Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстан Давостағы форумда сарапшылардың қызығушылығын тудырды

Дата: 30 января 2011 в 04:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақстан Давостағы форумда сарапшылардың қызығушылығын тудырды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форумда әлемдік сарапшылар қоғамдастығының зор қызығушылығын тудырды. 

Бұл туралы Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мен кеше Давоста болдым. Жолдау жолданып болғаннан кейін, уақыт айырмашылығына байланысты менде экономикалық форумға қатысып, Мемлекет басшысының Жолдауын таныстыруға мүмкіндік болды.

Президент Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның қол жеткізген жітістіктері және Елбасының кешегі Жолдауы бүкіл әлемдік сарапшылар қоғамдастығы тарапынан зор қызығушылық тудырғанын айтып өткім келеді», — деді К. Мәсімов.

Үкімет басшысының сөзіне қарағанда, әлемдік қоғамдастық тарапынан «Қазақстан 2009-2010 жылдар ішінде дағдарысты кезеңнен қалай өтеді» деген күдік болды.

«Қазіргі таңда еліміз қол жеткізген нәтижелер іс жүзінде барлық сарапшы және саяси қоғамдастықтың зор қызығушылығын тудырып отыр. Сондықтан да алдымызда тұрған ауқымды міндеттерді жүзеге асырудан зор үміт күтеміз», — деді Премьер-Министр.

По сообщению сайта Nur.kz