Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Университеттер колледж деңгейіне түседі

Дата: 01 февраля 2011 в 19:40

Университеттер колледж деңгейіне түседі

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Президенттің Қазақстан халқына жолдауын түсіндіруге арналған жиын барысында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов осылай мәлім етті.

«Білім және ғылым министрлігіне келгенде ең өзекті мәселенің бірі кәсіптік-техникалық білім беруге қатысты болғаны белгілі. Біз индустриялық-инновациялық стратегия туралы айта келе, кадрлармен қамтамасыз етуді де жоғары деңгейде ұйымдастыруға тиіспіз. Кадрмен қамту өте әлсіз. Сондықтан да, Елбасы жолдауында осы мәселеге назар аударылып, бұған бизнес пен жұмыс берушілерді де тарту мәселесі қарастырылды. Ал мамандарды сертификаттауды сол жұмыс берушілерге беруіміз керек. Өйткені, маман соларға керек», — деді Б. Жұмағұлов.

Сонымен қатар, министр жоғары білім беру саласына қойылған міндеттерге тоқтала келе, атқарылатын шараларға да назар аударды.

«Елбасы тапсырмасына сәйкес, алдағы уақытта жоғары оқу орындарын жіктеуге кірісетін боламыз. Бұл ретте оқу орындары 6 сатыға бөлінеді. Атап айтсақ, ұлттық жоғары оқу орындары, зерттеу университеті, университеттер, академиялар, институттар секілді сатыдан тұрады. Сондықтан да, еліміздегі университеттердің деңгейі институт пен академияның деңгейіне де іліне алмаса, атына заты сай болмаса, оларды колледж деңгейіне түсіретін боламыз», — деді Б. Жұмағұлов.

По сообщению сайта Nur.kz