Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Алғашқы рет Жоғары сот аймақтағы сот өкілдеріне видео арқылы дәріс берді

Дата: 28 января 2011 в 12:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Алғашқы рет Жоғары сот аймақтағы сот өкілдеріне видео арқылы дәріс берді

Жоғарғы сотта алғаш рет қылмыстық істерді қараумен айналысатын облыстық және оған теңестірілген сот өкілдеріне бейнеконференциялық байланысты пайдалану арқылы қашықтықтан дәріс берілді.

Аталмыш шараны Жоғарғы сот төрағасы Мұсабек Әлімбеков кіріспе сөзбен ашты. Төраға сөзінде аталмыш жүйенің Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың судьялардың V съезінде сот өндірісіне инновациялық технологияларды кеңінен енгізу жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру мақсатында қолға алынып отырғандығын атап көрсетті.

Мемлекет басшысы сот өндірісіне инновациялық технологияларды кеңінен енгізуді қолға алынып отырғандығын атап өткен.

«Бүгін біз қашықтықтан оқыту жүйесінің таныстырылымын өткізгелі отырмыз. Осыған қарай қазір Жоғарғы сотпен 17 облыстық және оларға теңестірілген соттар байланыста отыр. Болашақта бұл шара айына екі рет ұйымдастырылатын болады», — деп атап көрсетті Жоғарғы сот төрағасы.

Шара барысында Жоғарғы соттың судьясы Әділ Құрықбаев аймақтағы әріптестері үшін «Жеке меншік қылмыстарға қарсы (тонау, қарақшылық) қылмыстық жауапкершілік» атты тақырыпта лекция оқыды. Шара барысында журналистермен сұхбаттасқан Жоғарғы соттың Қылмыстық істерді қадағалау алқасының төрағасы Ақылтай Қасымовтың айтуынша, 2009 жылдан бастап Жоғарғы сотта сот өкілдеріне білім беру стратегиясы дайындалып, қазір соның негізінде тиісті шаралар атқарылуда.

«Онда сот өкілдеріне семинар, дөңгелек үстел отырыстары сияқты түрлі әдістер негізінде білім беру мәселесі бойынша барлық шаралар қарастырылған. Бүгінгі қашықтықтан оқыту шарасы да осы стратегиядан туындап отыр. Судьялардың білімін жетілдіру — уақыт талап етіп отырған мәселе. Бұрын біз қолданып келген Азаматтық кодексте 300-ге жуық бап бар болатын. Ал бүгін осы кодексте мыңға жуық баптар бар. Өзге заңдарды қоспағанның өзінде тек баптардың барлығын жатқа білу мүмкін емес. Жұмыс барысында олардың әрқайсысы бойынша түсіндіруді қажет ететін түрлі мәселелер туындайды. Сондықтан біз үшін біліктілікті жетілдіру маңызды», — деді Жоғарғы сот өкілі.

 

По сообщению сайта Nur.kz