Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

НАТО-ның штаб-пәтерінде елші Е.Өтембаев Альянстың Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия жөніндегі жаңа арнайы өкілімен кездесті

Дата: 01 февраля 2011 в 10:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

БРЮССЕЛЬ. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ — Брюссельдегі НАТО-ның штаб-пәтерінде НАТО жанындағы Қазақстан миссиясының басшысы Ерік Өтембаев Солтүстікатлантикалық альянстың Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия жөніндегі жаңа арнайы өкілі Джеймс Аппартуаймен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан миссиясының басшысы арнайы өкілді Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауы жайлы хабардар етті. Е.Өтембаев Қазақстанның НАТО-мен екіжақты ынтымақтастығы аталып өтілген осы құжаттың халықаралық аспектілеріне тоқталып өтті. Атап айтқанда, тараптар Алматыда Ауғанстан мәселесі жөнінде арнайы донорлық конференция өткізу жөніндегі Мемлекет басшысының бастамасын талқыға салды.

Тараптар сондай-ақ Қазақстан мен НАТО қарым-қатынасының даму болашағын мен қазіргі жағдайын, сонымен қатар ортақ мүддеге ие аймақтық және халықаралық сипаттағы мәселелерді қарады.

Дж.Аппартуай Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету қорытындысына жоғары бағасын беріп, біздің еліміздің орталықазиялық өңірдегі, сонымен қатар Ауғанстандағы тұрақтылық мәселесінде үлкен рөл атқаратынын атап өтті.

НАТО Бас хатшысының арнайы өкілі жаһандық және аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөніндегі  ҚР-мен арадағы бірлесен уағдаластықтардың алға басу қарқынын атап өтті. Ол Солтүстікатлантикалық альянс пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас тұрақты әрі қарқынды даму үдерісін көрсетіп келеді деп атап өтті.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы