Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Сансызбай Нұрбаба. Үрейлі үкімет азық-түлік бағасын бағындыра алмайды

Дата: 02 февраля 2011 в 14:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Сансызбай Нұрбаба. Үрейлі үкімет  азық-түлік бағасын бағындыра алмайды

Әйтеміз-бүйтеміз деген әңгіме айтқанға ғана жақсы. Мысалы, желтоқсан тамамдалып, қоян жылының жоны көрінгенде-ақ үкімет басшысы Кәрім Мәсімов: «2011-ші жылдың басымдығы: біздің барлығымыз қатаң бақылауда ұстауымыз керек нәрселер — инфляция мен әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мәселесі болады», — деген-ді. Тыңдаған жұртты «е, бәсе» дегізердей әдемі сөз. Бірақ реттелген не бар? Түк те жоқ. Азық-түлік бағасы қымбаттаған үстіне қымбаттап жатыр. Тіпті қымбатшылық дейтін дөкейіңіз сөзге ұтқыр болғанмен, іске шорқақ үкіметті шалқасынан түсіріп, кеудесіне мініп алғандай әсер қалдырады.

Сыртқы
саудаға сын көп

Сол жиында премьер-ми¬нистр азық-түлік бағасы бүгінгі күні бүкіл әлемдегі нөмірі бірінші мәселе дегенді де жұрт жадына салып қойған. Әрине, мұны Кә¬рім Мәсімов аспаннан алды дей алмаймыз. Бірінші кезекте ол «қымбатшылық Қазақстанға ғана қатысты емес, бүткіл дүние жүзі» осы мәселемен арпалысып жатыр» дегенді айтып, үрей билеген өз үкіметін ақтап қа¬лу¬дың амалын жасаған еді.
Халықтың қарнын тойдыру барша шаруаның алдына шыққаны да рас. Егер ең қажетті деген азық-түлік өнімдерін алдағы уақытта барынша арттырмаса, адам¬заттың ахуалы қазіргіден де төмендейді дейтін мәліметті басқа емес, БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы таратып отыр. Оларға сенсек, 2011 жылы ең кедей елдерде азық-түлік 11 пайыз, азық-түлікке зәрулігі жоғары елдерде 20 пайыз қымбаттайды. Жылдың соңына қарай дүниежүзі бо¬йынша дәнді дақылдар қоры 7 пайыз, оның ішінде арпа 35 па¬й¬ыз, жүгері 12 пайыз, астық 10 пайыз азаяды.
•    Алайда Мәсімовтің айласында астар бар. Айталық, азық-түлік қымбаттаса, кімдер жапа шегеді? Әрине, өздері ештеме өндірмейтін импортқа тәуелді елдер алдымен жұтайды. Керісін¬ше, аграрлы мемлекеттер пайда табуға тиіс. Сонда Қазақстан бұл тараптың қайсысына жатады? Әрине, екіншісіне. Ендеше, әлемдегі азық-түліктің тапшылығынан біздің үкімет неге қорқуы керек?
Расын айтқанда, Қазақстан¬ның аграрлық саладағы сыртқы саясаты тым әлсіз. Бұған бір мысал келтірейік. 2009 жылы премь¬ердің бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев бастаған қазақ¬стандық делегация Қытайға сапар шеккен. Қорытындысында Ө. Шүкеев пен ҚХР-дың Мемле¬кеттік Кеңесі премьерінің орынбасары Ван Ци Щань қол алысып, шешім қабылдады. Не туралы?
Қытайға және Қытай ар¬қылы Оңтүстік Шығыс Азия ел¬деріне 3 млн тонна астық шыға¬ру жөнінде. Оның қорытындысы туралы ауыл ¬шаруашылығы ми¬нистрі Ақылбек Күрішбаев: «Оң¬түстік Корея, Филиппин, Жапония ел¬дері біздің бидайға қы¬зығып отыр. Өйткені бізде са¬па¬лы. Бә¬се¬кеге қабілетті. Жаңа Қы¬тай жа¬ғы бұл мәселені қолдап, транзит жөнінде тиісті ведомстваға тапсырмалар берді», — деген болатын. Енді осы келісімнің аяғы не болды? Екі де бір болды. Келі¬сімнің құжат-қағаздары астық сатпақ түгілі, ошаққа тамыздық болуға татымай қалды. Күні кеше Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы төрағасының орынбасары Бейбітхан Қабдрах¬ма¬нов: «2009 жылдан бері біз асты¬ғымызды Қытай бағытында және Қытай аумағы ар¬қылы экспорт¬тауға тырыстық. Бүгінге ол әре¬кетімізден түк шық¬пады. Қытайлық тарап ас¬тық экспортына қа¬таң талап қойып отыр. Біз ас¬тықты қаптап, контейнерге салып, одан соң астықты тасымал¬даушыға тиеуі¬міз керек. Оның үстіне, біздегі доңғалақ жұптарының өлшем¬дері әртүрлі. Бір жағынан, Қы¬тай¬дың тамаша ас¬тық өндіруші екені де қиындық туғызуда», — деп қарап отыр.
Мұны қалай түсінуге болады? Бұл дегеніңіз — Қытай үшін екі¬жақты келісімнің құны көк тиын деген сөз. Әйтпесе бір жарым мил¬лиард халықты асырап отыр¬ған Қытайға 3 млн тонна бидай дегеніңіз не тұрады, тәйі¬рі. Өзі тұтынбағанның өзінде, өт¬кел қызметін атқарса, одан пайда таппаса, залал шекпес еді ғой.
Ал енді қараңызшы, мұнай мен газ кеніштерінің ең майлы бө¬ліктерін Қытайға ұстатып қой¬ған Қазақстан осындай талаптарды оларға неге қарсы қоя алмайды? Мәселен, кенді игер, бірақ жұмысшыларды тек Қа¬зақ¬¬станнан аласың, оларға бә¬лен ақ¬ша төлейсің, экология¬лық аху¬ал¬ға зиян келтірсең, келісім кү¬шін жояды деген тәріз¬ді. Бірақ біздің Үкімет өйтпейді. Ендеше, сыртқы саясат әлсіз демегенде, не дейміз. Ал Қытайдың астық саудасына қатысты бұлт¬ет¬пе мінезін түйсіну аса қиын емес тәрізді. Бұл, сірә, Қазақ¬станның Кеден¬дік одаққа кіріп, Ресейдің қол¬тығына бас сұққа¬нына Қы¬та鬬-дың қитыққаны болса керек.

