Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Астаналық ардагер-конькимен сырғанаушы Берлинде әлем чемпионы атанды

Дата: 28 января 2011 в 06:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астана. 27 қаңтар. ҚазТАГ — Берлиндегі спринтерлік көпсайыстың қорытындысында Астаналық конькимен сырғанаушы Владимир Костин 35-40 жас аралығындағы категорияда әлем чемпионы атанды.

«Конькимен жылдам сырғанаудан Берлинде өткен әлем чемпионатында ардагерлер арасында спринтерлік көпсайыс сомасы бойынша екі қысқы Олимпиада мен төрт Азия ойындарының қатысушысы, Азия чемпионатының жүлдегері Владимир Костин әлем чемпионы атанды», — делінген бейсенбі күні әкімдік баспасөз қызметі таратқан хабарда.

Хабарда В. Костин «1000 метрлік қашықтықта жаңа әлемдік рекорд орнатып, 1 мин 14,09 сек-та жүгіріп өтті делінген».

Конькимен жылдам жүгіруден спорт ардагерлері арасындағы әлем чемпионаты Берлинде қаңтардың 22-23-терінде өтті. Оған әлемнің 16 елінен 325 спортшы қатысты. Қазақстаннан Владимир Костин, Александр Гаврилов, Виталий Капольнюк пен Азамат Смаилов қатысты.

«40-45 жас категориясында КСРО қарулы күштерінің чемпионатының жеңімпазы, КСРО халықтары Спартакиадасының жүлдегері Александр Гаврилов бесінші орын алды. Қазақстандық тағы бір спортшымыз, 30-35 жаса категориясында Азамат Смаилов оындай нәтиже көрсетті. 45-50 жас категориясында кезінде КСРО чемпионы атанған Виталий Капольнюк 11-ші орын алды», — делінген ақпараттық баянда.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы