 8-іне ҚР ҚК-нің 72-бабы қолданылды (үкімді шегеру).

78 әйел — бас бостандығынан шартты түрде айырылды, 15-іне айыппұлдар салынды.

Қоғамдық жұмыстарға тарту және бостандығына шектеу қою жазалары қолданылған жоқ.

Елордалық прокуратурадан нақтылағандай, қалалық соттар айыпқа тартылған әйелдерге көбінесе, бас бостандығынан айырмайтын жазалар қолданған.

Дегенмен, 68 тұлға немесе 42,5 пайызы темір тордың арғы жағына жіберілді.

Олар негізінен аса ауыр қылмыс жасағандар немесе қылмысқа екінші рет барғандар. 

 «Әйелдердің қылмысқа баруының себебі бұрынғыдай, аса ауыр тұрмыстық жағдай, материалдық ауыртпалықтар, төмен еңбекақы, жұмыссыздық немесе ақшаға оңай жолмен кенелу әрекеттері болып отыр. Жалпы, аталмыш санаттағы істерді қарау тәжірибесі, аса ауыр қылмыс үшін сотталған әйелдердің саны артып отырғанын көрсетіп отыр», — атап өтті Прокуратурадан.

По сообщению сайта Nur.kz