Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Назарбаев туралы кітап жазған Британиялық биограф Қазақстан туралы екінші кітап жазбақшы

Дата: 28 января 2011 в 00:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астана. 27 қаңтар. ҚазТАГ — Айгүл Түлекбаева. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарабев туралы кітап жазған биограф, бұрынғы саясаткер Джонатан Айткен, Қазақстан туралы тағы кітап жазбақшы.

«Мен екінші кітап жазамын. Біріншісі президентке арналған, екіншісі мемлекет, Қазақстан, оның халқы туралы, яғни елде не болып жатқаны, қандай үдерістер дамып отырғаны туралы болады», — деді Дж. Айткен бейсенбі күні Назарбаев туралы қазақша кітаптың тұсау кесерінің кулуарында журналистерге.

Материал жинақтау үшін автор Қазақастанның барлық өңірлерін аралап шықпақшы.

«Мен Алматы мен Атырауда болдым, енді менде Солтүстік Қазақстан мен ауылдарда болу жоспарым бар. Яғни елдің тыныс-тіршілігінің толық бейнесін көрмекшімін, тек ірі қалалар, елорда туралы ғана емес, сонымен қатар оның барлық түкпірлерінде болуға тырысамын», — деді Дж. Айткен.

Оның айтуынша, оның кітаптары баспагерлер есебінен қаржыландырылып отыр. «Менің кітаптарымды әр кез баспагерлер қаржыландырады. Және осы жолы олар осы кітапқа дегенде аздап сақтық танытқан еді, бірақ кітап тарала бастағанда олар нәтижесіне риза болды», — деді жазушы.

Оның мәліметтерінше кітаптың орыс тілді нұсқасы 20 мың данамен, ағылшыншасы 8 мың данамен таралды. «Англияда кітап бағасы $35 тұрды. Шын мәнісінде бұл кітап қымбат кітап және оның коммерциялық табысы болды», — деді биограф.

Еске салсақ, Д. Айткеннің Н. Назарбаев туралы жазған кітабы — президент туралы батыс авторларының жазған алғашқы кітабы. Былтыр Мәскеуде кітаптың орыс тілді нұсқасының таныстырылымы өткенді.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы