Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Депутат облыстарда мамандықтардың тапшылығын шешеді

Дата: 28 января 2011 в 11:50

Депутат облыстарда мамандықтардың тапшылығын шешеді

Тапшылық білініп отырған мамандықтарға облыстар бойынша квоталар бөлінсе игі.

Өңірлерде тапшылық білініп отырған мамандықтарға облыстар бойынша квоталар бөлінсе игі.

Қазақстан Парламенті Cенатының жалпы отырысында Үкімет басшысының атына жолдаған сауалында депутат Хұсайын Уәлиев осылай мәлім етті.

Осыған орай, депутат Х. Уәлиев қоғам үшін аса маңызды саналатын жоғарыдағы проблемаларды шешудің екі нұсқасын ұсынады.

«Білім беру жүйесінде біз мақсатты түрде халықаралық стандарттарға қарай қадам басып келеміз. Алайда, осындай бағыт ұстана отырып, еліміздегі аз жабдықталған мектептердің проблемасына және бірқатар мамандықтар бойынша кадрлық тапшылық мәселесіне назар аударғанымыз жөн.

Жалпы, елімізде аз жабдықталған мектептер саны 50 пайызға жуық болса, солтүстік өңірдегі ауылдарда бұл 70-80 пайызға дейін жетеді. Бұдан бөлек, жекелеген өңірлерде, оның ішінде ауылдық жерлерде дәрігерлер тапшылығы да жүздеп саналады. Алайда осыған қарамастан жағдайдың оң үрдіске ие болатыны байқалмайды», — деді сенатор.

Аз жабдықталған мектептер саны 50 пайызға жуық, солтүстік өңірдегі ауылдарда бұл 70-80 пайызға дейін жетеді

«Біріншіден, аз жабдықталған мектептер бойынша кең ауқымда ресурстық орталықтарды құру барысында кең бейінді мұғалімдерді де даярлау қажет. Мәселен, үш бағытта — гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық. Екіншіден, аса тапшы болып отырған медициналық мамандықтар бойынша жастарды тиісті оқу орындарында оқыту үшін облыстар бойынша квоталар бөлінгені абзал. Оған арнайы мониторинг жүргізілсе де игі», — дейді сенатор.

 

По сообщению сайта Nur.kz