Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Әскери институтында ерекше сынақ өтті

Дата: 31 января 2011 в 09:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Әскери институтында ерекше сынақ өтті

Алматыдағы Құрлық Әскерлері әскери институтында ерекше сынақ өтті.

Отандық ғалымдар 15 минутта адамның психологиялық-физиологиялық жағдайынан шынайы ақпарат беретін қондырғыны тәжірибеден өткізді. Әскерилер осылайша сарбаздар арасында жиілеп кеткен суицидтің алдын алып, мінез құлықтарының осал тұстарын анықтамақ. Жаңа қондырғыны көріп қайтқан тілшіміз Жазира Бегалының репортажы.  

Бүгін психологтың жұмысын мына қондырғы атқарып жатыр.

Әрбір курсант компьютердегі нұсқауды бұлжытпай орындауы керек. Нәтижесінде еңбекке құлшынысы, мінез-құлқындағы мін, тіпті кейбірінің ұрлығы да әшкереленуі ықтимал. Қондырғыны құрастырған маманның өзі бұл сынақтан өтуге жүрексінетінін жасырмады.

Талғат Иманов — қондырғыны құрастырушы

«Себебі мен бұл приборды жақсы білем, қол астымдағы жұмысшылардан ұялам, өзім сыра-араққа құмармын. Бұл жерде бір-екі текст бар, супружеский верность, одан да өткім келмейді». 

Ал, әскери мамандар бұл жаңалықты жатырқаған жоқ. Бүгіннен бастап қондырғының құдіретін байқауға бел буды.  

Аркен Ташубаев — ҚР құрлық әскерлері әскери институтының бөлім бастығы

Қоғамдағы әрқилы жағдайлар біздің Қарулы Күштерге де әсер етіп жатады

«Қоғамдағы әрқилы жағдайлар біздің Қарулы Күштерге де әсер етіп жатады. Тығырықтан шығудың жолын іздейміз. Сондықтан осы қондырғыны тәжірибеден өткізіп, зерттеуіміз керек».

Құралдың құны да арзан емес. 800 мың теңге.

 Курсанттар, жауынгерлер, офицерлер, тіптен оқу орны басшылары да сынақтан өтеді. 50 әскери маманға жүргізілген тест нәтижесі 5-ақпанда әзір болады. Ал, қондырғыны сатып алу мәселесін Қорғаныс Министрлігі шешуі тиіс.

По сообщению сайта Nur.kz