Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Синоптиктер сенбі күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде қар жауып, бұрқасындатады, тек оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз болады деп болжап отыр — Қазгидромет

Дата: 29 января 2011 в 18:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Алматы. 29 қаңтар. ҚазТАГ — Синоптиктер сенбі күні Қазақстан территориясының басым бөлігі атмосфералық тұтас ағым ықпалында болып, сондықтан жекелеген аудандарында қар жауып, тұман түсіп, көктайғақтанып, бұрқасындатып, екпіндетіп жел тұрады деп отыр. Республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысына антициклон өз ықпалын сақтайды, мұнда жауын-шашын болмайды, ауа райы жылы болады, деп хабарлады «Қазгидромет».

Сенбі күні Астанада ала бұлтты, күндіз қар жауады, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады, екпіні күндіз 18 м/с, ауа температурасы — 4 — 6 градус.

Алматыда да ала бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с самал соғып, ауа температурасы күндіз -4-6°С шамасында болады.

Республиканың солтүстігінің барлық аумақтарында қар жауады деп күтілуде. Қостанай, Солтсүтік Қазақстан облыстарында — қар жауып, кей жерлерінде бұрқасындатып, 15-20 м/с жел тұрып, ауа температурасы -10 -15 градус, Ақмола облысында — қар жауады, кей жерлерінде бұрқұасындатып, 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы -8-13 градус.

Қарағанды облысында — аздап жауын-шашын, түнде кей жерлерінде тұман түседі, күндіз — көктайғақ, ауа температурасы -2-7 градус, Шығыс Қазақстан облысында — жауын-шашынсыз, кей жерлерінде сырма жүріп, 17-22 м/с жел тұрады, ауа  температурасы -7-12 градус.

Жамбыл облысында — жауын-шашынсыз, кей жерлерінде тұман түсіп, 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы +7+12 градус, Алматы облысында да жауын-шашынсыз, Жалаңашкөл аумағында оңтүстік-шығыстан 23-28 м/с жел тұрады, ауа температурасы +1+6 градус. Оңтүстік Қазақстан облысында — жауын-шашын, кей жерлерінде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы +6+11 градус, Қызыорда облысында жауын-шашын, кей жерлерінде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрып, ауа температурасы +2+7 градус болады.

Хабарда айтылғандай, республиканың батысында барлық аумағында қар жауып, тек Маңғыстау облысында — жауын-шашынсыз, кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақтанып, ауа температурасы -2+3 градус болады. Атырау облысында — қар, ауа температурасы -2-7 градус, Батыс Қазақстан облысында — қар, ауа температурасы -12-17 градус, Ақтөбе облысында — аздап қар жауып, ауа температурасы -8-13 градус.

Алдағы үш күнде Қазақстан өзендерінде (Орал, Есіл, Нұра, Ертіс және т.б.) қысқы режим сақталады, мұз қалыңдауы одан ары жалғасады. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде мұз тоспалар пайда болуынан су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Оңтүстік Қазақстан облысының таулы өзендерінде ақырындап су деңгейі көтеріледі деп күтілуде.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы