Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ақтөбедегі құрылыс директорының орынбасарын атқан адам қолға түсті

Дата: 02 февраля 2011 в 17:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ақтөбедегі құрылыс директорының орынбасарын атқан адам қолға түсті

Ақтөбедегі құрылыс кәсіпорындары бірінің директорының орынбасарын атқан 20 жастағы жігіт қолға түсті.

Бұл туралы бүгін елордадағы баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов мәлім етті.

Ресми өкілдің айтуынша, Ақтөбенің полиция бөліміне басынан оқ тиген ер адамның денесі бар «Тойота Прадо» автомашинасы туралы хабарлама келіп түскен.

«Полиция қызметкерлері жәбірленушінің жеке басын анықтады. Ол Ақтөбедегі құрылыс кәсіпорындары бірінің директорының орынбасары болып шықты. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 20 жас аралығындағы екі жергілікті тұрғын ұсталды», — деді Қ.Жұманов.

Оның айтуына қарағанда, күдіктілер қаза тапқан азамат басқаратын кәсіпорынның қызметкерлері.

Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде

Олардың біреуі жәбірленушінің қарамағында жұмыс істеген және олардың арасында жиі жанжалдар туындап тұрған.

«Күдікті жәбірленушіні аңдып, шолақ қарудан атқан. Содан кейін қаруды лақтырып, жұмыс орнына қайтып келген. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», — деді ресми өкіл.

По сообщению сайта Nur.kz