Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Референдумға нүкте қойылды

Дата: 31 января 2011 в 14:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Референдумға нүкте қойылды

Өткен жылдың соңынан басталған референдум жайлы түрлі деңгейдегі әңгімелерге конститутциялық кеңес нүкте қойды. Семейден басталып, барлық өңірге өрттей қаулап лезде тараған еді. Әрине, мұндай саяси шешімдерге ұласатын бастамалар әкім-қаралардың арасында Ақорданың көзіне түсіп қалу жарысын жел тиген оттай қылғаны тағы рас.

Конституциялық Кеңес Президенттің өкілеттігін референдум арқылы 2020-ншы жылға дейін ұзарту мәселесі бойынша Конститутцияға  өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі парламент қабылдаған заңды Қазақстанның Конституциясына сәйкес емес деп таныды.

— Конституциялық Кеңес 2011 жылғы 14 қаңтарда Парламент қабылдаған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерту мен толықтыру енгізу туралы Заңды Конституцияға сәйкес емес деп тануды қаулы етеді», -деді Игорь Рогов.

Бұл заңға қол қойылмайды және ол күшіне енгізілмейді. Конституциялық Кеңестің қаулысы қабылданған күннен бастап күшіне енеді және шағымдануға жатпайды.

Айтпақшы, елдің басты құжаты — Конститутцияға өздерінің қабылдаған заңдары қайшы келетінін білмей қалған депутат мырзалардың да өрекпіген көңілдері су сепкендей басылған шығар-ау...

 

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы