Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ресейде Борис Ельциннің 80 жылдығына арналған шаралар өткізуліде

Дата: 01 февраля 2011 в 08:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ресейде Борис Ельциннің 80 жылдығына арналған шаралар өткізуліде

Екатеринборда Ресейдің тұңғыш президенті Борис Ельцинге арналған көрме ашылды, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

Борис Ельциннің туғанына 80 жыл және РФ президенті тағына отырғанына 20 жыл толуына арналған шаралар 26 қаңтарда басталған болатын және ол 6 наурызға дейін Мәскеу, Екатеринбор, Пермь және Қазан қалаларында жалғасады. Оның аясында көрмелер, кітаптардың таныстырылымдары, концерттер, теннис турнирі, сондай-ақ ескерткіштің ашылуы өтеді.

«Екатеринбордың тарих мұражайында 31 қаңтарда ашылатын көрмеге 1991 жылдың басты оқиғаларын баяндайтын құжаттар, фото және бейнематериалдар, газеттер жарияланымдары, мұрағаттық жәдігерліктер қойылады», — делінген қала тарихы мұражайының хабарламасында.

Борис Ельцин 1931 жылы 1 ақпанда Свердлов облысының Талицкий ауданы Бутка селосында дүниеге келген.

Орал мемлекеттік техникалық университетінің құрылыс бөлімін бітірген. Партиялық мансабын 1968 жылы Свердлов облыстық партия комитеті құрылыс бөлімінің меңгерушісі болып бастады. Одан кейін облыстық партия комитетінің хатшысы (1975-1976), бірінші хатшысы (1975-1985) болып сайланды.

Ельцин Ресейдің тұңғыш президенті орынтағына 1991 жылы 12 маусымда сайланып, бұл қызметті 1999 жылғы 31 желтоқсанға дейін атқарды. Ол 2007 жылы 23 сәуірде 77-ге қараған жасында дүниеден өтті.

2008 жылы Урал мемлекеттік техникалық институтына және Екатеринбор қаласы көшелерінің біріне Ельциннің есімі берілді.

По сообщению сайта Nur.kz