Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Алматыда қазақ поэзиясының жұлдызына арналған кеш өтті

Дата: 01 февраля 2011 в 08:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Алматыда қазақ поэзиясының жұлдызына арналған кеш өтті

Алматыда Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Сірә, мен өлмейтін шығармын» деген тақырыпта ақиық ақын М.Мақатаевтың 80 жылдығы мен №140 мектеп-гимназияның 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш болып өтті.

Поэзия жұлдызына арналған кеште Мұқағали Мақатаевтің өлеңдері оқылып, ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалды. Сонымен қатар, «Мұқағали» атты қойылым көрсетілді. 

Аталмыш шараға мұрындық болған, М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназияның директоры Сәния Тілеубайдың айтуынша, шара өлең өнеріміздің көсегесін көгерткен тұлғалардың бірегейі, қазақ классикалық поэзиясының марқасқасы, өмірі өлең, өлеңі өмірге айналған Мұқағали Мақатаевтың  туған күніне арналады.

Бүгінде Мұқағали өлеңдерін сүйіп оқымайтын қазақ жоқ.

«Осы айтулы мерейтойға орай бұл шараны өткізіп отырмыз. Мұндағы мақсат — ақын өлеңдерін насихаттау,   жас өскіннің бойында патриоттық сезім тәрбиелеу және ақынның мерейтойын халыққа қала көлемінде ұсыну болып табылады»,-деді ҚР білім беру ісінің үздігі Сәния Тілеубай.

Мұқағали мұрасы — ұлттық мұраға қосылған асыл қазыналардың бірі

Оның айтуынша, Мұқағали мұрасы — ұлттық мұраға қосылған асыл қазыналардың бірі. «Бүгінде Мұқағали өлеңдерін сүйіп оқымайтын қазақ жоқ. Оның нәзік поэзиясы жырсүйер әр жанның жүректерінен ойып орын алды. Бұл Мұқағали жырларының мәңгілік екендігін көрсетеді. Ендігі жерде ақынның сыр сандығын ақтарып, оны өсу мен өркендеудің ұлағатты үрдісіне лайықты пайдалану міндеті бәріміздің еншімізде қалып отыр. Мұқағалидай ақыны бар халық — бақытты халық!», — деп атап өтті Сәния Тілеубай.

 Кешке келген қауым бүгінгі ұрпақтың ақын өнерін, шығармашылығын қастерлей білетіндіктеріне көз жеткізіп қайтты.

По сообщению сайта Nur.kz