Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Сенатор: Қазақстанда зерттеу университеттеріне америкалық үлгіні негізге алған жөн

Дата: 29 января 2011 в 08:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Сенатор: Қазақстанда зерттеу университеттеріне америкалық үлгіні негізге алған жөн

ҚР Парламенті Cенатының жалпы отырысында «Ғылым туралы» заң жобасын талқылау барысында депутат Әділ Ахметов осылай мәлім етті.

Сөз арасында заң жобасын қолдаған сенатор онда қамтылған зерттеу университеттеріне байланысты өз пікірін білдірді.

«Бұндай университеттер Америкада жақсы дамыған, ол елде жүзге тарта осындай нысандар бар. Кейінгі кездері Ресей де осы бағытта жұмысты ұйымдастыра бастады. Америкалық үлгіні негізгі алатын болсақ, бір ғана Массачусет технологиялық университетін үлгі етіп алуға болады. Бұл университетпен 300 корпорация жұмыс істейді. Оның төңірегінде бизнес топтасқан — бизнес-инкубаторлар салынып, технопарктер, сайнс-парк бар. Яғни олар ғалымдардан туған идеяларды толық жүзеге асырады», — деді сенатор.

Оның айтуынша, Американың 308 млн.-ға тарта халқына жүзге тарта зерттеу университеті жұмыс істесе, 16 млн. халқы бар Қазақстан үшін Ұлттық университеттер негізінде зерттеу университеті ашылуы тиіс.

«Американың зерттеу университеттерінің жартысына жуығы сол елдегі PhD докторының 60 пайызын даярлап, негізінен іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Көпсалалы бағдарламалар бойынша магистрларды да даярлайды. Бұнымен қоса, әлемнің әр елінен келген мамандарды қайта даярлауға күш салады. Сонда бұл университеттер жоғары білімнен кейінгі салаға көбірек назар аударып, бакалавриатқа азырақ қарайлайды.

Сондықтан да, ғылыми-зерттеу жұмыстарына бөлінетін мемлекеттік қаржының 95 пайызын осы университеттер пайдаланады екен. Ал, қабылданған заңдағы сүбелі баптың бірі келешекте ашылатын зерттеу университеттеріне қызмет ететіні айқын. Сол үшін салаға қаражат та жақсы бөлінуі шарт», — деді сенатор.

По сообщению сайта Nur.kz