Ресейге не деп ренжисің?
Күні кеше теледидардан бір көкеміз Кедендік одақтың елімізге әкелер пайдасы туралы бөсіп отыр. Оған салсақ, Кеден¬дік одақ өзгеден бұрын Қазақ¬станға көл-көсір табыс әкеледі екен. Демек, бірлесу — біздің би¬ліктің көреген саясатының же¬місі-міс. Қалайша дейсіз ғой, мысалы, Қытай мен Қырғыз¬стан¬¬ның тауарлары біздің елі¬міз¬бен салыстырғанда, анағұр¬лым арзан. Сондықтан олармен бірлес¬кен жағдайда Қазақстан ұтылар еді. Ал Ресей мен Беларусьта ба¬ға біздегіден әлде¬қай¬да қым¬бат. Сондықтан бұл жайт¬тың өзі кә¬сіп¬орындарымыздың жұмы¬сы¬¬на жан кіргізіп, өндіріс кө-лемін арттыратын көрінеді. Яғни сұраныс көбейеді де, тіршілік қыз-қыз қай¬найды. Ендеше, қай¬да сол қайнап жатқан кәсіп¬орындар? Жоқ.
Естеріңізде болса, өткен жылы жанармай бағасы шарық¬тап шыға келген. Бұған әркім әр¬түрлі долбар жасады. Ал «Қа第МұнайГаз» Ұлттық ком¬па-ния¬¬сы¬ның президенті Қайыргелді Қабылдин сонда қымбатшылықтың қайдан келіп жатқа¬нын түсіндіріп берген.
«Кедендік одақ құрыл¬ған¬нан кейін, баға теңесуге тиіс. Мүм¬кін, Ре¬сейде, жақында пре¬мь¬ер-ми¬нистр Владимир Путин айт¬пақ¬шы, жанар-жағармай бағасы төмендейтін шығар. Бәлкім, біз¬де сәл көтерілетін шығар. Әй¬теуір ерте ме, кеш пе, бәрібір бір бағаға тоқтайтынымыз анық», — деген еді ол.
Бірақ Ресейде бағаның «тоқтайтын» түрі жоқ. Қаңтардың өз¬ін¬де жанар-жағармай құны 2% қымбаттап, 23 рубль 36 копеекті құрады. Енді бізде де баға көтеріледі деген ақпар бар. Ал жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайтыны белгілі. Ал баға неге теңесуі керек? Өйткені Қа¬зақстанда баға арзан болса, алым-салықтан жұрдай Кеден¬дік одақтың кесірінен Ресейге тасымалдана бастайды. Енді осы түйт¬кіл тек жанармайға ғана қа¬тысты ма? Жоқ, азық-түлікке де қатысты.
Мәселен, өткен жылы Ба¬тыс Қазақстан облысы 25,6 млрд теңгенің азық-түлік өнім¬де¬рін өндіріпті. Бұл, 2009 жылмен салыстыр¬ғанда, өнімді¬лік дең¬гейі 14,4 % артқанын көрсетеді. Таратып айт¬сақ, күнбағыс майын өндіру — 9,2, сары май — 1,5, қал¬бырға са¬лынған ет — 1,6, шұжық — 1,5, ірім-шік пен сүзбе — 1,3, қал¬быр¬лан¬ған балық — 6,9, макарон өнімі — 15,5, сүт — 10,5, жаңа пісірілген нан — 10,8, ұн өндіру 5,9 пайыз көбейген.
•    Міне, сөйткен Орал өңірі де қымбатшылықтың құрсау¬ынан тыс қала алмады. Жуырда нан бағасы 55-60 теңгеге көтерілді. Картоп¬тың 130 теңгеден кемі жоқ. Неге бұлай? Өйткені Ресеймен шектесетін облыстар¬дың бәріндегі азық-түлік өнімдері шекара асып жатыр. Бірақ бұл туралы ешкім тіс жарып ештеме айтпайды. Тіпті азық-түлік бағасы неге аспандады деген сауалға жауап іздеген сарапшылар да бұл жайлы бірдеме деуден аулақ.
Ал Қазақстан Үкіметінің та¬ғам¬дардың бағасын тұрақтан¬дыру мақсатындағы іс-шара¬ла¬рынан да жүйелі жұмысты көре алмайсыз. Ауыл шаруашылығы министрлігінің алға қойған бас¬ты міндеті — 2015 жылға қарай Ресейге өткізетін 60 мың тонна ет¬тің шаруасын қаужау. «Міне, біз бүйтіп жатырмыз» дегендері де осы әңгіменің төңірегінен аспайды.
Шындығына келсек, Ресейге ет өткізгеннен гөрі, Ресей арқы¬лы астық тасымалдаған жөн еді. Бұрын ғой, екі басқа ел болдық. Ол тұста Ресей өз бидайы өтіп болғанша, Қара теңіз¬ден қазақ бидайына өткел бер¬мейтін. Енді одақтаспыз.
Оның үстіне, өткен жылы көрші¬міз құрғақшылыққа оңбай ұрынып, егістігінің жартысынан айырылып қалды. Олай бол¬са, қазақ би¬дай¬ының Қара теңіз арқылы зырқырайтын ке¬зеңі, міне, осы емес пе еді.
Өкі¬нішке қарай, одақтас бол¬ған соң, астық сатудан қи¬нал¬май¬мыз дей¬тін пікір әншейінгі көп есекдәменің бірі болып қалатын сыңайлы. Өткен жыл-дың соңын¬да Ресей «құра¬мынан кекіре арамшөбінің тұқы¬мы табылды» деген желеумен 19 вагон қазақ астығын кері қайтарып жіберді. Және мұны дүйім елге естіртіп тұрып айтты.
•    Сонда бұл не дегені? «Көр¬¬діңдер ме, қазақтардың астығы сапасыз» деген сөз — бұл. Одақтас, ниеттес ел осындай сөз айта ма? Бұл нені білдіреді? Ресейдің әлі де баяғы әлсізді тізеге салғысы кеп тұратын алкеуде мінезінен арылмағанын білдіреді. Соны көріп-біліп тұрып, Кедендік одаққа кіргеннен кейін, Ресейге ренжудің не жөні бар?

Ішкі саясат та іріп тұр

Жасыратыны жоқ, билік тарапынан қымбатшылыққа қар¬сы нақты бір шара қолға алынды. Жаңа жылдан бастап, үкімет зейнеткерлердің зейнет¬ақы мөлшеріне 30 пайыздық үстеме қосып қойды. 2011 жыл¬дың 1 шілдесінде бюджеттік са¬ла қызметкерлерінің жала¬қысы да 30 пайызға көбейеді деп күтілуде.
Бірақ осы көмек қымбат¬шылықтың қиындығынан халық¬ты құтқара ала ма? Құтқара алмайды! Ол үшін баға көтерілген сайын зейнетақы мен жалақы қоса көтерілуі керек. Оған үкі¬меттің дәрмені жетпейді. Ендеше, бұл шара да — «бүйтіп жатыр¬мыз» деуге ғана татитын тірлік.
Бір кездері «Азық-түлік бел¬деуі» дейтін бағдарлама түзі¬ліп, әкімдіктер бел шеше кіріскен. Мақсаты — өндіруші мен тұтыну¬шы¬ны тікелей кездестіріп, ортадан тиын тапқыш делдалдарды нарықтан ығыстырып тастау. Бағдарлама әлі де жалғасып жатыр. Нәтиже қандай? Жәрмең¬кеден бірер келілеп пияз бен картоп, ет пен май алып жатқан орыстың кәрі-құртаң кемпір-шалдарын ғана көресің. Нелік¬тен жәрмеңкені қаланың қалың жұрты басып қалмайды? Өйткені бағаның төмендігі шамалы ғана. Өзі өсірген дүниесін шаруалар да жолын тауып қымбат бағаға сатқысы келеді. Жәрмеңкедегі жайманың жұтаңдығы осыдан.
Және бағдарлама жөні түзу жүйеден де жұрдай. Айталық, жәрмеңкедегі ет бағасы 800 теңгеден сатылуы керек деп қояйық. Тегін орында тұрғаннан кейін өндірушінің бұл бағаны көтеруге құқы жоқ. Мәселен, Алматыға келген шаруашылық өкілдері түгел облыс аймағынан жиылады.
•    Сонда қаланың іргесіндегі Талғар ауданының шаруасы мен сонау қияндағы Сар¬қанд ауданының шаруасы әкелген еттерін 800 тең¬геден, яғни бір бағада сатуға тиіс. Осы дұрыс па? Әрине, дұрыс емес. Бұл мәселе — аудандық ауыл ¬шаруашылығы басқармасы басшылары¬ның алдынан жиі шыға беретін түйткіл. Бірақ олар мұны ашып айтпайды, айтса, үкіметтің саясатына қарсы кеп қаламыз деп қорқады.
Есесіне алыс аудандардағы ауыл шаруашылығы басқарма¬лары «әке-көкелеп», шаруаларға жалынып жүргені. Ендеше, мұн¬дай жұмыстан жеміс күте аласыз ба?
Бізде азық-түліктің қорын түзетін жөні түзу жоба жоқ. Әр аймақтағы халықтың санына орай, жаз шығып, жаңа өнім ауыз¬ға тигенше, қанша көкөніс, қанша жеміс, қанша май, қанша ет керек дейтін есеп-қисап жүр¬гізілмейді. Сол көп керекті ай¬мақтың өзінде сақтайтын қой¬малар да салынбаған. Ең сора¬қысы, ұланғайыр жерге ие болып отырған Қазақстан билігі қазір 16 млн халықты асырай алмай, арқасына ертоқым батқан жауыр аттай қайқаңдап тұр.

 

Сансызбай НҰРБАБА,
«D»
«Общественная позиция»
(проект «DAT» № 04 (87) от 02 февраля  2011 г.

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы