Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қос азаматтығы үшін қызметтен босатылды

Дата: 28 января 2011 в 10:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қос азаматтығы үшін қызметтен босатылды

Павлодар қалалық соты бұрынғы полиция қызметкерінің «ҚР ІІМ Көліктегі Ішкі істер орталық департаменті» мемлекеттік мекемесінің үстінен берген шағым-арызын кері қайтарды, деп хабарлады облыстық прокуратурадан.

Бұрынғы полиция қызметкері оның қызметтен босатылуы туралы бұйрықты заңсыз деп тануды және «қызметтен өз еркімен, еңбек сіңірген жылдарына және зейнет жасына жетуіне байланысты» қызметтен кетті деп түйіндеуді талап еткен.

Шағымданушы 1985 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет еткен, көптеген алғысхаттар мен медальдар алған. Былтыр ішкі қауіпсіздік департаментіне оның Ресей Федерациясының азаматтығын алғаны туралы дерек түседі.

Және бұл факті ресми расталады, полицейдің бұл мәліметті департамент басшылығынан жасырып қалғаны анықталады.

Азаматтық туралы заңның 21-ші бабы бойынша, ішкі істер органдарында тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана жұмыс істей алатындығына қарамастан, әлгі полицей қызметін атқаруды жалғастыра береді. Егер тұлға басқа елдің азаматтығын алса, ол қазақстандық азаматтығынан айрылады.

Сондықтан да ол қызметтік-жауынгерлік тәртіпті дөрекі бұзғаны және Қазақстан азаматтығынан айрылуына байланысты ішкі істер органдарынан қызметтен босатылады.

Павлодар облыстық сотының аппеляциялық және кассациялық алқалары бірінші сатыдағы соттың дәйектерді негізді деп таныды, шешім заңды күшіне енді.

По сообщению сайта Nur.kz