Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Мақатаевтың 80 жылдығына арналған әдеби-танымдық кеш болып өтті

Дата: 26 января 2011 в 16:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Мақатаевтың 80 жылдығына арналған әдеби-танымдық кеш болып өтті

Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада мүмкіндігі шектеулі оқырмандардың қатысуымен қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Жүректен шығар бір күн сыр бұлағым» атты әдеби-танымдық кеш болып өтті.

Бұл игі шараға «Қазақстан зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Астана қаласындағы басқарма филиалының төрайымы Хазима Ержанқызы Хамза, басқа да қоғамдық бірлестіктердің мүшелері және ҚР ҰАК мүмкіндіктері шектеулі оқырмандары қатысты.

Кешті салтанатты түрде арнайы шақырылған Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Бір ел — бір кітап» акциясын ұйымдастыру комитетінің төрайымы Фариза Оңғарсынова сыны мен сыры бөлек салиқалы сөзімен ашты.

ҚР ҰАК бас директорының орынбасары Ғалия Исақанова мүмкіндігі шектеулі адамдарды қоғамнан тыс қалдырмай, қолдау көрсету мақсатымен осындай игі шараларды өткізіп тұрудың маңыздылығына тоқталып, кітапхана оқырмандарының арасында зағип жандардың көптеп кездесетіндігін айтты.

Мәдени кеш аясында ақиық ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы сыр шертетін көркем әдебиет көрмесі ұйымдастырылды.

Сонымен қатар ақынның өлеңдері оқылып, әндері шырқалды.

Айшықты астармен, тартымды тұспалмен, ұтқыр ұйқаспен көмкеріліп, рухани терең тебіреністің өрнекті өзегінен өрбитін көмескіге көзі қырағы біртума ақынның оралымды ойлары, күйінішті жан күйзелісі, сүйінішті сырлы сезімі айрықша дарынды, сағыныш сарынды өлмес өлең жолдарынан келісті көрініс тауып, жыр сүйер қауым Мұқағали рухына тағзым етіп, өлеңі арқылы өзімен сырласқандай күйде болды.

По сообщению сайта Nur.kz