Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қытайда қазақ тілінде қазақ ұлттық дәстүрлер туралы көркем фильм түсірілді

Дата: 26 января 2011 в 16:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қытайда қазақ тілінде қазақ ұлттық дәстүрлер туралы көркем фильм түсірілді

Қазақ кино өнеріне Қытайдан салмақты жаңа фильм қосылды.

Бүгін Алматыдағы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында  «Ақсарыбас» деп аталатын жаңа көркем фильмнің таныстырылымы болды.

«Бұл фильм Қытай орталық телевизиясының кинофильм жасау орталығының жетекшілігімен қазақ тілінде түсірілді. Актерлердің бәрі Шыңжаңнан шыққан өнер адамдары. Сондай-ақ Қазақстаннан Нұрлан Әлімжанұлын шақырдық.  Кино  100 жылдың алдындағы қазақ сахарасындағы көшпенді өмір, қазақы дүниетаным мен дәстүрлі мәдениетке негізделген. Ішінде махаббат пен сүйіспеншілік бар», — дейді ҚХР Шыңжаң автономиялық аудандық Жазушылар одағы төрайымы, сценарий авторы Ергеш Құманбекқызы.

Қытай қазақтарының «Хасен-Жәмиләдан» бастау алған әрбір кино туындысын қазақстандық көрермен  барлық кезде үлкен қызығушылықпен қабылдап келе жатыр.

Олардың ең соңғысы — «Көрікті мекен» фильмі. Ұзақтығы 1 сағат 40 минут болатын бұл туындыда қазақтың тұрмыс-салты, дәстүрі барынша молынан қамтылған.

Бұл жазушы, аудармашы, сценарист Е. Құрманбекқызының  сценарийімен түсірілген екінші фильм.

Автор  бұл шығарма қазақстандық көрерменнің «Көрікті мекеннен» кейін Қытай қазақтарының  кинофильмдері туралы қалыптасқан ыстық ықыласын одан әрі арттырмаса, кемітпейді, деп үміттеніп отыр.

По сообщению сайта Nur.kz