Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Тергеу қорытындысында соттарға Әблязов тобына қарсы Т1,1 трлн сомаға 90 шағым берілді

Дата: 26 января 2011 в 23:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астана. 26 қаңтар. ҚазТАГ — Жүргізілген прокурорлық шағым жұмыстары барысында соттарға БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов пен оның ымыралас тобына Т1,1 трлн сомасындағы 90 шағым беріліп, олар қанағаттандырылды, делінген бас прокуратураның «Атамекен» ҰЭП төрағасы Азат Перуашевқа берген жауап хатында.

«Заңды күшіне енген сот актілері бойынша Т16 млрд және $529 мың сомасындағы активтер, оның ішінде ғимараттар, ұшақтар мен жер учаскелері өндіріліп алынды және оларды банкке беру мәселесі шешіліп жатыр», — делінген сәрсенбі күні таратылған хатта.

Хабарда  айтылғандай, 2010-шы жылы 1-ші қазанда прокуратура шағымымен Алматының АМЭС банк меншігіне ауданы 25,6 мың м2 болатын «Самал-Тауэрс» бизнес-орталығын қайтару туралы шешім қабылдады.

Банк активтерінің қайтарылымын қамтамасыз ету үшін 18 мүліктік кешенге, 20 үйге, 9 әкімшілік ғимаратқа, 171 жер учаскелеріне, 967 пәтерге, 22 компанияның жарғылық капиталдарына қатысу  үлесіне, 3 ұшаққа, 70 гараж, 106 автомобиль, әр түрлі эмитенттердің құны Т2,044 млрд және $3,5 млн болатын 54,6 млн дана құнды қағаздарына қамау жарияланды.

Бұрын хабарланғандай, былтырғы желтоқсанның соңында Қазақстан бизнес-қауымдастығы Ресей, Швейцария мен Ұлыбританияның сот және құқық органдарынан БТА банктың экс-басшысы Мұхтар Әблязовтың қамауға алынған шоттарының ашықтығы мен сақтығын қамтамасыз етуді сұраған болатын.

«...Біз қайталап өз талабымызды қоямыз, және енді тек қана отандық сот пен құқық қорғау органдарына ғана емес, сонымен қатар шетелдік сондай органдардан Әблязов Қазақстан халқынан ұрлап кеткен қаражаттардың сақтығын қамтамасыз етіп, олардың толығымен Қазақстанға қайтарылуын өтінеміз. Бұл сомаларды оның жеке рахатына пайдалануға, оған қоса елімізді қаралауға жұмсауға жол беруге болмайды», — делінген кәсіпкерлердің үндеуінде.

«Біз аталған бағыттағы жұмыстардың, оның ішінде Әблязовтың шетелдік банктердегі қамауға алынған  шоттарына жүргізілетін бақылау, сондай-ақ оған бағыныңқы бұқаралық ақпарат құралдары мен саяси ұйымдарына шетелден келетін қаражаттарға бақылаудың жариялылығы мен ашықтығы қажет деп есептейміз», — делінген құжатта.

Кәсіпкерлер сарапшылардың есебі бойынша, Мұхтар Әблязов офшорлар мен қамтамасыз етілмеген несиелер арқылы Қазақстаннан БТА арқылы $10 млрд-тай қаражатты сыртқа алып кеткенін еске салды. Сондай-ақ оның командасы Ресейде $1 млрд-тан астам қаражатты жымқырған. Ол қаражаттан М. Әблязов ондаған миллион соманы шетелдік БАҚ беттерінде Қазақстанды қаралауға жұмсайды, дейді кәсіпкерлер. Үндеуде сондай-ақ, осы қаражаттың біразы Қазақстандағы жекелеген ҮЕҰ-лар мен саяси партияларды және БАҚ-тарды қаржыландыруға жұмсалатыны атап көрсетілген.

«Шоттардың қамауға алынғанына қарамай, ол (Әблязов — ҚазТАГ) бұрынғысынша баспасөзде жалған материалдар жариялауға қаражат бөледі, өзіне бағыныңқы саяси ұйымдарды қаржыландырады... Ол қаражаттардың тағдырын Қазақстан халқы шешуі тиіс, себебі Әблязов банк есепшоттары мен депозиттерінен ұрлаған қаражаттар кәсіпорындар мен салымшыларға өтелген болатын, оның ішінде Ұлттық қор қаражаты арқылы да төленді», — делінген үндеуде.

Үндеуге ұлттық экономикалық «Атамекен» Одағы» палатасының мүшелері, сондай-ақ 34 салалық қауымдастық мүшелері қол қойған.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы