Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Кенжалы Нұрғасенұлы. 19 жыл... Қазақстан қандай жетістікке жетті? (шетел баспасөзіне шолу)

Дата: 27 января 2011 в 10:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Кенжалы Нұрғасенұлы. 19 жыл... Қазақстан қандай жетістікке жетті?  (шетел баспасөзіне шолу)

Тәуелсіздігінің 19 жылдығын таяуда ғана тойлаған Қазақ елінің аталған уақыт ішінде жеткен экономикалық жетістіктері де ауыз толтырып айтарлықтай екен. Бұл туралы әр түрлі шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары да жазып жатыр.

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ӘЛЕУЕТТІ ЕЛ

АҚШ  тың «Америка дауысы» радиостанциясының ғаламтордағы сайты, жерінің көлемі жөнінен әлемде 9 ыншы орын алатын Қазақстан мұнай мен газдың қорына өте бай және  әлемде уран өндіруден бірінші орын алады деп жазады. Сарапшылар президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Орталық Азияның қақ ортасындағы бұл елде қарқынды дамып келе жатқан экономиканың негізін салғанын айтып отыр, деп атап көрсетеді сайт.

Қазақстан халқы бүкіл Орталық Азиядағы мемлекеттерде тұратын жалпы халықтың төрттен бірін ғана құраса да, бұл елдің экономикасының қуаты аталған аймақтың  жалпы экономикасының 60 пайызын құрап отыр. Өткен он жыл ішінде Қазақстандағы халықтың жан басына шаққандағы табысы 10 есе өсіп, мемлекет Орталық Азиядағы көршілестерін аталған көрсеткіш бойынша басып озды. Өткен 15 жыл ішінде ғана Қазақстанға 100 миллиард доллар көлемінде шетелдік инвестиция салынды, деп атап көрсетеді «Америка дауысы».

Өз аумағындағы мұнай мен газдың қоры жатқан кеніштерді толық игеру Қазақстанның әлемдегі мұнай өндіру көлемі бойынша ең алдыңғы орын алатын 5 елдің қатарына енуге жол ашады, деп жазады Eurasiareview сайты. 2009 жылы Қазақстан күніне 1,5 миллион баррель мұнай өндірген. Ал 2019 жылға таман аталған көрсеткіш мөлшері екі есе өсуі тиіс. Eurasiareview сайты the Oil and Gas Journal басылымына сілтеме жасай отырып, Қазақстанның барланған мұнай қорының көлемі 30 миллиард баррель деп бағаланып отырғанын тілге тиек етеді.

«Қазақмыс» фирмасының мыс өндіретіні белгілі. This is Money сайты Қазақстан үкіметінің  «Қазақмыс» компаниясының акциялары пакетінің 26 пайызына ресми түрде бақылау жүргізетінін жазады. Ал Британияда жарық көретін «Дейли телеграф» газеті бүгінгі күні бұл компанияның нарықтық құны 7,64 миллиард фунт стерлингке тең деп бағаланып отырғанын айтады. Ал City A.M. басылымы «Қазақмыс» фирмасы мыс өндіретін ірі компаниялар арасында өнім өндіру көлемі жөнінен әлемде оныншы орында тұрғанын атап өткен.

Өткенде «Қазақмыс» иелерінің бірі Владимир Ким  «Қазақмыстың» ірі үлесін Қазақстан үкіметіне сатты. Осы арқылы Қазақстан үкіметі ENRCдің де едәуір акциясына иелік ету құқығын алды.

Себебі, ENRCдің 25пайыздық акциялар үлесін аталған компанияның негізін қалаушылардан Владимир Ким 2006 жылы сатып алған болатын. Ал The Gulf Daily News сайты Азияның ең ірі пайдалы қазба өндіру компанияларының бірі болып саналатын ENRCдің бүгінгі күнгі нарықтағы құны 12 миллиард фунт стерлингтей болатынын, яғни 19 миллиард доллардан асып кететінін айтады.

БАҒАЛЫ КЕНДЕР

Халықаралық нарықта Қазақстанның ірі компанияларының құнды қағаздарына сұраныс та ерекше өсіп отыр. Блумберг агенттігі бұл «елдің көп мөлшерде пайдалы қазба экспорттайтынымен түсіндіріледі»  деген Лондондағы Argo Capital Management компаниясының директоры Йэн Макколдың сөзін келтіреді. 

Ал дәл осы Блумбергтің  тағы бір мәліметі бойынша, сонау 2000  ші жылдары құрылған Қазақстанның Ұлттық мұнай қорындағы қаражат биыл қауырт өсіп, көлемі 34 миллиард доллардың маңына жеткен. Агенттік ақпаратында, Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған жарлық бойынша Ұлттық мұнай қорындағы ақша мөлшері 2020 жылы 90 миллиард долларға жетуі тиіс делінеді. 

«Тренд» интернет басылымы Қазақстан мен Қытайдың таяуда ғана аса ірі мөлшерде уран сатып алу туралы келісім-шартқа отырғанын жазады. Аталған келісім — шарт бойынша, елдегі «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы уранды Қытайға 2020 жылға дейін жылына 24 мың тоннадан астам мөлшерде экспорттап отыратын болды. Қытай Қазақ елінен уран сатып алу көлемі бойынша шет мемлекеттер ішінен бірінші орын алады екен.

ЕҢ ҮЗДІК ЕЛ

Уран кені де дүниежүзілік нарықта үсті — үстіне қымбаттап барады.  Мамандар мұның себебін, Қытай елінің өз атом индустриясын үдемелі дамытуды мақсат еткен жоспарларымен байланыстырып отыр. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, уран тотығының бағасы дүниежүзілік нарықта 1 фунтіне 60 доллар деңгейіне көтерілген.

Таяуда Қытайдың ядролық агенттігінің төрағасының орынбасары Чжао Ченкун өз еліндегі атом электр стансаларының қуатын 2020 жылдары 40 мың  мегаватқа жеткізу туралы жоспарлар қайта қарастырылады, деп мәлімдеді. Яғни, аталған көрсеткіштер ұлғайтылады.

Ал ядролық отын саласында жұмыс істейтін Cameco фирмасының өкілдері Қытай аталған көрсеткіштерді 2 есе мөлшерінде арттыруы мүмкін дейді. Ал осы уранның 1 фунты 2001 жылы халықаралық нарықта небәрі 7 доллар ғана тұрған еді, деп жазады Блумберг.

Қазақстан экономикасы  2010 жылдың бірінші жартысында 8 пайыздан артық қарқынмен өсіпті. Осыдан көрініп тұрғандай, елдің дағдарысты еңсергені айдан анық, деп жазады итальяндық Libero басылымы. Ал The Asia Times Online сайты «Қазақстан экономикасы тез өсудің қарқынына қайта ие болды» деп жазыпты. Басылым мақаласында, «2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылдағы бірінші жарты жылдықта ұлттық экономика әлдеқайда тез дамыған және  2011, 2012 және  2013 жылдары да ел экономикасы өсуі тиіс», делінген.

Сонымен, елдегі дағдарыс алдындағы кең заман, бұйыртса, оралып келе жатқан сыңайлы. Дағдарыстық жылдары елдегі ірі 4 банк дефолтқа ұшырап, Батыстағы ірі қаржы орталықтары Қазақстан банкілеріне несие беруді тоқтатты. Енді ел банкілеріне деген сенім қайта оралып келе жатқанының нышандары білініп жатыр.

Бұл Қазақстандағы экономикалық ахуалдың тұрақталғанымен байланысты болып отыр. Мәселен, дағдарыстан бері алғаш рет ірі Қазақстан банкі ККВ Батыс нарығынан қайтадан ірі көлемді, 750 миллион доллар қарызды елге алып келуге қадам жасап отыр. ККВ  ның мұнысына халықаралық JPMorgan (Джей Пи Морган) мен UBS (Ю Би Эс) алпауыт қаржы мекемелері көмектеспекке ресми уәде берген, деп жазады the Euroweek.

The Daily News басылымы Азия даму банкі Қазақстанға Орталық Азиядағы көлік дәлізін дамыту үшін 800 миллион доллар несие бөліп отырғанын хабарлайды. Аталған дәліз Еуропа Одағы мен Қытай арасындағы сауданы қыздыруға  бола алады екен.

ЕО мен Қытай арасындағы сауда көлемі 2009 жылы 700 миллиард долларға жетсе, 2015 жылға таман 1 триллион доллардың табалдырығын аттауы мүмкін деген сөз бар. Мұның 20 пайыздайы Қазақстан жерімен өтсе, ел жол шетінде отырып  ақ, шаш  етектен пайдаға кенелуі мүмкін деген жорамал айтылады.

Ал Forexpros сайты Дүниежүзілік банктің «Бизнесті қолдаушы реформалар жүргізуден 2010 жылы ең үздік ел» деген атағын Қазақстанның жеңіп алғанын жазып жатыр. Бұл бәйгеге Қазақстаннан өңге әлемнің 117 мемлекеті түсіп, бақ сынаған екен.

«Абай-ақпарат»

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы