Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Көлік ұрлап, оны елордаға әкеп сатпақ болғандардың жолы кесілді

Дата: 02 февраля 2011 в 17:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Көлік ұрлап, оны елордаға әкеп сатпақ болғандардың жолы кесілді

Көлік ұрлап, оны елордаға әкеп сатпақ болғандардың жолы кесілді.

Бұл туралы бүгін елордадағы баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов мәлім етті.

Қаңтар айының ортасында Петропавлда екі жолаушы такси жүргізушісін қорқытып, оның «ВМВ» маркалы автомашинасын иемденгенін атап өткен ресми өкілдің айтуынша, полиция қызметкерлері шұғыл арада «Тосқауыл» жоспарын іске қосқан.

«Нәтижесінде автомашинаны сол күні жол полициясы қызметкерлері «Петропавл-Астана» автожолында анықтап, Петропавлдағы лицейлердің бірінің бірінші курс оқушысы мен 22 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады», — деді ол.

Оның айтуынша, олардың ұрланған автомашинаны Астанада сатпақшы болғандары анықталған.

«Ұрланған автомашина иесіне қайтарылды. Қарақшылық шабуыл фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», — деді Қ.Жұманов.

Сондай-ақ Павлодар облыстық ІІД-нің жедел қызметкерлері өткен жылдың маусым айында аталған қаланың тұрғынына қарақшылық шабуыл жасап, «Газель» автомашинасын иемденгені үшін осы облыстың 36 жастағы тұрғынын қолға түсірген.

 

По сообщению сайта Nur.kz