Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстан мен Қырғызстан арасында жер учаскелері туралы келісім мақұлданды

Дата: 26 января 2011 в 14:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақстан мен Қырғызстан арасында жер учаскелері туралы келісім мақұлданды

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің және Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қажеттері үшін Астана қаласы мен Бішкек қаласында ғимараттар мен жер учаскелерін өтемсіз пайдалануға беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Аталған келісімге 2005 жылғы 10 тамызда Бішкек қаласында қол қойылған болатын. Құжатқа сәйкес, Қырғыз тарабы Бішкек қаласының «Ала-Арча» тұрғын үй қалашығындағы жалпы ауданы 531,66 шаршы метр 17-коттедж бен жалпы алаңы 0,17 гектар жер учаскесін Қазақстан Республикасына 49 жыл мерзімге өтеусіз пайдалануға береді.

Ал Қазақстан тарабы Астана қаласының Дипломатиялық қалашығындағы жалпы ауданы 555,9 шаршы метр В-5 коттеджі мен алаңы 0,247 гектар жер учаскесін Қырғыз Республикасына 49 жыл мерзімге өтеусіз пайдалануға береді.

Бұдан бөлек, жылжымайтын мүліктің күрделі және ағымдағы жөндеуін орындауға байланысты барлық шығындарды жалға алушы тарап өз есебінен жүзеге асырады.

Сондай-ақ, тараптар ғимарат пен оған іргелес жатқан аумақтың барлық орнатылған техникалық жабдықтарының бүтіндігіне, сақталуына және жай-күйінің дұрыс болуына толық жауап береді.

Елшіліктер орналасқан мемлекетте қолданылатын нормативтерге сәйкес көрсетілетін коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтері үшін төлемдер жасалады.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.

По сообщению сайта Nur.kz