Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Назарбаев Фурмановтан кем бе?

Дата: 28 января 2011 в 17:40

Назарбаев Фурмановтан кем бе?

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімов мырзаға

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қ.К. Тоқаев мырзаға

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы О.Б. Мұхамеджанов мырзаға

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жетекшісі А.Е.Мусин мырзаға

Алматы қаласының әкімі А.С. Есімов мырзаға

ҮНДЕУ

Бұдан тура 20 жыл бұрын 1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ жерінде Тәуелсіздік жарияланды. Сол кездегі Жоғарғы Кеңесте «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. Оған дереу Қазақстан Республикасының бірінші президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қол қойды. Сөйтіп жер бетіндегі өз тағдырын өзі ғана шешетін халықтардың қатарына қазақтар да қосылды. Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясаты арқасында Қазақстан қантөгіссіз, бейбіт жолмен тізгінін қолына ұстады. Және бұл өте бекем де берік қол еді. Әйтпесе жағдай өте күрделі, қазаққа тым қолайсыз болатын. Сыртта жан-жаққа бөліп алғысы келген алып империялар аңдып тұрды. Өз ішімізде заңсыз қылыш асынып алған казактардан бастап небір құйтырқы әрекет жасаушылар толып жатты. Жалғыз Қазақстан емес бүкіл Кеңес Одағы аумағын жоқшылық жайлады, халық ашаршылық аранына жақын тұрды. Осындай аумалы-төкпелі заманда біздің еліміз тәуелсіздігін жария етті. Сол күні кешкілік тәуелсіздікті түрік бауырларымыздың іргелі мемлекеті таныды. Одан басқа елдер де Азияның ең ортасында Қазақстан деген атпен жаңа мемлекет құрылғанын мойындады.

Тәуелсіздікке қадам басар алдында Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы Кеңес Одағы басшыларының жылдар бойы жүректі жаралаған бірнеше қателіктерін мойындаттырды, өз қолымен түзетті. Оның біріншісі Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы Жарлығы. Екіншісі Бауыржан Момышұлына Кеңес Одағы Батыры, ал Бибігүл Төлегеноваға Социалистік Еңбек Ері атақтарын алып беруі. Содан кейін тура Тәуелсіздік жария етілер тұста Нұрсұлтан Назарбаев 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін қылмыстық жауапқа тартылған азаматтарды ақтау туралы Жарлыққа қол қойды. Ол жастар Алматының алаңында бүлдіру әрекетіне барған бұзақылар емес, республика егемендігін талап еткен қоғамның алдыңғы қатарлы тобы екені Назарбаевтың Жарлығынан көрініс тапты. Осылай әлеуметтік ғана емес, саяси әділдік орнықты.

Жиырмасыншы жылдығы басталған тәуелсіздік елімізге тағы не берді? Алдымен әлем жұмыр жерде қазақ елі, оның мемлекеті, тарихы, дәстүрі, құқығы, Абай сынды ақыны барын мойындады. Екіншіден, Қазақстанның тұтастығы, бөлінбестігі әйгіленді. Қазақстанның мемлекеттік шекарасы айқындалды. Кезінде Қытай мен Кеңес Одағы арасында шешілмес дауға айналған, тіпті екі рет ұрыс қимылдарына жеткізген шекара мәселесін Нұрсұлтан Назарбаев тыңғылықты және мәңгіге шешті. Іргелес көршінің бәрімен шекара мәңгілікке анықталып, бұл орайда ешкім дау-талас шығармайтындай шегенделді. Қазақстан өзінің қазынасын молайту үшін жеке экономикалық саясатын жүргізуге кірісті. Оның алғашқы нық қадамы ретінде ұлттық валюта теңге айналысқа енгізілді. Жер астынан ғарышқа дейінгі салаларда бірлесіп немесе жеке-дара әрекет етудің мүмкіндігі туды. Өз жеріндегі ядролық тажалдың көмейін мәңгілікке бітеп, алыстағы басқа жұртты жаппай қырып-жоюға қабілетті алапат қарудан арылды. Оның орнына ел мен жерін төтеден тиіскен басқыншыдан қорғауға қабілетті өз әскерін қалыптастырды. Жаңа Астанасын салып, салтанаты мен айшығы алыстан көрінетін қала тұрғызды. Қазақстанның бұл өнегелі істері еленбей қалған жоқ. Барлық халықаралық ұйымдар мен беделді қайраткерлер жер шарының дамуына Қазақстан мемлекеті зор үлес қосқанын жиі айтып жатыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен Астанада 2003 жылы 23-24 қаңтарда Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің I Съезі өткізілді, осы отырыста жер шарының бейбітшілік пен келісімді орнықтыру ісіндегі діннің рөлін айта келе, бүкіл әлем діндерінің өкілдері арасындағы сындарлы үнқатысуды жалғастырудың қажеттілігіне тоқталып, съезді үш жылда бір рет өткізіп тұруға шешім қабылданды.

Қазақстан Республикасының беделінің ең шарықтау шегі 2010 жылы    желтоқсан айының 1-2 күндері Астана қаласында ЕҚЫҰ саммитінің өткізілгені еді. Қазақстанның Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жиырма бірінші ғасырда топ жарып тұрған тарлан қайраткер ретінде күллі әлемге таңдай қаққызды. Қазақстан мемлекеті Еуропа мен Азияны, тіпті Солтүстік Американы өз аузына қаратып Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етті. Он екі ай бойы Ауғанстан мен Қырғыз Республикасындағы шиеленісті мәселелерге байыпты қарап, байсалды пікірін білдірді. Арттағы жүрген жолымызға қайрыла көз салсақ біз осынау беделді ұйымға 1992 жылы 2 қаңтарда мүшелікке өтіппіз. Жиырма жылға жетпейтін уақытта жай мүшеліктен төрағалыққа деңгейіне көтерілу тек Назарбаев басқарған Қазақстан сияқты мемлекеттің қолынан келген іс. Айналадағы көршілер мұндай іргелі ұйымға басшылық жасау тұрмақ, соның көмегі мен қайырына зар болып жүргені жасырын емес. Мұның бәрі тәуелсіздіктің арқасында мүмкін болды әрі қазақтың азаттығының айғағы ретінде жүзеге асты. Қазақстан 2011 жылы Дүниежүзілік Ислам конференциясына  мұсылмандар әлемiнiң беделдi ұйымына төрағалық жасайды. Яғни, төрағалықтан төрағалықтың тағына отырды.

Осының барлығы Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жиырма жылда жеткен саясатының жемісі. Әлемдік деңгейдегі еңбектерін дүниежүзі мойындады. Атап айтсақ осыдан бірнеше жылдар бұрын Қырғызстанда Ыстықкөлдің маңында Назарбаевтың ескерткіші тұрғызылған. Украинада бюсті орнатылды. Енді Анкарада тағы бір ескерткіш бой көтерді. Амман қаласында елбасымызға бір көшенің есімі берілді. Осы тұста біздің де «жақыныңды жаттай сыйла, жат жаныңнан түңілсін» дейтін жөніміз бар. Қазақ елінің тәуелсіздік бесігі Алматы қаласының қақ ортасындағы, Д.Фурманов көшесіне Н.Назарбаевтың есімін беруін сұраймыз.

Қуандық Ешімет, тәуелсіз журналист

www.masa.kz интернет газеті

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы