Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Болат Мүрсәлім. Ұлт қабілеті және жүйе

Дата: 01 февраля 2011 в 14:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Болат Мүрсәлім. Ұлт қабілеті және жүйе

Қазақтың ұлт ретіндегі қабілет-қарымы, мемлекеттілік дәстүрлерінің бастаулары дүниедегі ешбір халықтан кем болмаса керек. Бұрын да, бүгін де. Бірақ, Мұқағалидың: «Барлық ісі басталған, басталған да тасталған» деген сөзі еске түскенде, қазақтың көрешек қызығы туралы тәтті қиялдың күл-талқаны шықпаса да, ит-құс тартқандай берекесі қашары анық.

Советтік жүйенің науқаншылдығына, қазақтың дабыралығына жабарыңды білмей дал болатын талай акцияны қиқумен өткіздік. Біз не бастамадық деңіз?

«Көшпенділердің» сценарийін шетелге жаздыртып, шетелдік режиссерлерге түсірттік. Үйренеміз дедік. Не үйрендік? Касса жинаудың әдісін бе, жарқыл-жұрқыл эффект жасауды ма? Жалпы, «Көшпенділер» қанша касса жинады һәм шетелге қазақты қаншалықты танытып тастады?

Нобельдік сыйлықтың иегерлерінің кеңесімен қаншама экономикалық жобалар жасадық. Стратегиялары құрылды, тактикалары анықталды. Индустриялы даму дедік. Олай емес, кластер дұрыс екен. Ең абзалы — бәсекеге қабілеттілік. Шындап келгенде, осының бәрі бір нәрсе. Әлемдік тәжірибеде әрқайсысы әртүрлі аталған, бірі аяқ, бірі қол сияқты тұтас ағзаның компоненттері. Соның бәрі «әуелі сөз, содан кейін — экономика» болып қала берді. Неге? Портердің «бәсекеге қабілеттілік» теориясы экономикалық дамудың жүрек лүпілін дәл басқан дүние еді ғой. Ол жарықтық неге қазаққа келгенде іске аспады?

«Мәдени мұраны» әлемде теңдессіз жоба дедік. Әлемді білмедік, отарлық езгіден шері ішінде қатқан қазақ үшін теңдессіз бастама болды. Қазақ гуманитарлық ғылымы  жиырма жыл емін-еркін талдау жасайтын материал жиналды. Алайда, талдау ғылым болса, жинақтау, аудару, жарыққа шығару көбінше техникалық жұмыс емес пе? Біз неге бүгінгі көзі тірі өнерпаз қауымды, авторлық шығарма тудыра алатын саусақпен санарлық тұлғаларды ұмыттық? Шаң басқан архивтерді қопарған дұрыс, дегенмен өнердегі эстетикалық талғам төмендеген сайын, бұқаралық-коммерциялық шоу қақшаңдаған сайын тұтас шығармашылық ғұмырлар дәстүрі үзіліп бара жатқан жоқ па? Архивациядан гөрі бүгінгі мәдениеттің тууы, оның талғамды тұрғыда насихатталуы әлдеқайда маңызды емес пе?

Осы күні қазақ есеп шығарса, үшке төртті қосса, бес болатын болды. Ал, төртке төртті қосса, онда да бес болады. Өйткені, қанша адам дауыс берсе де, кім қандай шаруа атқарса да, қазаққа нәтиже маңызды һәм әу бастан белгілі. Бастай сал, тастай сал, мазмұны нөл болса да, формасы беске аяқталсын! Бүгінгі қазақтың формуласы осы. Қазақтың ұлттық қабілетін ешкімнен кем дей алмаспыз, қазақтың әрбір ісін кері кетіріп отырған — осы жүйесіздік. Бірдің басы, бірдің аяғы. Біздің осы мақаламыз сияқты.

«Абай-ақпарат»

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы