Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Караван — сарай

Дата: 30 января 2011 в 15:20

2 февраль, 2011 — 15:00
по 6 февраль, 2011 — 18:00

2 февраля 2011 года в «15-00» часов в Центральном Государственном музее Республики Казахстан открывается Центрально–Азиатская выставка прикладного искусства «Караван — сарай» в рамках программы «Культурная Азиада – 2011». Выставка представляет «живое» искусство Казахстана, Кыргызстана, Туркменистана, Таджикистана и Узбекистана.

Организаторы: Общественный Фонд «Our Heritage»
При поддержке: Министерства культуры РК, ЮНЕСКО, «Фонд Евразия Центральной Азии», «Шеврон», Kcell, Фонд Ержана Татищева

Центрально-Азиатская выставка прикладного искусства «Караван-сарай» будет открыта с 2 по 6 февраля 2011 года.

Ежедневная программа:

— Мастер-классы по традиционным казахским и центральноазиатским ремеслам

— Показ коллекций этнической одежды «Узоры Востока»

— Выставка изделий-победителей казахстанского конкурса «Шебер» и международного конкурса «Знак качества ЮНЕСКО»

— Выставка известных художников-прикладников Казахстана

— Ярмарка народных мастеров

— Концерт «Народные инструменты Азии»

 

Caravanserai

On February 2, 2011, at 3:00 p.m., in Central State Museum of Kazakhstan opens its doors for visitors of Central Asian Fair for Applied Arts «Caravanserai», organized within the framework of «Cultural Asiada 2011 in Almaty». It is a spectacular event that represents «live» art and embraces huge range of craftspeople, various styles, generations, geographical regions and interethnic contacts.

Organizers: «Our Heritage» Public Foundation
Under support of Ministry of Culture of Kazakhstan, UNESCO, Eurasia Foundation of Central Asia, of «Chevron» Corporation, Kcell, Yerzhan Tatishev Foundation. 

Central Asian Fair for Applied Arts «Caravanserai» takes place from February 2 to 6.

Daily program:

— Workshop on traditional Kazakh and Сentral Asian crafts

— «Oriental Patterns» Ethnic Clothing Fashion Show

— Exhibition of winning products of «Sheber» Kazakhstani Competition and «UNESCO Seal of Excellence» International Contest

— Exhibition of famous artists of applied arts from Kazakhstan

— Craft Fair

— «Folk instruments of Asia» Concert

 

Керуен – сарай

2011 жылы 2 ақпанда сағат 15-00-де Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұражайында «Мәдени Азиада – 2001 Алматыда» бағдарламасы аясында өтетін Орта-Азиялық «Керуен – сарай» қолданбалы өнер көрмесі – көптеген есімнамаларды, өнердің сан алуан түрлерін, ұрпақ қабаттарын, географиялық өңірлер мен ұлтаралық байланыстарды барынша кең қамтыған «жанды» өнерді таныстыратын жарна.

Орта-Азиялық «Керуен – сарай» қолданбалы өнер көрмесі 2011 жылдың ақпанының 2-нен 6-на дейін ашық болады.

Күнделікті бағдарлама:

— Дәстүрлі қазақ және ортаазиялық қолөнер кәсібі бойынша мастер-класстар

— «Шығыс оюлары» атты этникалық киім топтамасын көрсету

— Қазақстандық «Шебер» және «ЮНЕСКО-ның сапа белгісі» атты халықаралық байқаулар жеңімпаздары бұйымдарының көрмесі

— Қазақстанның атақты қолөнер суретшілерінің көрмесі

— Халық шеберлерінің жәрмеңкесі

— «Азияның халық аспаптары» концерті

Қатысушылар құрамы тек Қазақстан территориясымен ғана шектелмейді, оның ішінде Қырғызстанның, Түркменстанның, Тәжікстан мен Өзбекстанның халық шеберлері бар. Мұндай сауда-көрмелері таяу маңдағы республикалар мен Қазақстанның қолданбалы өнерімен кәсіби түрде айналысатын суретшілердің шығармашылық еңбегін көрсететін ортақ алаңы болып табылады.

«Кеурен-сарай» сауда-көрмесі ортақ шаралардың тәжірибесін, мақсаттары мен міндеттерін Орта Азия кеңістігінде осы күні еңбек етіп келе жатқан халық шеберлерінің өнімдері жайлы көп қатпарлы интерактивті ұғым беретін бірыңғай креативті көркемдік бүтіндікке жийнақтайды.

Жарна ашық түрде өтеді – бұл Қазақстанда өтетін үлкен спорт оқиғасына арналған Шығармашылықтың, Дарындардың мейрамы. Көрменің бағдарламасында – «Мастер-класс» принципі бойынша өткізілетін технологиялық үдерістерді көрсету. Халық шеберлері мен суретшілер мата мен киізден жасалған, зергерлік бұйымдардың, кестеленген, тері мен күйіктастан істелген бұйымдардын жасау процесін іс жүзінде көрсетеді. Көрерменнің осы шығармашылық процесті бақылауға, тіпті, осы бұйымдарды өзі де жасауына мүмкіншілік туады.

Жасампаздық идеялардың пластикалық синтезі мұражай алдындағы кеңістік алаңының безендіруінен де білінеді. Нарымбетов Молдақұлдың, шын мәнісінде Contemporary art объектісін мегзейтін, тік тұрған күңгүрт тас мүсіндерінің ауқымды бейнеулері Дін негізгі көркемдік концепциясымен және ата-бабаларға табынушылықпен, түркінің монументтік пластикасымен байланыста тұр.

Залда орнатылған Әлем Дарағы бейнесі әлемнің барлық құрылымын біріктіріп, әлем осі, орталығы мен жатық кеңістіктің бастауы міндетін атқарып тұр. Түрлі-түсті кішкене ленталар, жер жүзінің құдіретті күшіне өтініш ету сияқты тілектердің орындалуына себепші болады.

Атақты сәнгерлердің (Балнұр Асанова, Балхия Досанова, Татьяна Воротникова мен Валентина Романенко), қолөнер шеберлері Жанқұтты Күляннің, Шермұханбетова Эльмираның, кәсіпқой суретші Бапанова Сәуленің этникалық киімдерінің фэшн-шоу топтамасын көрсету — бұл мейрамның тағы да бір маңызды оқиғаларының бірі. Әр костюм ашық ырғақтылығымен, бояу реңктерінің өзіндік арақатынасымен, аясы мен ою-өрнегінің өзара әрекетімен, үйлесімділігімен, икемді сұлбасымен белгілі бір дәстүрлік заңдарға сүйеніп жасалған. Осы заманға сай киім үлгілерін жобалау барысында тапқан дәстүрлі және бірегей дизайнерлік әдісін қолданып, еш бір тігіссіз киізден жасалған С.Бапанованың киім топтамасы жаңа идеяларды, жаңа міндеттерді жүзеге асыруға көмектесетін ерекше көркемдік тәсілімен мамандардың көңілін аударады.

Бөлек стендтарда «Шебер-2010» және «ЮНЕСКО-ның сапа белгісі» атты қазақстандық байқауының жеңімпаздарының бұйымдары орналастырылған. Бұл жарыстар қоғамның рухани-адамгершілік аман-саулығын, оның патриоттық ұстанымдарын, интеллектік потенциалын қамтамасыз ететін қолөнер ошақтарын қайта жаңғыртып, сақтау үндеуімен өтті. Тәжірибе алмасу, білім көбейту, кәсіби деңгейді көтеру, әр түрлі бағыттағы жаңа технологиялық жетістіктермен танысу өз нәтижесін берді. Он үш қазақстандық қолөнер шебері ЮНЕСКО-ның халықаралық байқауында жоғары көркемдік дәрежесі, этникалық стильдегі өзіндік дизайн мен орындау шеберлігі үшін бәйгелі орындарға ие болды.

Халық өнері үлкен әлеуметтік және көркемдік құбылыс ретінде, көрнекті эстетикалық және моральдық-этникалық кодекс, ұлттың мызғымас материалдық және моральдық күші ретінде, қоғамды гуманизациялау мен ғылымды дамыту үшін дүниежүзілік экономикалық және мәдени қауымдастыққа еліміздің қарқынды интеграциялануына ықпал жасайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады.

Бүгінгі күні республикамыздың қолданбалы өнерімен айналысатын кәсіби суретшілер бүкіләлемдік мәдени процесінде өздеріне тиісті орындарын тапты. Олардың есімдері көптеген елдерге танымал: С. Баширов, Р. Қожахметов, Ш.Гулиев, С. мен Ә. Бапановтар, И.Ярема, Ж.Үмбетов пен А. Иханова, А. Бекқұлова және т.б..

Қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі – бұл творчестволық қиялдың орасан зор диапазоны, оюлар, бояулар мен технологиялылықтардың әр түрлілігі, көркем де жанды өнер, сабақтас шеберліктің негізі, ұлттық, көркемдік мұрамен, қайнар көзімен өзара байланысы. Бұл жарнада бұйымдардың жасау процесін көрсететін, шығармашылық процестің шексіз мүмкіншіліктерін, материалдың фактурасын шебер пайдалануын, бұымдардың мінсіз жасалуын, көне архетиптердің жаңа ағымдармен қиысуын толық жеткізе алатын Мастер-класстар ерекше орын алады. Қайта жаңғырту бағдарламасының жұмыс істеу мерзімі ішінде түрлі қолөнер кәсібі бойынша мықты жаттықтырушылар командасы дайындалды: А.Рысбаев (Түркістан), З.Календерова (Қзылорда), А.Сағынааева (Ақтау), Э.Шермұхамбетова (Шымкент), Г.Қожамжарова (ШҚО), Б.Симова (Шымкент), Р.Сейфолла (Алматы), Т.Гусева (Алматы) және т.б..

Шим ши (тоқыма) дайындағанда көлденең сызықтар утка мен негіздің жіптерімен ретке келтіріледі. Шим ши киіз үйдің ішкі безендіруінде ерекше роль атқарады. Тоқыма арасына қоса өріліп олар сонымен бірге желдеткіш торы мен витраж ролін атқарады. Шим ши жасау өте көп еңбекті талап ететін жұмыс, бірақ З.Календарова ою мен бояу ұйқасуының ең қарапайым түрлерімен бірге аса күрделі құрамда және оның өз түсінігіне байланысты жасайды, оюлар оның қолында жандана түскендей болады. Осының бәрін көрермен өз көзімен көреді.

Тұрақсыз формадағы конструктивті өмірлік күштерді күйіктас шебері А.Рысбаев көркем көрсете білген. Абай – көзеші. Ол ұзақ жылдар бойы оның құпиясын шешуге тырысып, әйгілі отырар күйіктасын зерттеген, Түркістандағы Ахмед Яссауи кесенесінің жаңғыртушысы болып қызмет істеген. Оның құмыралары – көне заманның дәстүрлерін жалғастыруы.

Бай тәжірибе, халық мұрасын зерттеу, жұмысындағы ықтияттылық пен ұқыптылық А.Сағынаеваға мақпалға моншақпен күрделі де алуан түрлі кестелер тігуге жағдай туғызады. Бұл әдісті жеке адамдар ғана біледі және қолданады.

Күмбезді сырықтырдың үстіндегі түрлі-түсті көркем тоқымалардың сәнділігі, жарық түскенде спектрлі қорымдардай әсер ететін шаңырақтан салбырап тұрған шашақ шоқтары Э.Шермұхамбетованың қолында жандана түседі. Бірақ, Эльмира оларды киім аксессуарлары мен әшекей сияқты функционалды және кішігірім көлемде жасайды.

Екі шебер әйел, біреуі ШҚО-нан (Қатон-Қарағай ауданы) Қожамжарова Г., екіншісі Симова Б. Шымкент қаласынан тоқымашылық өнерінен мастер-класс өткізеді. Олар алаша тоқу процессін көрсетеді. Оюлары мен бояулары алуан түрлі алашалар композициялық жағынан ою-өрнектің вертикаль бойынша графикалық үлгісі қолданылады. Ветрикальді оюлар көлденең жіктеулерді айқындай түседі. Алашаның басқа тоқыма кілемдерінен айырмашылығы осыда.

Рыстан С. Үшін тері – ол бояу мен көлем, графика мен мүсін, еңбектерінде ол заттылықты біржақты ұғынудан гөрі пластиканың күрделі ұғымына қарай бейім. Ол бедер мен мозаиканы үйлестіріп, жазықтық және ауқымды элементтерді салыстыра отырып, тесік қалқаларды тоқыма шашақтармен бірге пайдалану арқылы өз сезімдерін жаңаша айтып жеткізетін әдіс-тәсілдер табуға үнемі ізденіс үстінде. Осы ғажайыптың бәрін өз көзіңізбен көріп, қатысуыңызға болады.

«Құрақ» тәсілінде орындалған алуан түрлі бұйымдарды (көрпе, жастық, панно, киімдер) ерекше атап өтуге болады. Талғампаз тұтынушының барлық талаптарына сай келетін бұл бұйымдардың сұранысы мол. Құрастыру жағынан олар нақты бір бейне бермейді, адам зердесінің көркемдік символы ретінде болады. Өзара құбылмалы композициямен байланысып, түрлі түсті көріністерден құралған олар белгілі бір тәртіп бойынша әрқайсысы тура өз орынына түседі. Б.Аманқұлова мен түрлі байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы Т.Гусева мына құтырған түрлі-түсті бояулар арасынад өзін табиғи қалпында сезінеді. Оюларды таңдау кезіндегі асқан әдептілік, көркемдік сезімі мен албырт қиялы ең күрделі де айқыш-ұйқыш оюларды суеттеуге көмектеседі.

Киіздің сан алуан түрлерін пайдалану дәстүрі осы күнге дейін сақталған. Киізден жасалған көптеген аксессуарлар (конус тәрізді, дөңгелек, сопақ, геометриялық формада жасалған бас киімдер, үлкен-кіші моншақтар, шаршы пішінді, қауын сияқты сопақ, жайпақ, үлкен көлемді жастықтар, заманға сай үлгілеу талаптарына сәйкес тігілген киімдер, қондырғылы өнер түріндегі декоративтік картиналар және т.б.), осылардың әрқайсысының өз қадірлеушісі бар. Әр жұмыс өз алдына дара, көркемдік сипаты мен ерекше дизайны бар. Технологияның арқасында жұмыстың әрқайсысында бояу негіздің арқауы боп, дақ, сызық, нүкте, түрлі оюлар іспетті жайылып кетеді. Киіз бойынша мастер-класты Бейсенова Жұпар өткізеді (осы заманғы әдіс), Жанқұтты Күлән (дәстүрлі әдіс).

Зергерлік өнері мен металл пластикасы бойынша мастер-класты атақты суретшілер С.Баширов, А.Мұқажанов пен К.Тасов өткізеді. Олар түрлі техникаларды көрсетеді (құйма, шыңдау, бұрама, қалыптау, эмальмен аптау және т.б.).

Осының бәрі танымдық мейрам сияқты, Жақсылықтың, Бейбітшілік пен Ынтымақтың ерекше атмосферасын құрайды. Осы жарнаның біраз қатысушыларына бұл өз еңбектеріне есеп беруі сияқты, өйткені көптеген шеберлер үшін қолөнер нағыз шығармашылық кәсіпке айналды.

 

Ұйымдастырушылар: «Our Heritage» Қоғамдық Қоры.
Осыдан төрт жыл бұрын «Шеврон» компаниясының, Орта Азияның Евразия Қорының, ЮНЕСКО-ның, Kcell, Ержан Татишевтың Коры, ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен «Our Heritage» Қоғамдық Қоры өткізген «Қолөнерді дамыту мен халық көркемдік кәсіпшілікті қайта жаңғырту» бағдарламасы бастау алды, Президенті А.Бекқұлова. Осы мерзім ішінде Қазақстанның барлық аймақтарында тұратын өнер шеберлеріне көмек көрсету, қолөнер ошақтарын сақтау (шеберлер жайлы дерекқор жасау, кәсіби және бизнес – оқытуы бойынша тренингтер, халықаралық конференциялар,байқаулар, есептік көрме-жәрмеңкелері және т.б.) барысында орасан зор жұмыс жасалды. Бүл күндері, дүниежүзі жұртшылығының назары елімізде өтетін спорт оқиғасына қадалып тұрғанда, ҚҚ тәжірибесі мол қызметкерлер құрамы (Т.Гусева, А.Бекқұлова, Әсия Бодровая) дайындаған көркемдік тұсаукесері жиған-терген тәжірибенің есебі іспетті.

c 2.02.2011 15:00 по 6.02.2011 18:00

Центральный Государственный музей Республики Казахстан
Алматы, ул.Фурманова, 44
Время работы выставки: с 10 до 18-00

Central State Museum of Kazakhstan
44, Furmanov st., Almaty
Opening hours: from 10:00 a.m. to 6:00 p.m.

Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұражайында
Алматы қаласы, Фурманов көшесі, 44
Көрменің жұмыс істеу уақыты: сағат 10-нан 18-00 дейін.

 


По сообщению сайта арба.ру