Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстандық хоккейшілер Азиадада қытайлықтарды 14:1 есебімен жеңді

Дата: 02 февраля 2011 в 10:30 Категория: Новости спорта

АСТАНА, 2 ақп — Қазақстан жаңалықтары АА. Хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы қытайлық спортшыларға қарсы жарыста нығыз жеңіске жетті. Матч жарыстар иесінің есебіне 14:1 ұпаймен шешілді, деп хабарланады VII қысқы ойындарының сайтында.

Қазақстандық құрама ойыншылары қарсылас қақпасының алдында қауіпті сәттер жасап, кездесудің бірінші кезеңінен бастап-ақ басымдық танытты. Төртінші минутта Қазақстан құрамасының капитаны Талғат Жайлауов (капитан жапсырмасымен құраманың құрамында мұзға алғаш шығуы) шайбаны бергеннен кейін Вадим Краснослободцев матчта есепті ашты. Үш минут өткен соң қожайындардың басымдығын Роман Старченко еселесе, тағы екі минуттан кейін Евгений Рымарев есепті ірілей түсті. Бірінші кезеңнің нүктесін сиренаға бір минут қалғанда Алексей Васильченко қойды. Отандас-спортшылар басымдыққа ие болғанымен, екінші жиырмаминуттықта қарсыластарға ұзақ уақыт соққы бере алмады.

Дегенмен 34 пен 38-ші минут аралығында қытайлықтардың қақпасына үш шайба соғылды. Шайбаны салғандар Роман Старченко, Евгений Фадеев пен Алексей Литвиненко.

Үшінші кезеңде қазақстандықтар Евгений Рымаревтың және Илья Соларевтардың арқасында есепті 9:0 етті де, қытайлық көршілерге 1 шайба соғу мүмкіндігін берді. Қазақстандық қақпашы Виталий Еремеевке «шутаут» жасауға мүмкіндік бермеген қытайлық спортшы Дахай Ван (Dahai Wang) еді. Қақпаға кірген шайба жарыс иелерін бір серпілтіп тастады: төрт минутта қытайлық команданың қақпасына төрт шайба қағылды. Бір-бірден Талғат Жайлауов, Роман Старченко, Андрей Гаврилин мен Алексей Ливтиненко көзге түсті. Кездесудің аяқталуына бір минут қалғанда Евгений Фадеев те гол соқты.

Қазақстан құрамасы үшін бастапқы жарыстарға мемлекет басшылығында тұрған бірқатар тұлғалар: Президент Нұрсұлтан Назарбаев, Премьер-министр Кәрим Мәсімов, ҰҚК-нің төрағасы Нұртай Абықаев, Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков, Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов, сондай-ақ Халықаралық хоккей федерациясының президенті Рене Фазель және қазақстандық хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин келгенін айта кеткен жөн.

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы