Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Парламент тарап, Мәсімов үкіметі отставкға кетуі мүмкін

Дата: 31 января 2011 в 16:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Парламент тарап, Мәсімов үкіметі отставкға кетуі мүмкін

Референдумға қатысты Конституциялық кеңес өз шешімін айтты. Кеңестің референдумды өткізуге қарсы болуына мелекеттік хатшы — сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың Батыс сапарынан кешігіп жатуы ықпал етті дейді Астанадағы ұзынқұлақтың бірі. Қысқасы, бүгін сағат 17.00-де Президент Назарбаев мәлімдеме жасайды. Естеріңізге сала кетейік, осыдан аз ғана күн бұрын, яғни қаңтардың 28-інде Назарбаев Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауын жасаған еді. Енді, міне, мәлімдеме. Мәлімдемеде Назарбаев референдумды қолдап дауыс берген халыққа, ұйымдастырушыларға, Атазаңға өзгеріс енгізуге талпынған параламент депуттарына алғыс айтуы мүмкін. Депуттарға рахмет айта отырып, Елбасының ветосын еңсеріп кеткен Заң шығарушы органды таратып жіберуі де ықтимал. Өйткені бұл парламент Президенттің қарсылығына қыңбайтын, ел ішінде  төтенше саяси жағдай қалыптастыруға шақ қалған парламент болды ғой! Бұндай болжамды парламент депуттарының қайсібірі, мысалы Айгүл Соловьева сияқты ханымдар жоққа шығармайды.
«Парламент Елбасының қарсылығына қарамады, Конституцияға өзгеріс енгізе жаздады. Алайда, Конституциялық кеңес парламенттің ұсынысын кері қайтарды. Сондықтан Президенттің парламентті таратытып жіберуге толық құқы бар», — дейді ол.
Өткен сенбіде «Азат» ЖСДП Алматыда үлкен жиын жасап референдумға қарсылық танытқан болатын. Ұлтышыл күштердің жетекшісі Мұхтар Шаханов та Парламентті таратып жіберу керек деп отыр.
Мәлімдеменің барысында Мәсімов үкіметінің отставкаға аттануы да ғажап емес. Және алдағы сайлаулардың өтетін мерзімі жария болуы да кәдік.
Кешкі бес дегеніміз кеш емес, күн ұзарып келеді ғой. Күтейік.

«Абай-ақпарат»

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы

Читайте также