Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Нұрғазы Сасаев. Ел намысын қорғайтын қазақ қанша?

Дата: 26 января 2011 в 01:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Нұрғазы Сасаев. Ел намысын қорғайтын қазақ қанша?

 

VІІ қысқы Азия ойындарының басталуына да, ашылуына да санаулы күндер қалды. Дүбірлі дода жақындағанда ел намысын қорғайтын спортшылардың есімдері жариялана бастады.

Әрине, көптеген спорт түрлерінде ел на­мысын кімдердің қорғайтындары әу бас­тан белгілі еді. Десек те, қол қойылып, бе­­­кітілген тізім енді шықты. Бірақ бір күн­нен кейін екі өзгерістің жүзеге асқаны да мә­лім болды. Азия ойындары басталып кет­кенше осындай өзгерістер бола беретін де шығар. Әйтсе де біз қолдағы бар тізімге қа­­рап, ондағы қазақтарды санауға көш­тік.

Тізімде барлығы — 251 адам. Олардың — 168-і спортшы да, 83-і бапкерлер құ­ра­мы мен басшылар. Бапкерлер құрамы деп отырған себебіміз, олардың арасында бас бапкер мен оның көмекшілері ғана емес, ке­­ңесшілері, дәрігері, массаж­шы­ла­ры, ме­нед­­жерлері, шаңғы майлау­шылары, сон­дай-ақ биохимик, психолог, хореограф бар.

Қазағы көп спорт түрлері — бенди (допты хоккей) және фристайл (ак­ро­ба­тика). Пайызға шаққанда, осы екі спорт тү­­рінде қазақтар басым. Қал­ған­да­рында па­­йыздық көрсеткіш әлдеқайда тө­мен. Қа­за­ғы жоқ спорт түрлері де жоқ емес. Конь­ки­мен жүгіруді қойыппыз, мүл­де. Осыдан бі­раз уақыт бұрын «конькиді ой­лап тапқан қа­зақтар екен» деген дақпырт шығып еді. Ал біз өз жеріміздегі Азиадада жү­гіретін бір қазақ конькишісін көре ал­май, пұ­шай­ман болып отырмыз. Содан соң фрис­тайл­дың могул деп аталатын тү­рін­де де қазақ аты­мен жоқ. Қызық, фрис­тайл­дың ак­ро­ба­тикасын меңгереміз, ал мо­гул­ды мүлде ма­ңайламайтын сияқ­ты­мыз.

Ал «алтын ала алатын қазақ бар ма» де­­ген сұраққа «бар болғанда, қандай» деп, қуана жауап беруге болады. «Допты хок­­кейден бас бәйгені шаппай аламыз» деп, алақанымызды ысқылап отырмыз ғой. Ендеше осы спорт түріндегі өрен­де­рі­міз Азиада алтынына қарық қылулары тиіс. Сондай-ақ сенімді ақтап, шайбалы хок­­кейдегі қыз-жігіттеріміз бірінші орынға ие болса, осы екі құрама сапындағы қан­да­с­тарымыздың саф ал­тын­дарына бәй­ге­ден өзіміз бірінші кел­гендей қуанатын бо­ла­мыз. Шаңғымен тұғырдан секіру спор­тын­дағы Радик Жа­паровтан да үмітімізді үз­­бейміз. Кім біледі, мүмкін Ванкувер Олим­­пиадасында көк байра­ғы­мызды кө­те­­ріп шыққан Диас Кенешев пен мәнерлеп сыр­­ғанаушы Абзал Рақымғалиев те жүл­де­ге ілігіп қалар. Бәл­кім, фристайлшы Жі­бек Арапбаеваның ба­ғы жанар.

Ал енді арифметикаға жүгініп, есеп­те­йік. 168 спортшының 27-сі қазақ екен. Бұл па­йыздық көрсеткішке шаққанда 16,07 бо­лады. Сонда Ақ Азиадада ел на­мысын қор­­ғайтын спортшылардың 16 па­йы­зы ға­на — қазақтар.

Ал бапкерлер және басшылар құ­ра­мы­на келейік. 83-тің 12-сі қазақ. Бұл 14,46 па­йыз болады.

Ал бәрін қоссақ (168 спортшы + 83 бап­­керлер құрамы), 251 делегат болады. Бұ­­­лардың 37-сі қазақ. Бұл — тізімдегі 251 адам­­ның 14,74 пайызы ғана қазақ деген сөз.

Бапкерлер құрамы демекші, осы 13 спорт түріндегі бас бапкерлердің төртеуі қазақ (30,77 %). Бұған да шүкір.


«alaman.kz» сайты

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы