Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстанның батысы мен қиыр солтүстігінде қар жауып, қалған аумағында жауын-шашынсыз болады – Қазгидромет

Дата: 26 января 2011 в 10:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Алматы. 26 қаңтар. ҚазТАГ — Қазақстанның басым аумағына антициклон тармағы әсер етеді. Республиканың тек батысы мен қиыр солтүстігі атмосфералық тұтас ағым ықпалында болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Астанада ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен 9-14 м/с жел тұрады, ауа температурасы -18-20°С болады.

Алматыда да ала бұлтты, кейде қар жауады. 0-5 м/с самал соғып, ауа температурасы -5-7 °С шамасында болады.

Метеоболжам бойынша республиканың солтүстігінде жауын-шашын болмайды, тек қиыр солтүстікте қар жауып, бұрқасындатып, жел 15-20 м/с болады, ауа температурасы -8-13 градус. Қостанй облысында — жауын-шашынсыз, бұрқасындатып, 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы -10-15 градус, Ақмола облысында — жауын-шашынсыз, ауа температурасы -18-23 градус, Павлодар облысында — жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі,. Ауа температурасы -20-25 градус болады.

Қарағанды облысында жауын-шашын болмайды, күндіз жел 15-20 м/с болып, ауа температурасы -13-18 градус, Шығыс Қазақстан облысында — жауын-шашынсыз, температура — 20-25 градус.

Метеоболжамға сай еліміздің оңтүстігінде жауын-шашын күтілмейді. Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, күндіз Жалаңашкөл аумағында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы -5-10 градус, Жамбыл облысында — жауын-шашынсыз, жекелеген аудандарында түнде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы +1+6 градус, Қызылорда облысында — жауын-шашынсыз, күндіз жел күшейіп, 15-20 м/с болады, ауа температурасы -2-7 градус болады.

Республиканың батысының барлық аумағында қар жауады деп болжануда. Тек Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз, бұрқасындатып, 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы -10-15 градус. Маңғыстау облысында — жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрып, ауа температурасы +3+8 градус, Атырау облысында жауын-шашын, көктайғақтанып, 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы — 1+4 градус, Батыс Қазақстан облысында — қар жауып, ауа температурасы -5-10 градус болады деп күтілуде.

Жақын күндері Қазақстан өзендерінде (Орал, Есіл, Нұра, Іле, Ертіс және т.б.) қысқы режим сақталады, мұз қалыңдауы одан ары жалғасады. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде мұз тоспалар пайда болуынан су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Сырдарияда Шардара су қоймасынан ағызылатын су көлемінің реттелуінен және Көксарайға су жиналуынан су деңгейі құбылып тұрады деп күтілуде.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы