Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Елімізде халықтың 30 пайызы зейнетақы жүйесінен тыс қалған

Дата: 28 января 2011 в 11:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Елімізде халықтың 30 пайызы зейнетақы жүйесінен тыс қалған

Мемлекет бюджетінен зейнетақылық төлемдерді қамтамасыз етуге қажетті қаржы 750 миллиард теңгеге жетті.

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракцясы жанындағы Әлеуметтік кеңестің отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Әсел Нүсіпова мәлім етті.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, жалпы алғанда зейнетақының жиынтық мөлшерінің 90 пайызы мемлекеттік бюджеттен төленетін қаржыдан алынады.

«Басқаша айтқанда, елдегі зейнетақылық жүйені реформалау шарасының жүзеге асырыла бастағанына 12 болды. Соған қармастан, мемлекет мемлекеттік зейнетақыны төлеудегі жалғыз ғана көз болып отыр. 12 жыл бұрын қолға алынған шаралар бойынша төленетін төлемдер мол мөлшерде өсті. Бүгінде бізде зейнетақы төлеу жұмыстарының зейнетақылық жүйенің неліктен толыққанды құрылымы бола алмай отыр деген мәселе төңірегінде бірқатар проблемалар бар», — деді министрдің орынбасары.

Зейнетақылық жүйені реформалау шарасының жүзеге асырыла бастағанына 12 болды

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде еліміздің тұрғындары зейнетақы жүйесімен толық қамтылды деп айта алмаймыз. Айталық, елдегі 8 миллион жұмыспен қамтылған азаматтардың 5 миллионы тұрақты түрде зейнетақы жарналарын төлеп тұрады. Бұл жұмыспен қамтылған азаматтардың 70 пайызы. Ал қалған 30 пайыз жұмысы бар азамат зейнетақы жинақтау қорынан тыс қалған.

«Бұл жұмыспен қамтылмаған адамдарды есептемегендегі көрсеткіш. Бұл — үлкен мәселе. Сондықтан біз қазір Қаржы министрлігімен және Ұлттық банкпен бірлесіп бұл бағытта тиісті шара қолданудамыз», — деді Ә.Нүсіпова.

По сообщению сайта Nur.kz