Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Назарбаев елді ауызсумен қамтамасыз ету туралы бұйрық берді

Дата: 29 января 2011 в 10:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Назарбаев елді ауызсумен қамтамасыз ету туралы бұйрық берді

Назарбаев елді ауызсумен қамтамасыз ету туралы бұйрық берді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында республика бойынша орташа алғанда ауызсуға қолжетімділік 2020 жылы 100 пайызға жуықтауы тиістігін атап көрсетті.

«Қазақстандағы сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі халықтың денсаулығын сақтаудың аса маңызды міндеті. Сондықтан бұл біздің басымдығымыз болмақ», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Елбасы сапалы ауызсумен қамтамасыз етудегі жұмыс 8 жыл бұрын басталғанын әрі оңды істер атқарылғандығын айта келе, ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған сумен қамтуға қол жеткізу 41 пайызға дейін, қалада 72 пайызға дейін өскенін еске салып өтті. «Бұған дейін не болғанын білесіздер. Тасымал суды пайдаланатын адамдар саны 4 есеге азайды. Соған қарамастан, сумен қамту жүйесін жақсартуға мұқтаж адамдар ауылда әлі де аз емес. Сумен қамту жүйесінің тозуы қалаларда 60 пайызды құрайды. Республика бойынша орташа алғанда ауызсуға қолжетімділік 2020 жылы 98 пайызға жетуі тиіс», — деп атап өтті Н. Назарбаев.

Осы орайда Президент судың сапасы барлық белгіленген санитарлық нормаларға жауап беруі тиіс екендігін қадап айтты. «Сондықтан Үкіметке су шаруашылығы секторына жеке капиталды барынша тарту үшін тиімді ынталандыруды тапсырамын», — деді Елбасы.

Мұнымен қоса Мемлекет басшысы жерасты суларының әлеуетін кеңінен пайдалану, сумен қамтудың жаңа желілерін салу кезінде де жүйелі қағидатты қолдану керектігін айтты. «2020 жылы орталықтандырылған сумен қамтуға қол жеткізу қалаларда 100 пайызды құрауы тиіс. Ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 2 есеге артып, 80 пайызға жетуі керек», — деді Н. Назарбаев.

По сообщению сайта Nur.kz