Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Астанаға Азиаданың мәртебелі қонақтары келуде

Дата: 30 января 2011 в 00:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астанаға Азиаданың мәртебелі қонақтары келуде

Бүгін кешкісін Астанаға Азия олимпиадалық кеңесінің президенті шейх, Ахмад әл-Фахад әл-Сабах келді.

7-ші қысқы Азия ойындарының қадірлі қонағын, әуежайдан Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов және ойындарды ұйымдастыру комитетінің төрағасы Анатөлі Құлназаров бастаған мамандар қарсы алды.

Биылғы Азия ойындарының ресми гүліне баланған алқызыл гүл шоқтарымен қазақтың ұлттық киіміндегі қыздар елордаға келген әл-Сабахпен өзге де қонақтарды ұшақтан түсе салысымен құттықтады.

Бес жыл бұрын біздің елде құрлық додасының өтуіне үлкен қолдау білдірген Азия олимпиадалық кеңесінің президенті ертеңгі ашылу салтанатына қатысады.

Қазақстанның спорттағы жетістіктерін жоғары бағалап жүретін шейх орта Азия мемлекеттерінде алғаш рет өткелі отырған ойындар сары құрлықтағы өзге елдерге үлгі боларлық екенін айтқан болатын.

Ал дүйсенбі күні Азия олимпиадалық кеңесінің кезекті 57-ші отырысы Астанада өтеді. Сары құрлықтағы кезекті ойындардың астанасы Сарыарқа төсінде шешіледі.

Жак Рогге мен Рене Фазель де келеді деп күтілуде

Сонымен қатар, бүгін халықаралық олимпиадалық комитеттің төрағасы Жак Рогге мен халықаралық хоккей федерациясының президенті Рене Фазель де келеді деп күтілуде.

Азиада ойындарының ашылу салтанатына Иорданияның ханзадасы  Файсал бен Хусеин мен Біріккен араб әмірліктерінің Абу-Даби (БАӘ) ханзадасы Мұхаммед бин Заид Әль-Нахаян келіп қатысатынын растады.


 

По сообщению сайта Nur.kz