Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Мұхан Исахан, Ақмарал Сатыбалды. Баһаие ағымының ақиқаты

Дата: 27 января 2011 в 12:10

Мұхан Исахан, Ақмарал Сатыбалды.  Баһаие ағымының ақиқаты

Белгілі дінтанушы А.Артемьевтің айтуына қарағанда, Баһаие ағымының өкілдері елімізге алғаш рет өткен ғасырдағы үркіншілік жылдары (1937-1938 жж) келген. Қазақтан тәуелсіздігін алғаннан кейін Баһаие ағымы ресми тіркеуден өтіп, еліміздің он сегіз қаласынан мінажатханалар ашып, өзінің діни қызметін жүргізуді қолға алады. Әсілі, Баһаие — Шииттік Иснәшарие ағымының бір тармағы саналады. Бірақ, бұл ағымның сенімдік негіздері Исламға мүлде теріс келеді. Десекте, Баһаие Исламның атын жамылған ағым саналғандықтан, хақ дінді қорғау мақсатында бұл мазхабтың қайшылықтарын танып білуіміз шарт. Бұл мазхабты 1820 жылы Иранда туылған Мырза Али Мұхаммед аш-Ширази негізін салды. Ол алғашқыда Иснәшарие мазхабының өкілі болды. Соңынан, Исмаилиттер мен Сабаие ағымының  Исламға мүлде жат «хулул» (Алланың адам денесіне еніп көрінуі) пікірімен қаруланып, хақ діннен алшақтап дүбәралыққа ұрынды. Сонымен, Баһаие қандай ағым?

Иснәшарие мазһабының он екінші имамы Махдидің ғайып болып қиямет-қайымнан бұрын жер бетіне оралып, әділеттілік орнатады деген сенімін Мырза Али өзінің жаңадан құрған мазһабына ұтымды пайдалануға тырысты. Ол, өзінің оғаш пікірлерін айта келіп, бұл ілімді ғайып имамнан үйренгенін жариялады. Иран халқының көпшілігі Иснәшарие мазһабынан болғандықтан, ғайып имамның ілімін паш етуші Мырза Алидің маңайына топтаса бастайды. Ол өзінің беделін арттыру үшін психологиялық һәм философиялық еңбектерді оқуды қолға алады. Ғайып имам жер бетіндегі адамдардың тек бірімен ғана байланыс жасайтынын, ол адам өзі екенін айтып, соңынан ергендерді бұл сандырағына сендіріп бақты. Оның бұл пікірі Иснәшариедегі ғайып имамның өсиеті ғана ақиқат дінмен қауыштырады деген  сеніммен тамаша үйлесетін еді.

Уағыз-насихат айтудың ерекше үлгісін меңгерген Мырза Алиді халық бірте-бірте үлгі тұтарлық имам санап, оның әрбір айтқанын діни үкім ретінде қабылдады. Алғашқыда ғайып имамның ілімін үйренгенін айтқан ол келе-келе имамның өзі болғанын, Алланың рухы өзінің денесіне енгенін (хулул) паш етті. Иса мен Мұса пайғамбарлардың ақырзаманда жер бетіне түсіп, адамзатқа тура жолды көрсетеді деген жолы, өзінің жолы екенін алға тартты. Ол осындай қисынды пікірлерінің арқасында өзіне қол берген көптеген адамдарды басқаруға қол жеткізді. Алайда, Имамие (бүгінгі Иранның ресми мазһабы) мазһабының ғұламалары Мырза Алидің пікірлеріне қарсы шығып, оған лағынет жаудырды. Мырза Али де қарап қалмай, сол кездегі кейбір қоғамдық әділетсіздіктерді алға тартып Имамие ғалымдарына қарсы өз қол астындағыларды айдап салды. Оның пікірлерін илаһи үкім ретінде қабылдайтын жақтастары Имамие өкілдеріне қарсы тұрды. Сөйтіп, ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында Баһаие ағымы Иран қоғамында үлкен бүлік тудырды.

Мырза Али өзінің жамағатын құрғаннан кейін, мынадай жаңа пікірлерді насихаттауды қолға алды:

а) Ол соңынан ергендердің сауапты істерінің қайтарымы ретінде — жәннатты, кәпірлерге — тозақты көрсететінін уәде етті.

б) Мырза Али бұрынғы өткен бүкіл пайғамбарлардың өзінің өкілі екенін айтып, барлық дін өкілдерін өзіне бағынышты етуді мақсат етті.

в) Ғулат (шииттік бұзық ағымдар) топтарында көп айтылатын Исламға мүлде жат саналатын «хулул» пікірін, яғни илаһтың өзінің денесіне енгенін паш етті.

д) Мұхаммед (с.а.у)-ды соңғы пайғамбар ретінде мойындамады. Оның пікірінше, илаһ өзінің денесіне енген, бұдан кейін де илаһ таңдаған құлымен тұтасады.

е) Оның пікірлерінің бірі әрбір әріптердің астарында өзіндік илаһи сыр бар. Мырза Алидің нанымы бойынша әсіресе он тоғызыншы санның ерекше қасиеті.

с) Мұрагерлік және өзге де мәселелерде еркек пен әйел тең құқылы. Оның бұл пікірлері Құранға мүлде қарама-қайшы келеді.

н) Ислам негіздеріне қайшы көзқарастағы адамдар да ұлтына, дініне, нәсіліне, жынысына қарамай тең саналады.

Оның «хулул» пікірі Абдуллаһ б. Сабаның «Хз. Алидің денесіне илаһ енген» деген пікірінің жаңа көшірмесі болатын. Мырза Алидің теріс пікірлері тарала бастағанан Иран үкіметі олардың соңына шырақ алып түсті. Мырза Али 1850 жылы кенеттен қайтыс болып, оның орнын ізбасарлары Субх Әзел мен Баһаилла басты. Иран үкіметінің қатты қысымға алуына байланысты Субх Әзел Кипрға, Бахаилла Едирнеге қаштты. Субхтың соңынан ергендер өте аз болды. Ал, Баһайлланың маңайына Мырза Алидің жақтастарының көпшілігі жиналды. Яғни, Мырза Алидің құрған мазһабы бұдан кейін Баһаие деген атпен болды. Субхтың пікірінше, мазһаб Мырза Алидің айтқан негіздері бойынша дамуы тиіс болды. Ал, Баһаилла: «Мырза Алидің бойына енген илаһ менің денеме кірді», — деп сандырақтады. Ол да өзінің харизмасының арқасында соңынан надан адамдарды көп ерте білді.

Голдзейр «Әл-Акида ваш-Шариа» атты шығармасында: Баһаилланың пікірінше, илаһи рух қайта көрінеді. Яғни, Мырза Алидің бейнесінде көрінген илаһи рухтың өзіне енгенін, Мырза Алиге илаһ рухы өткінші ретінде енсе, өзіне енген илаһ рухы мәңгілік қалатынын, сондай-ақ, илаһтың көрінетінін, яғни өзінің илаһты көрсететін айна екенін айтқан. Оған мойынсұнғандар шынында да Баһаның бойында илаһи сипаттар бар деп білетін. Оның кейбір жақтастары Баһаилланы «Айна» деп атап, бұл айнадан илаһ көрінеді деп сенді.

Баһаилла осылайша оғаш пікірлер айтып, өзінің қауымынан бөліне бастағанда, Субхтың қол астындағылардың бірсыпырасы Баһаилланың жағына шықты. Екі топтың ішіндегі жаңалықтардың бір-біріне тез жетуінің себебі, Едирне мен Кипрдің бір-біріне жақын болуынан еді. Баһаие қозғалысы күшейе түскеннен кейін, Осман билігі бұның алдын алу үшін Баһаилланы Аккаға жер аударады. Баһаилла Аккада өз мазһабын дамытуды қолға алып Құран мен Вейанды (Мырза Али Мұхаммед аш-Ширази жазған кітап) жоққа шығарып, өзінің пікірлерін тарату үшін арабша және парсыша еңбектер жазды. Оның шығармаларының ең атақтысы «Әл-Китабул-акдес» (ең қасиетті кітап) деген кітабы болатын. Ол бұл кітаптың әрбір сөзінің Алланың уаһиі екенін және бұл кітаптың Ұлы Жаратушы секілді бастауы және соңы болмағанын жеткізді. Оның пікірінше, өзінің құпия ілімін кейбір таңдаулы адамдар болмаса, өзге адамдар игере алмайтын еді.

Баһаилла өзінің пікірлерінің Исламнан тысқары бір дін екенін айтып, ұстазы Мырза Алидің көзқарастарынан мүлде айныды. Мырза Али өзінің пікірлері арқылы Исламды жаңартқанын айтса, ал, Баһаилла өзінің айтқандарының Исламнан басқа бір жаңа дін екенін паш етті. Баһаилланың пікірінше, оның әкелген діні әлемдік дін. Осы себептен, ол ұлттық территорияға, мемлекеттерге бөліну дұрыс емес деп санады. Оның көзқарасы бойынша исі бүтін адамзаттың бір ғана мемлекеті болуы тиіс болды.  Ол өзінің пікірлері кеңінен насихатталуы үшін Шығыс пен Батыстағы барлық мемлекет басшыларына өз шығармаларын жіберді. Оның шығармасының аты «Суре» деп аталды. «Ғайыптан хабарым бар» деп сандырақтаған ол болашақ туралы сәуегейлік жасайтын. Кейде оның кейбір сандырақтары дәл келіп жатса, ол мұндай мүмкіндікті өзіне барынша пайдаланып қалуға тырысатын. Бірде Баһаилла «ІІІ Наполеон тақтан түседі» деп сәуегейлік жасады. Төрт жылдан соң  ІІІ Наполеон үкіметі биліктен кетті. Осындай жалаң болжамдары оның маңына надандардың көптеп жиналуына түрткі болды.

Баһаилланың қоғамдық көзқарастарына тоқталар болсақ:

а) Исламға қатысты күллі ағымдарды қоғамнан аластату. Ол бұл пікірімен Ұстазы Мырза Алиден де ұзақтады.

б) Ол әртүрлі мүдделерді, яғни діндер мен ұлттар, нәсілдер бір-біріне бауыр деп білді. Адамзатты бөлуге болмайтынын айтты. Бұл оның өз пікірлерін күллі адамзатқа мойындатудың амалы еді.

в) Оның тудырған жаңалықтарының бірі отбасылықтың өзіндік бір формасын қалыптастырды. Оның пікіріндегі отбасы формасында көп әйел алушылыққа жол жоқ. Тек ерекше жағдайда ғана екі әйел алуға рұқсат етті. Өте қиын жағдайда болмаса, ажырасуға да болмайды. Және ол ажырасқан әйелдің белгілі бір мерзім күтпестен (шариғат бойынша төрт ай он күтуі тиіс) келесі біреуге үйленуіне болады.

д) Жаназа намазынан басқа намаздардың бәрін тек жеке оқу керек. Жамағатпен оқуға болмайды.

е) Намаз оқығанда Қағбаға қарап емес, бұл қайда болса, соған қарап оқуы тиіс  болды. Өйткені, оның түсінігінше илаһ мұның бейнесіне енген болатын.

г) Оның Исламмен ұйысатын пікірлерінің бірі — намаздан бұрын дәрет алу мен ғұсыл алынуды қабылдауы еді.

с) Ол қоғамдық қатынас пен ішіп-жеудегі арам мен адалды жоққа шығарып, әрбір нәрседе адам ақылмен әрекет ету керек деп сандырақтады. Бірақ, Баһаилла ақылын тыңдаған болса, Исламның адал дегенін адал, харам дегенін харам деген болар еді. Себебі, одан бір адам: «Неге Мұхаммедке иман еттің?» — деп сұрағанда, ол: «Менің ақылымның Мұхаммедтің істе дегенін істеме, істеме дегенін істе дегенін көрмедім», — деп жауап берді.

һ) Баһаилла мен оның ұстазы Мырза Али адамдардың теңдігін паш еткенімен, демократия мен патшалардың шексіз билігін құлатуға қарсы тұрды. Оның осы соңғы пікірі өз мүддесін қорғауға бағытталған шара болатын. Демократияға рұқсат еткен болса, өзінің деспоттық билігі шайқалатын еді. Ол патшалардың шексіз билігіне тиісуге болмайды деу арқылы биліктің қасиетті екенін түсіндіргісі келді. Оның ұстазы Мырза Али өз пікірлері арқылы Иснәшарие ғалымдарымен ғана қақтығысса, Баһаилла өзінің сандырақ пікірлерін күллі әлемдік дін деп білгендіктен, Исламмен бірге Христиан және Иуда өкілдерімен де жауласты.

1882 жылы Баһаилла қайтыс болғаннан кейін, оның орнын ұлы Аббаспен бірге Абдулбаһа атты құлы және Ғусну Азам деген шәкірті басты. Аббас батыс мәдениетін жетік білетін. Осы себептен ол әкесінің илаһ менің бейнеме енді деген пікірді Баһаие ілімінен алып тастады. Ол, Баһаие пікірлерін барынша жеңілдетуді қолға алды. Батысқа Баһаиені сіңіру үшін Христиан мен Иуда дінін терең зерттеуді қолға алды.

Баһаиенің негізін қалаушы Мырза Али Исламға жаңа реформа жасамақшы болса, Баһаилла Исламды бүтіндей жоққа шығарды. Ал оның ұлы Аббас Христиан мен Иуда және қажет кезінде Құранға арқа сүйеп, жаңа бір дінді жасамақшы болды. Сондықтан, Баһаие көбіне Ислам өлкелерінде емес, Христиан, Иуда, Мәжуси діні өркен жайған аймақтарға таралды. Баһаилланың хақ дінді тәрк етуіне байланысты, Ислам өлкелерінде дамымады. Ал, Баһаиенің ең көп таралған жерлері Еуропа мен Америка саналады.

Голдзейр өз шығармасында: «Баһаие Америка мен Еуропада ілгерілеген. Әсіресе, христиандар арасында қатты дамып келеді. Бұлар Баһаиенің қарқынды түрде дамуына жәрдемші болды. Баһаиенің 1910 жылдан бері «Батыс жұлдызы» деген жылына он тоғыз рет шығатын журналы бар. Жылына он тоғыз рет шығуының себебі, Баһаиенің негізін қалаған Мырза Алидің пікірінше, он тоғыз санының бір кереметі бар деп білетін. Баһаие АҚШ-та дамып, ондағы орталығы Чикаго қаласында орналасқан», — дейді.

Шығыстанушы Голдзейрдің айтуына қарағанда, Баһаие Христиан және Иуда діндерінің ықпалына ұшырап, келе-келе алғашқы сенімдік негіздерінен мүлде алшақтаған. Аббастың Тәурат пен Інжілді зерттеуі, Баһаиенің тағы бір алға қадам жасауына түрткі болды. Баһаие өкілдерінің пікірінше, Тәурат пен Інжілдегі бейбітшілік орнататын әмірші Аббас болып  табылды.

Аббас Еуропа мен Америкада Баһаие ағымына жүз мыңнан астам адамды тартып үлгерді. Ол 1921жылы қайтыс болды. Орнына баласы Шауқи келді. Ол да Баһаиенің өрісін кеңейтуді қолға алды. Жалпы, Баһаие ілімі бойынша әрбір екі мың жыл сайын жаңа бір пайғамбар келеді. Өз сенімдері бойынша, он тоғыз санын қасиетті деп білгендіктен, Баһаиенің әрбір мүшесі он тоғыз күн сайын қауымның он тоғыз мүшесін қонаққа шақыруы тиіс. Жаңадан құрылған қауымдастықты «Қоғамдық әділет үйі» атты жоғары мәжілістеріне сайланған он тоғыз басқарады. Баһаиенің әрбір мүшесі жыл сайынғы табысының бестен бір бөлігін осы жоғары ұйымға беріп отырады. Бойдақ болып өмір сүруге жол жоқ, қауым мүшесі он бір жаста үйлену қажет. Олар жалаңаш әйелдермен бірге болуды құлшылық деп санады.

Бүгінде Баһаиенің дүниежүзінде 88 жерде ұйымы бар. Христиан, Иуда, Мәжуси, Сих, Зәрдушт және Будда діндерін ұстанатын халықтарды түлкі бұлаңға салып алдап, өздеріне тартуда. Олардың қас дұшпандары — Ислам ғалымдары. Себебі, олардың  тұзағына оңайлықпен түспейтін мұсылмандар саналады. Кітаптары мен басылымдары қырық сегіз тілде жарық көреді. Ғибадат жасау және жүріп-тұру ережесі «Ақдас» деген кітабы мен «Өсиеттер қағаздары» атты жазбаларында жазылған. Олардың пікірлерінің Исламға қайшы келетін тұстары өте көп.

Баһаие туралы мысырлық зерттеуші Мұхаммед Әбу Зехра: «Батыс әлемінің Баһаиеге қолдау көрсетуінің бірден-бір себебі, олар Баһаиенің өздерінде емес, Ислам елдерінде дамығанын қалады. Ислам елдеріне Баһаиені енгізу арқылы, мұсылмандардың арасына іріткі салуды мұрат етті. Өйткені, Баһаиеде Исламға мүлде жат саналатын көптеген пікірлер мен үрдістер орын алған. Олардың идеологиясы Ислам елдеріне таралатын болса, мұсылмандардың ауызбіршілігіне жарықшақ түсетіні анық. Яғни, Батыс әлемі іштен іріту жолымен Исламның туын жығуды көздеген еді», — дейді.

Алайда, Баһаие Ислам елдерінде кең көлемде қолдауға ие болған емес. І-ІІ-ші Дүниежүзілік соғыстан кейін Ислам елдеріне біршама таралғанмен, мұсылмандардың қарсылығына тап болуына байланысты өрісі тым тар күйінде қалып отыр. Мысыр, Сауд Арабия, БАЭ секілді мемлекеттер Баһаиенің өз территориясында насихатталуына қатаң тыйым салған.

Хақ діннің ақидасы мен жүріп-тұру ережелеріне мүлде теріс саналатын Баһаие ағымының идеологиясы біздің елімізде кеңінен насихатталып келеді. Бірақ, қоғамдық тұрғыдан Баһаие іліміне қарсы тойтарыс берілмей отыр. Біз Баһаиенің бет-пердесін ашып беруді ғана мақсат тұттық. Ал, ұлт пен мемлекеттілікті мойындамайтын Баһаиенің бұдан кейінгі тағдырын құзырлы орындардың еншісіне қалдырдық.

«Абай-ақпарат»

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы