Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Сарапшылардың халықаралық тобы Маңғыстау облысының кеденінде ядролық материалдардың заңсыз тасымалдану мүмкіндігіне тексеру жүргізді

Дата: 27 января 2011 в 11:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

 

Ақтау. 27 қаңтар. ҚазТАГ - Ядролық материалдардың заңсыз тасымалдануына қарсы күрес жөніндегі сарапшылардың халықаралық тобы Маңғыстау облысының кедендік органдарында ядролық материалдарды заңсыз тасымалдау мүмкіндігіне қатысты тексеру жүргізді, деп кедендік бақылау департаментінен хабарлады.

Бақылау тобы теңіз портындағы, Ақтау әуежайындағы халықаралық өткізу қосындарында орналасқан ядролық бақылау жүйелерінің жұмысына тексеру жүргізді. Дәл осы өткізу қосындарында ядролық материалдарды заңсыз алып өту ықтималдығы өте жоғары.

Сондай-ақ халықаралық топ кедендік бақылаудың ядролық және радиациялық материалдардың тасымалдануын қадағалайтын арнайы құралдарының техникалық жағдайымен танысты.

КБД мәліметтерінше, топ құрамында АҚШ энергетика министрлігі мен АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің өкілдері, АҚШ-тың ұлттық солтүстік-батыс тынық мұхиттық зертханасының, Ресей мен Қазақстан мамандары қатысты. Топ ҚР мен АҚШ арасындағы ядролық материалдардың заңсыз тасымалдануына қарсы тұру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімшарт аясында жұмыс атқарып жатыр.

Кедендік бақылау департаментінің бастығы Әнуар Шөжеғұлов атап өткендей, жұмыс жүргізіліп жатқан келісімшарт өзара іс-қимылды айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік беріп, ядролық материалдардың таралмау режимін нығайтуға, аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықаралық лаңкестік, діни экстремизм мен сепаратизм тарапынан туындауы мүмкін қауіп-қатерге қарсы тұруға  үлес қосады.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы