Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақтың Хадишасы қайтпас сапарға аттанды

Дата: 01 февраля 2011 в 15:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақтың Хадишасы қайтпас сапарға аттанды

Қазақтың қас талант актрисасы, қазақ театрының ошағын қалап, отын жаққан, бірінен-бірі оза шапқан қазақ өнерпаздарының және күллі қазақ театрының ұстазы, Қазақстанның халық әртісі, КСРО халық әртісі Хадиша Бөкеева 93 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Дүние ғайып. Қазақ театр өнері үшін былтыр тұлпар таланттардың бірінен соң бірінен айырылған азалы жыл болып еді. Енді, міне, Хадиша апамызда қайтпас сапарға аттанды.

Барша қазаққа қайғыра көңіл айтамыз.

«Абай» ақпараттық порталының ұжымы

Батыс Қазақстан Облысы, Қазталов ауылында дүниеге келген Хадиша Бөкеева алғашқы сахналық қадамын көркемөнерпаздар үйірмесінен бастаған еді. 1938 жылы Ленинградтың мемлекеттік сахна өнері техникумының қазақ студиясын бітірген ол Шымкент облыстық Қазақ драма театрында, ал 1942 жылдан Алматыдағы Қазақ драма театрында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, ел есінде қалған талай рольдерді тамаша орындады. Ол   сомдаған  рольдердің  ішінде Сәуленің (Әбішевтің  «Достық пен  махабаты»),   Қарлығаның (Әуезовтың  «Қобыланды»),   Мехмене Банудың (Назым Хикметтің «Махаббат туралы аңызы»),   Катаринаның (Шекспирдің «Укрощение строптивой»),  Сәуленің (Т.Ахтановтың осы аттас туындысы),    Тханьның  (Куприяновтың «Звезда Вьетнама»  туындысы)  рольдері бар.

1957 жылы  Қазақстанның халық әртісі, 1964 жылы КСРО халық әртісі атанған өнер саңлағы ұстаздық қызметпен де айналысып, профессор (1974) атағына ие болды. Елге танымал көптеген сахна шеберлерін тәрбиелеп, Ленин, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы